Материалдар / Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру аясында «Оқушылардың география сабағындақызығушылығын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру аясында «Оқушылардың география сабағындақызығушылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру аясында «Оқушылардың география сабағындақызығушылығын арттыруХХІ- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі заманға сай зерделі шығармашыл, қабілетті де білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш жеке тұлға бейнесін қалыптастыру маңызды. География ғылымының өте қызықты да күрделі, осы пәнге қызықтыру үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта тиімді қолдануды талап етеді.Елбасының ұрпақ болашағы үшін айтқан ой – түйіні ғасыр мектебіне жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясын игеру міндетін жүктеп отыр. Білім заңының 8 – бабы мектепке «Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу қажеттігін жүктейді».Осыған орай жаңа ғасырда мектептегі география сабағына мынадай талаптар, мақсаттар жүктейді.Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құру және еліміздің әрбір азаматына ұлттық бірегейліктің осы негізі бойынша сапалы білім дарыту,және Елбасының мақаласы бойынша Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуіне сүйене отырып, ішкі және сыртықы мәдени туризмді дамыту. Сабақта дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы белсенділігін артырады. Физикалық және материктердің физикалық географиясы бойынша ойын – сабақ, викториналық – сабақ, сабақ – конкурс, топтық сайыс сабақ, географиялық саяхат сабақ, білім тексеру сабағы, 8, 9, 10 – сыныптарда Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы шет елдер географиясын өткен кезде интеграциялық сабақ, блок сабақ, сабақ – конфиренция – реферат немесе – оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын қорғау сияқты сабақ түрлерімен толықтырылады.Дайындық барысында мен әрдайым оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі – оқушының өз бетінше ізденуін, көзден тыс қалдырмаймын, үнемі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмасын деп, қосымша ақпарат іздеп ,зерттеп келуге арналған тапсырмаларды ұсынамын.Оқытуда түпкі мақсатқа жету үшін мен өзбетінше ізденуге аса көңіл бөлемін. Неміс педагогі Адльф Дистервег ХІХ ғасырдың өзінде – ақ «жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы» - деген болатын. Сондықтан шындықты өзім айтып хабарламай, жарияламай, күнделікті сабақта проблемалық ситуацияларды шешуге жіктеймін. Сонымен қатар бір сабақтан екінші сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын. Осындай жұмыс түрі оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады.Жалпы білім беретін мектептегі барлық оқушылар бірден өзіндік ізденіс жұмысымен айналыса алмайды. Бірақ осындай жұмыс түрлері ерекше шығармашылықпен айналысатын баланың өз бойына қызығушылықтары болуы шарт немесе пәнге деген қызығушылығы басым болады. Менің ойымша оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана ұштай алады. Шығармашылық арқылы баланың таным мотиві қалыптасады.Өйткені таным арқылы балаға оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі.География сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы. Сондықтан дақазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдарытүрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы орайда ұрпаққа қоғам талабына сайтәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновация -лық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерінмеңгеруі маңызды мәселелер дің бірі болып отыр. Мектепте оқу - тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудыңбірден - бір жолы - ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғниоқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, өз бетінше ізденуін арттыру. Әрбір мұғалімніңшығармашылық жұмысы белгілі бір мақсатты көздейтіні сөзсіз. Оқушылардың танымдық қызығушылығынарттырудағы негізгі мақсат - олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ал, бұл мақсатқа жету оқытудыңкөптеген міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, яғни: • жаңа материалды берік және түсініп оқуына; • білімінөз бетімен оқып толықтыруға; • жоғары оқу орындарына жақсы дайындалған талапкерлерді беруге; • солталапкердің таңдаған мамандығын шығармашылықпен игеруге. Мұғалімнің барлық қабілеті - оныңшығармашылық жұмысынан көрінеді. Бұл тұжырым - психологияның негізгі принциптерінің бірі.Оқушының білім алудағы жоғары белсенділігін қалыптастыру үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрысқолдану - оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың ең басты құралы болып табылады. Сондықтан даоқушының танымдық дамуын қамтама - сыз ету үшін, оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін жиі қолдану өтеқажет. Бірақ түрі әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда, оқушының бойында танымдық қабілеттің бар - жоғынескеру қажет. Күрделі танымдық тапсырмаларды тек ғана қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Танымқабілетінің дамуына сай емес, оқушының мүмкіндігінен жоғары тапсырмалар, оқушының өз қабілеті менкүшіне деген сенімін жояды. Олай болса, оқушының танымдық қабілетін дамыту – ұзақ үрдіс дегенқорытындыға келуге болады. Ол үшін мұғалімнің жұмыс жүйесі біртіндеп, жоспарлы және көздегенмақсатқа жетуге бағытталған болуы қажет.Қорыта келгенде: Қазыргі таңда оқушыларға сапалыберу менсаналы тәрбие беруде электронды оқу құралдары, қашықтықтан оқыту және дидактикалық тапсырмалар меноқыту секілді заман талабына сай әдіс тәсілдерді қолданып жүрмін. Бұлардың ұрпақ тәрбиесі мен білімберуде маңызының зор екенін қазіргі тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл тәжірибелердің негізі оқушы білімінсаралап, қабілетіне, бейімділігіне байланысты бағдарлы сыныптарды ұйымдастыруға негізделген және депәннің, ғылымның маңызды бағыттары бойынша өз білімдерін тереңдете түсуіне ықпал ететіні ақикат. Осыжағдайды ескере келе жаңа технологияның әдіс-тәсілдерінің маңызын түсіндіру мақсатындағы дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақтарды жиі өткіземін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын байқадым.Географияпәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән.Дегенмен әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. Ал әрбір сыныптағы әдіс пен тәсіл оқушылардың танымдық қызметінің белгілі бір деңгейіне есептелінеді.Сондықтанда да оқушылардың танымдық, қабілеттерін дамыту үшін сәйкес оқыту әдісін таңдай білу керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!