400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашаққа жетелейтін мамандықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандық таңдау туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашаққа жетелейтін мамандықтар

Балғын балалық шақ,бала бақша, орта мектепті бітіруімен жас адамның өміріндегі қоғаммен анықталатын, бұлтарыстары жоқ кезең аяқталады. Жеке өзі ой елегінен өткізіп, шешім қабылдайтын кезең келеді. Бұл кезең- болашақ кәсіби мамандығым қандай болуы керек, оны таңдауға бойдағы табиғи қасиеттер, жинақтаған білім әлеуеті сәйкес келеді ме деген сұрақтарға жауап беруден басталады. Осы бір жауапты, болашақ өмірдің барлық саналы бөлігін арнайтын кәсіпті таңдайтын шақта құр эмоцияға беріліп,жастық албырттыққа бой алдырып, мамандықтар туралы үстірт мәліметтерге арқа сүйеп, қателік жібермеу керек. Мұндай кезде үлкендердің , бірінші кезекте ата- ананың, қалыптасқан мамандардың айтқан кеңестерін тыңдаған, шешім қабылдарда соларды ескерген дұрыс.Осы орайда, Жамбыл политехникалық колледжі « Есеп және аудит» мамандығы туралы айтқым келіп отыр.

Қазіргі кезде еңбек нарығында юристер мен экономистер өте көп екендігі туралы айтылып жатыр. Иә, юристер мен экономистерді мемлекеттік, мемлекеттік емес жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарының көпшілігі дайындайды. Бірақ басқа мамандықтарға қарағанда аталған мамандықты меңгерген жастардың өздерінің кәсіби мүмкіншіліктерін пайдалану ауқымы көбірек екендігін ұмытпау керек.Бухгалтердің міндеттері өзгеріске ұшырап, ол шешуі тиісті міндеттер аясы да кеңеюде. Бухгалтер шаруашылық іс-әрекеттерін бухгалтерлік есеп шоттарына тіркейтін техникалық санақшыдан ұйым экономикасын тиімді басқаруға ықпал ететін тиімді есеп саясатын дайындайтын және жүзеге асыратын шығармашылық тұлғаға айналды. Еңбек нарығындағы мамандардың қандай да бір артықшылығына қарамастан, осы саладағы білікті мамандарға әрқашан да, барлық жерде сұраныс бар, себебі бірде бір ұйым тиянақты жолға қойылған бухгалтерлік есепсіз қалыпты әрекет ете алмайды.

Колледжді аяқтаған түлектер қай жерде кім болып жұмыс атқарады деген сұрақ талапкерлерді де, олардың ата – аналарын да мазалайды.

Мамандығы:0518000«Есеп және аудит» 
Біліктілігі:  051803 3 «Экономист-бухгалтер»

Экономист-бухгалтер орта деңгейдегі маманының кәсіби қызметінің объектісі:

  • Қаржы-шаруашылық қызметтің есебін жүргізу, сонымен қатар, осы әр түрлі ұйымдық-құқықтық меншік түрлеріндегі ұйымдардың қызметі жағдайымен нәтижелерін бақылау және талдау болып табылады;

Экономист-бухгалтердің кәсіптік қызмет түрлері:

  • ұйымның бухгалтерлік есебін, шаруашылық қызметі жағдайы мен нәтижесіне  бақылау жасау және талдауын іске асыру;

  • негізгі құралдарды, тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу және олардың қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларының көрінісін уақтылы іске асыру;

  • өндіріс шығындары мен айналымдарына есеп жүргізу, шығындар сметасын орындау, өнімдерді тарату (жұмыс жасау және қызмет көрсету), қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу;

  • дайын өнімдердің өзіндік құнының  калькуляциясына есеп жасау;

  • ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімде жасау.

