400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» «Латын графикасына көшу - ұлттық мүлде» 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын қарпіне көшу мәселесі Елбасымыздың мақаласына сәйкес "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" атымен жалғасын табады. Саналы ұрпақ тәрбиесінде көзі ашық қазақ халқының әліпбиі қашанда өз сатысын сақтайды. Мемлекеттік тіл деңгейі өріс алып, болашақ латын қарпінде қанаттанады. Барлық кітаптар мен дереккөздер латын графикасына аударылады. Міне, осы тұста да филология қызметіндегі біздер секілді білім мекемелерінің ұстаздары да қолға алатын мәселенің бастауы орын алса, болашаққа деген пайдамыздың зор екеніне күманым жоқ!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»

  «Латын графикасына көшу - ұлттық мүлде»

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Нурсейтова Маржан Жумагазовна

Таяу жылдардағы қойылатын жобалар:

1. Қазақ тілі сабақтарында латын әліпбиіне көшіру мәселесін баяндау.

2. Мәдениет және салт-дәстүрлерге ерекше атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру

3. «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын латын қарпімен теру

5. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына назар аудару және олар туралы латын қарпінде мәлімет жазу.

Сөз соңында айтарым: Латын қарпіне көшу мәселесі Елбасымыздың мақаласына сәйкес "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" атымен жалғасын табады. Саналы ұрпақ тәрбиесінде көзі ашық қазақ халқының әліпбиі қашанда өз сатысын сақтайды. Мемлекеттіки тіл деңгейі өріс алып, болашақ латын қарпінде қанаттанады. Барлық кітаптар мен дереккөздер латын графикасына аударылады. Міне, осы тұста да филология қызметіндегі біздер секілді білім мекемелерінің ұстаздары да қолға алатын мәселенің бастауы орын алса, болашаққа деген пайдамыздың зор екеніне күманым жоқ!


Сабақтың тақырыбы: Жаңа әліпби – рухани жаңғырудың саяси көзі

Сабақтың мақсаты: Жаңа әліпби – рухани жаңғырудың саяси көзі екенін сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. 
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – жаңа әліпби арқылы әлемге танылатынын әңгімелейді. Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар аясында өз әліпбиіміздің ақпарат көздерінде, әдеби мұраларда және мектеп оқулықтары мен газет-жорнал беттерінде тез оқып кететіндеріне сенімді. 
Мұғалімнің іс - әрекеті: «Достық шеңбері» әдісі арқылы бір - бірлеріне сәттілік тілейді. Оқушылар ән шумақтарын ұйқастыру арқылы 4 топқа бөлінеді 
Топтың ережесін еске түсіру 
Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сол үшін де латын қарпіне көшу ісі кішігірім жерден, яғни осы мектептен басталатынына сенімдіміз. Қазіргі таңның өзінде ғаламтор беттерінен латын қарпінің жазылуын және ұялы телефондардан көріп таныспыз. Бұл дегенің латын қарпіне көшу мәселесін жеделдете түседі демекпін. Сондықтан сабағымызды "Жаңа әліпби – рухани жаңғырудың саяси көзі" тақырыбында атауымның себебі болып отыр.

І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт - дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. 
1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.Демек, ғаламторды кезген әр оқушы тез дамиды. 
2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Кезінде араб графикасына көндіккен халық латын қарпін тез алып кетеді ...
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Сондықтан латын қарпіне көшу халқымыз үшін өте маңызды мәселе.Қалай сауатты көшеміз солай біздің тіліміз өрлей түседі.
4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.Табысты көздеген әр жас ұрпақ осы латын қарпінде сауатты дамыса ғана, ел болашағын гүлдендірмек.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Жаңғыра түсудің бір бөлігі - латын қарпіне көшу мәселесі. Ал жас ұрпақ мектеп қабырғасынан өз білімдерінің толыққандылығын көрсетуде латын қарпінде өздері туралы аты-жөндерін, отбасы туралы қысқаша мәлімет беруден бастап, түрлі сұрақтарға жауап береуімен дамиды.
6. Сананың ашықтығы латын қарпіне көшудің алғашқы қадамы мектеп қабырғасынан басталады, яғни мектеп қызметкерлерінің де осы үрдісте латын қарпін қолдану мақсатында пікір алыстым. Қорытындысында, 50 пайыз педагогтардың латын қарпіне көшу мәселесі қиын емес.

Оқушының іс - әрекеті: Бір - бірлеріне сәттілік тілейді.

1 - топ. "Қазақстан" туралы латын қарпімен бес сөйлем жазады

2 - топ. "Салт дәстүр" туралы латын қарпімен бес сөйлем жазады.

3 - топ. "Мәдени құндылықтар және өнер" туралы латын қарпімен бес сөйлем жазады.

4 - топ "Ұлттық ойындар мен тағамдар" туралы латын қарпімен бес сөйлем жазады.

Оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғайды.

Топтағы ең үздік «Латын қарпі» тақырыбында топ атауын және ұранын жазады. 


ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Латын қарпімен ғаламтор беттерінде хат алмасамыз, олармен Қазақстан туралы сыр шертеміз.

Тапсырма:

1 - "Қазақстан әншілері" тақырыбына сөздік латын қарпінде жазу

2 - "Қазақ халқының салт - дәстүрі" тақырыбына сөздік латын қарпінде жазу.

3 - "Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері" тақырыбына сөздік латын қарпінде жазу.

4 - "Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары" тақырыбына сөздік латын қарпінде жазу.

«Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі.

Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

Аяқталмаған сөйлем

«Латын қарпі -........»

«Латын қарпі - дәуір талабына сай жаңғыру»

«Латын қарпіне көшуде – ұлттық сана - сезімнің көкжиегін кеңейту»

Қорытынды




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі