400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашаққа көзқарасымыз қалай?

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған мақала. Бұл мақала барысында балалардың болашаққа деген көзқарасын біле аламыз. Өзіміздің де балаларға деген көзқарасымызды аңғара аламыз
Материалдың қысқаша нұсқасы


Болашаққа көзқарасымыз қандай?


Тәуелсіздігіміз баға жетпес құндылығымыз. Оны әр адам өздігінше түсінеді. Бірақ бәрінің арғы ойы бірдей. Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толыпты. Тарихтан ақ белгілі, қаншама қиыншылық көрген батырларымыз 1991 жылы қазақ еліне тәуелсіздікті алып берді. Бұл ұлы жеңіс. Онымен әрқайсымыз мақтанамыз,марқаямыз.

Енді осы тәуелсіз елде тұрып жатқаннан кейін, біздің болашаққа көзқарасымыз қандай? Болашақты қалай елестете аламыз?

Менің ойымша, болашаққа әр адам, түрлі көзқараспен қарайды. Тіпті, кейде өз-өзімізге-«Болашақ қандай болады екен?» деп сұрақ қойып жатамыз. Болашаққа біреулер тосын, сыры мол көзқараспен қараса, енді бірі зерделі, жас көзбен қарайды. Біреулері болашақта адам емес, робот жұмыс жасайды деп те айтып жататыны бар. Дегенмен бұл бәрімізге тосын жағдай. Ел дамып келеді, мүмкін қазір "мүмкін емес" дегеніміз мүмкін болып жатар. Әрине, осының бәрі уақыттың елшісінде. Дегенмен,Менің көзіммен қарағанда өсіп келе жатқан,біз, жалындаған жас ұрпақ үшін болашақ жарқын болса керек. Қазірдің өзінде жастарды дамыту, қолдау шаралары өте көптеп қолданылып келеді. Елбасымыздың «болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында халықтың алдағы өркендеуіне, қадамын нық басып, болашаққа ерекше сеніммен қарауына негіз болатын ежелден ескірмей келе жатқан, қазақтың қасиетті салт дәстүрлері екенін атап айтқан.

Бір жағынан алып қарасақ, шынымен де салт-дәстүрін білген жастар болашаққа анық қадам жасай алады. Себебі, сол кезде жасалған дұрыс бағытты қолданып, қате жолды қарастырып алады. Сосын бағдары айқындалады. Менің ойымша, бірінші дамуымыз осыда. Өткенді білмей, болашақты болжай алмаймыз.

Тағы қосар болсам, болашаққа нақты әрі, сенімді қадам жасау үшін ана тілімізді құрметтей алуымыз міндет. Өз тілін білмеген, құрметтемеген ел жойылып кетері мүмкін. Себебі ұлттың діңгегі, негізі тіл болып табылады. Тек соларды білу арқылы біз болашаққа қадамды қателеспей баса аламыз. Рухани жаңғыру үшін бірінші ұлттық мұраларымызды жаңғыруымыз қажет. Біз рухани түрде жаңғыра алсақ, болашаққа дұрыс қадам, дұрыс бағдар жасай алатынымыз сөзсіз.

Қорыта келсем, біз салт-дәстүрлерімізді қолдану арқылы, тарихымыздың қасиетін білу арқылы, ұлттық жаңғыру арқылы болашаққа қарай бет бұрып, көптеген жаңа мүмкіндіктері біліп, қолдана аламыз. Осыдан ақ елімізде көптеген мүмкіндіктер шығатыны айдан анық. Осылай дамысақ, әлем деңгейіне жететініміз белгілі. Міне, менің болашаққа деген көзқарасым осындай.



11 «Ә» сынып оқушысы

Төлеуханқызы Бұлбұл

Ақмола облысы Есіл ауданы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.01.2022
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі