Материалдар / "Болашаққа бір қадам" дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Болашаққа бір қадам" дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдауға дұрыс бағыт беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
314
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



:




 







Өтілген уақыты: 13.03.2020ж

Тақырыбы: Болашаққа бір қадам.

Сыныбы: 9-10 сыныптар

Мақсаты: 

1.Оқушыларға мамандықтың түрлері,олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың бойындағы мазасыздану,қобалжу,үрейді азайтып,сәттілікке бағыттау,ерік-жігерін, өз қабілетін дамыту.

3.Өздеріне деген сенімділігін арттыру және көңіл-күй қалыптастыру.

Сабақтың әдіс -тәсілі: әңгімелеу,сұрақ-жауап,топтық жұмыс,ойын -жаттығулар

Түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд

Тренинг ережелері:

Тапсырмадан ауытқымау

Басқаның ойын бөлмей тыңдай білу

Белсенділік

Тыныштық сақтау

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Сәлемдесу.

Шаттық шеңберін құру.

ІІ.Негізгі бөлім.

1.Кіріспе.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан /Абай Құнанбаев/

-Абай Құнанбаевтың өлеңі бізге қандай ой тастап тұр ?

-Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер ?

Мамандық таңдау өте жауапты іс.Өйткені таңдаған мамандығың ертең сенің өмірің,болашағың,қоғамның болашағы,еліміздің ертеңі.Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар? Мәліметтер бойынша 40 мыңға жуық түрі бар екен.

«Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту ,тамақ асыраудың жолы ғана емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»- деген Жүсіпбек Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.





2. Мен неге қол жеткізгім келеді?

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда

Үлкен бақыт қалу үшін ғаламда

Үлкен арман керек екен адамға /М.Шаханов/


* Мамандық дегеніміз не ?

* Қандай маман иесі боласыз?

* Болашақтан не күтесіз?

* Басты мақсатты таңдау қиын болды ма?

* Осы мақсатқа жететініңізге сенесіз бе?

* Ол үшін не істеу керек?

* Басқа сыныптастар ойларынан нені ұқтыңыз?

* Сізде еліктеушілік болды ма ?



3. «Коллаж» әдісі /топтық жұмыс/

4.Сұрақ-жауап :

* Балалар, сендер болашақ туралы көп ойлайсыңдар ма?
* Болашақ сендерге қандай болып көрінеді: жарқын ба, әлде бұлыңғыр ма ?

* Сендер болашақ туралы қорқынышпен ойлайсыңдар ма?
* Ал болашақты неше ай немесе неше жыл алдыға елестете аласыңдар?
* Сендер өткен шақ немесе болашақтың қайсысы жайлы көбірек ойланасыңдар?

* Болашағың өз қолыңда дегенге сенесің бе?

* Әлсіз адамдарды қорқыныш күйретеді,бұзады осы рас па?

* Ал күшті адамдар қорқыныштың өзін бұзады екен осы рас па ?


5.Сергіту сәті

Ойын-жаттығу «Жасырылған мамандықты тап !»


6 .«Өмір жолы»

Менің қолымда тұрған шүйде жіпті көріп тұрсыздар.Қазір осы жіпті бір-бірімізге жылы сөзбен,тілекпен береміз.Жіп барлық оқушыларды айналып шыққаннан кейін мынадай сұрақ қойылады:

Мына жіпті немен салыстыруға болады?

-Өмір

Ал осы жіптің басы мен аяғын тауып корейікті,ол не деп ойлайсыздар ?

-Өтіп жатқан өмір


Ал егер де осы жіпті бір-біріне шатастырып жіберсе не болады?

Сол үшін естен шығармайық өз өміріміз өз қолымызда.Жақсы жолды да , жаман жолды да өзіміз таңдаймыз. Өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ылдиыда жетерлік. Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың басты парызы. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады, талпынады. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға» бар — ынта -жігерін салады. Біздер сондай жастың біріміз. Аңсаған арманымызға жетуіміз керек. Қатарымыздан қалмай, өмір шыңына көтерілу біздің басты мақсатымыз. Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда! Соны ұмытпауымыз керек…

Рефлексия

ІІІ.Корытынды.

Түйінді ой:

Мамандық таңдаудың  6 қадамы:

  • Еңбек етсем, ертеңгі — бақытыма сенемін.

  • Мақсатыма жеткізер — уақытыма сенемін.

  • Достық іспен қасты да — жеңеріме сенемін.

  • Ақыл, сана, білім мен өнеріме сенемін.

  • Арым — таза, ақ көңіл — адалдыққа сенемін.

  • Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!

Мектеп бітіруші түлектерді сурентке түсіру

Нұсқау:

Мектеп бітіруші түлектер суретке түсу керек. Екі орындық ғана бар.Суретке қалай түсеміз?

ІҮ.Марапаттау.












Қандай маман иесі боласыз?






Болашақтан не күтесіз?






Басты мақсатты таңдау қиын болды ма?







Осы мақсатқа жететініңізге сенесіз бе?





Ол үшін не істеу керек?






Басқа сыныптастар ойларынан нені ұқтыңыз?










Сізде еліктеушілік болды ма ?

Балалар, сендер болашақ туралы көп ойлайсыңдар ма?





Болашақ сендерге қандай болып көрінеді: жарқын ба, әлде бұлыңғыр ма ?







Сендер болашақ туралы қорқынышпен ойлайсыңдар ма?






Ал болашақты неше ай немесе неше жыл алдыға елестете аласыңдар?








Сендер өткен шақ немесе болашақтың қайсысы жайлы көбірек ойланасыңдар?





Болашағың өз қолыңда дегенге сенесің бе?





Әлсіз адамдарды қорқыныш күйретеді,бұзады осы рас па?









Ал күшті адамдар қорқыныштың өзін бұзады екен осы рас па ?











 



























































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!