Материалдар / «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аяасында « Көктем ханшайымы мен ханзадасы» атты жұптар сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аяасында « Көктем ханшайымы мен ханзадасы» атты жұптар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
« Көктем ханшайымы мен ханзадасы» атты жұптар сайысына сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
792
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


6 – 7 сынып « Көктем ханшайымы мен ханзадасы»



1- жүргізуші

Армысыздар замандас, оқушы –ұстаз!

Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас!

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық!

Біздерде ойын- сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күн бойғы шаршағанды.

   Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аяасында « Көктем ханшайымы мен ханзадасы» атты жұптар сайысына  қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратамыз,- дей отырып, ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз. ( жұптар шығады ортаға)

 ..........................

1-жүргізуші:

Сайысымыз басталмас бұрын « Әділқазы береді,

Өздеріңе сыйлықты

Өз көзімен көреді,

Кім өнерші, кім мықты?- деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

 

............



1-жүргізуші:1. «Кел, танысайық!» (жұптардың таныстыруы)

2-жүргізуші: 2. «Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы)

1-жүргізуші: 3. «Ата –дәстүр – асыл қазынам» (салт-дәстүрлерден сұрақтар)

2-жүргізуші: 4. «Түсін мені» (ыммен түсіндіру)

1-жүргізуші: 5. «Жарнама» (көрмей тұрып жарнама жасау)

2-жүргізуші: 6. «Көңілді аспазшы» (қыздар салатты жасау, ұлдар түсіндіру)

: .................................





2-жүргізуші:

Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды- демекші кештің ашылу құрметіне әуелеген ән жолданады.

Ән:

Орындайтын: 5 сынып оқушысы Нурланқыз Жансая " "

1-жүргізуші:

Деген екен қазақ халқы «Сәлем –сөздің анасы»,

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген  баласы.

Амандасу- ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың?

Ары қарай әр жұп өзің жалғайсың.

 

2 – жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз(Әр жұп өздерін таныстырды)

1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -


2-жүргізуші: әділқазылардан бағасын сұраймыз

1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -

1-жүргізуші:

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, биді билеп, жасап жатсаң текемет.

Өнеріңді көрсетіңдер, ортаға сап, ал жұптар

Тамашалап, қолпаштасақ, көрермендер керемет, деп «Өнерлі өрге жүзер» кезеңін бастаймыз. Әр топ рет-ретімен өз өнерлерін көрсетеді.

 1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -

Құрметті қазылар алқасы 2 кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер

1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -

1-жүргізуші:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Түрлі сауал жұптарға біз берейік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік- деп келесі кезең «Ата –дәстүр асыл қазынам», яғни салт-дәстүр бойынша сұрақтар қойылады.

  • Сабантой қандай мереке?
    (Сабантой ала жаздай еңбектенген бағбандар мен дихандардың құрметіне арналған күз мейрамы)
    2) Наурыз көже жайлы айтып берсеңіздер
    (келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақта жасалады. Және оған 7 түрлі тағам қосылады.)
    3) Үш арсызды ата?
    (Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)

4) Жеті жұтты ата?
(Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба, топан су, жер сілкіну, соғыс.)
5) Жарапазан қай кезде айтылады?
(ораза кезінде айтылады)

6)Ақ сүйек ойыны туралы не білеміз?

7) бастаңғы деген не?

8)

 1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -

Құрметті қазылар алқасы 3 кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер

1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -  






1-жүргізуші: Жарайсыңдар, қыздар. Бәріміз тамаша бимен бір жадырап қалған шығармыз, олай болса осындай көтеріңкі көңілмен келесі кезеңімізді бастасақ: «Түсін мені» кезеңі, жұптағы әр оқушы тақтадағы суретті ыммен түсіндереді де, екіншісі оның не екенін табуы қажет.

  1. Кенгуру

  2. Тышқан

  3. Бантик

  4. Қасқыр

  5. Аю

  6. Глобус

  7. Гул

  8. Қоян

 1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -

Құрметті қазылар алқасы 4 кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер

1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -  

2-жүргізуші: ой жарайсыңдар, қандай керемет. Енді осы кезең бойынша әділқзылардан ұпайларын сұрайық. Белсенді, жақсы ыммен түсіндіре біліп, жақсы таба білген топқа ен жоғары ұпай қойылады.

1-жүргізуші:

Шыр айналған дүние затқа толы,

Сол заттардың бағасыда сан қилы.

Ал оларды жарнамалап байқасақ,

Аңғармайсыз сол заттардың әр құнын,-дей келе келесі кезең жарнама кезеңі. Бұл кезеңде жұптар заттың аауын көрмей-ақ бірлесе жарнама жасайды. Қай топтың жарнамалауы басым болып, көңіліңізден шығып, сол затты алғыңыз келетіндей әсер қалса. Ол жұп белсенді жұп болады. Олай болса, жұптардың шеберлігін тамашалайық.

  1. Галош

  2. Горшок

  3. Кітап

  4. Қой

  5. Шұжық (колбаса)

  6. Тіс щеткасы

 1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -

Құрметті қазылар алқасы 5 кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер

1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -  

2-жүргізуші:

Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» – деп кезекті сыныбымыздың әншісене береміз

Ән: «»

Орындайтын: Айбек
1-жүргізуші:

Рахмет, қошеметтейік. Міне, бізге көңіл күй сыйлап, шабытқа бөледі, әрі қарай келесі кезеңіміз «Көңілді аспазшылар». Жұптағы кыздар салат жасап әкелген, енді сол салатты ұл балдар түсіндірулері керек. Түсіндерген соң қыздар дұрыс – бұрыстығын айтып шығады.

 1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -

Құрметті қазылар алқасы 6 кезеңнің ұпай сандарын берсеңіздер

1 жұптарымыз -

2 жұптарымыз -

3 жұптармыз -  

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір- күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

    Әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.

 

2-жүргізуші:

«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменім көбейсін күннен –күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

Осымен кешіміз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше аман-сау болайық!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!