Қазіргі кезде студенттерді оқыту жаңа оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі. Олардың ерекшелігі- студенттерді болашақ мамандығына бейімдеу мақсатында оқылатын әр пәннің кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз етуге бағытталғандығында. Теориялық, фундаменталды білім беру тәжірибелік дайындықтармен ұштасып отырады. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша студенттер теориялық және тәжірибелік сабақтарда Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына(МСФО) сәйкес бухгалтерлік есепті, «1С Бухгалтерия 8.8» бағдарламасымен жұмыс істеуді игереді,ұйымның қаржы жағдайын талдау әдістерін оқып үйренеді, аудитордың жұмыс дағдыларын меңгереді.Бұл дағдылар түлектерге олардың кәсіптік қызметіне қажет.Мамандықтың оқу жоспарына сәйкес студенттер өндірістік тәжірибелерін мемлекеттік мекемелерде,кәсіпорындарда, қызмет көрсету ұйымдарында, банктерде өтеді. Тәжірибе өту кезінде студент оқу процесі кезінде алған білімін өндірістегі нақты міндеттерді орындау үшін қалай пайдалану керек екенін меңгереді.Студент өзінің кәсіби дайындығын көрсете білген жағдайда ғана тәжірибе өткен мекемеде жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады. Атап айтқанда, 2015-2016 оқу жылыныңаталған мамандықтың бітіруші түлектері: Әділхан Шынар Жамбыл облыстық тері- венерологиялық диспансерінде экономист, Ишанқұлова Хакима « Ultimate Conculting Company» ЖШС-де бухгалтер қызметін атқаруда.

Адам алға қадам басқан сайын біздің қоғам да өзгеріп отырады. Кеше күнді бүгінгімен салыстыра да алмайсың. Қазір барлығы басқаша, уақыт ілгері жылжуда.Заман  ағымына сай  көптеген жаңа мамандықтар пайда болуда. Жаңа мамандықтар ашу немесе мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын анықтау мақсатында еңбек ресурстары нарығын зерттеу қажет.

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының классификаторына сәйкес 0500000 « Қызмет көрсету, экономика және басқару» бейіні бойынша 0514000 «Бағалау», 0511000 « Туризм (салалар бойынша» мамандықтары ашылды.

«Бағалау» мамандығы бойынша кәсіптік- қызмет нысаны: жылжымайтын мүлік, жер, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары; интеллектуалды меншік және материалдық емес активтер.

Бағалаушы – техник орта буын маманның кәсіби қызметінің түрлері:

  • мүлікті бағалау мен сараптау үшін қажетті ақпараттарды өз бетімен жинап өңдейді;

  • нысанның нарықтық, инвестициялық жою құнын анықтайды;

  • салық салу; қамсыздандыру;сату; жекешелендіру сенімді басқаруға немесе жалға беру; ипотекалық несие алу мүлікті меншік иесінен мемлекеттік қажеттілік үшін алу және сатып алу ; мүліктің бағасын анықтау

Бұл мамандықтағы  ұйымдастырылатын жұмыс аясы Қазақстан Республикасының  «Бағалау қызметі туралы» Заңы   шеңберінде жүзеге асады.

Туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Қазіргі заманның жетекші мамандығы қатарына кіретін туризм мамандығының еліміз үшін алатын орны ерекше. Туризм дегеніміз не? Туризм дегеніміз – адамның арнайы бір уақыт аралығында жан сергітіп демалыс қабылдауы. Демалыс кезінде демалушы түрлі елдерге саяхаттай отырып, танымдық қабілетін арттыра, мәдениет пен өнер қызығына батады. Туризм тек шетелдерде ғана жүзеге аспайды, сонымен қоса елдегі табиғаты керемет немесе демалыс орындарында болады. Ал туризм маманы болса, осы кісілердің ойдағыдай демалуын қарастырып, уақытын барынша қызықты өткізуіне қолайлы жағдай тудырады. Бұл мамандық саяхат, шетелге шығу, мәдениетпен танысу секілді ықпалдармен жұмыс жасайды. Туризм мамандығы бір сөзбен айтқанда бизнеспен айналысудың бір түрі. Мамандықтыңжаманыжоқ, бірақ, мұныңкезкелгенінеикемділікқажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.


Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Сәулет және бағалау бөлімінің

меңгерушісі Г.Ж.Унетаева

 

 

 

 

 

 

       

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі