Материалдар / Болашаққа нық қадам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Болашаққа нық қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге көмек көрсету және ортада жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Болашақ өмірге деген көзқарасына үлес қосу. Өзіне деген сенімділігін арттыру. Жас болашақ мамандарға кеңес беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
677
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі



«Бекітемін» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының м.а.

_____________Жакашева Г.С.

«___» ______________ 2018 ж.




Тренинг «Болашаққа нық қадам»

Тренинг «С уверенностью в будущее»

Training «Confidence with a future»


Педагог – психолог: Заманбеков Қ.Ж.



ӘБК отырысында қарастырылды:

Хаттама №___________________

Цикл төрайымы:________________








Семей қаласы, 2018 жыл

«Медицина кәсібіне деген сүйіспеншілік – азаматқа деген сүйіспеншілік!»

Тренинг «Болашаққа нық қадам»

Мақсаты: Студенттерге көмек көрсету және ортада жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Болашақ өмірге деген көзқарасына үлес қосу. Өзіне деген сенімділігін арттыру. Жас болашақ мамандарға кеңес беру.

Міндеті: Өзін – өзі тәрбиелеуіне жол ашу. Танымдық белсенділігін арттыру. Ой – өрісін кеңейту.

Көрнекілігі: суреттер, жұмыс парағы, хатқалта, слайд, мультимедия, ватман, түрлі – түсті карандаш, түрлі – түсті қағаздар.


Құрметті Студенттер!

Қайырлы күн, құрметті ұстазтар, студенттер, қадірлі қонақтар! Сіздер «Медицина кәсібіне деген сүйіспеншілік – азаматқа деген сүйіспеншілік!» атты арнайы пәндер бірлестігі апталығының ашылуына байланысты «Болашаққа нық қадам» атты сыныптан тыс тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!


Сабақты бастамас бұрын тренинг ережелерімен танысайық.

1.Бір – бірімізді тыңдаймыз және естиміз.

2.Әркімнің өз ойын айтуына мүмкіндік бар.

3.Барлық пікірлер мен ұсыныстар ескеріледі.

4.Жылышырайлық пен құрмет ахуалын қолдаймыз.

5.Талқылау таңдалған тақырыптан ауытқымайды.

- Осы ережелермен келісесіңдер ме?
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Біз тренингімізді мына аңыз – әңгімемен бастағым келіп тұр.

1. «Көбелек» аңыз әңгімесі

Бірде пілләде кішкене ғана саңылау пайда болды. Кездейсоқ өтіп бара жатқан бір адам сол саңылаудан көбелектің шығуға тырмысқанын қарап ұзақ бақылап тұрады. Көп уақыт өтті, көбелек тырбынуынқойды, ал саңылау сол баяғыдай кіп-кішкентай. Көбелек қолынан келгеннің бәрін қолданып көріп, басқасына шамасы жетпейтіндей көрінді.

Сол кезде адам көбелекке көмектеспекші болып, бәкісін алып, пілләні кесіп жібереді. Көбелек сол сәтте ұшып кетті. Бірақ оның денесі әлі әлсіз еді, қанаттары қатпаған және әрең қимылдайды. Көбелек қазір қанаттарын жайып ұшып кетер деп адам біраз бақылап тұрады. Бірақ ондай ештеңе болмайды.

Өмірінің соңғы сәттерінде көбелек әлсіз денесін, жайылмаған қанаттарын жерде сүйретіп өткізді. Ол сол күйі ұшып кете алмады.

Кейде бізге өмірге күш салу керек болады. Егерде біз қиындықтарға кездеспей өмір сүреміз тиіс болсақ, өміріміз толыққанды болмас еді. Қазіргідей мықты болмас едік. Ешқашанда ұша алмас едік.

Мен күш сұрадым.... Ал өмір маған мені күшті ету үніш қиындықтар сыйлады.

Мен даналық сұрадым..... Ал өмір маған шешуге тиісті мәселерелі берді.

Мен байлық сұрадым.... Ал өмір маған жұмыс істей алсын деп ми мен бұлшықеттер берді.

Мен ұшуға мүмкіндік сұрадым.. Ал өмір маған жеңіс деп кедергілер берді.

Мен махаббат сұрадым... Ал өмір маған мәселелерін шешін деп адамдарды берді.

Мен жақсылықтар сұрадым... Ал өмір маған мүмкіндіктер берді.

Мен сұрағанымның ешқайсысын алмадым. Бірақ мен маған қажеттінің бәрін алдым. Үлкен рахмет, өмірде жетістікке жетулеріңді тілеймін! Әрине, біздің болашағымыз сіздерсіздер. Біз болашағымызға сенімдіміз. Сол сенімді әрқашан ақтай біліңдер.


2.     «Менің есімім» атты жаттығу.

Мақсаты: Студенттердің өздерін қаншалықты бағалай алатындарын анықтау.
Танысу үшін өткізілетін жаттығу. Студенттер кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады.

Мысалы: Сандуғаш, сникерс. Әсел әлем, т.б.


3. «Мимикалық жағдай» жаттығуы.

Мақсаты: өзіндік баға және топтық талдау дағдысын дамыту.

Қатысушылар үш топқа бөлінеді де топ басшылары ортаға шығып карточкаларды таңдайды. «Сенімділік», «Бұзықтық», «Қызығушылық» тақырыбында беріледі. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа мимика арқылы, панто – мимикалық жағдай құрастырып шығулары керек, ал қалған екі топ қандай жағдай екенін анықтауы керек.

4. «Біз өзімізге сенімдіміз!» .

Мақсаты: өзара түсінік және топ мүшелерінің креативтілігін дамыту.

Нұсқау: Үш топқа бөлінген студенттер «Біз өзімізге сенімдіміз!» атты тақырыпта қалай сенімді болуы керек екндігі жайлы бейнелеп көрсетулері керек және осы бейнеленген суретті  қорғап шығулары керек. Жұмыс істеу барысында топтағы белсенділігі төмен студент анықтап жасыл түсті дөңгелекті орындық артына білдіртпей жабсырып, сурет салынып аяқталғаннан кейін жасыл түсті дөңгелек кімнің орындығында болса сол өз орнында қалады және басқа топ мүшелері басқа топтармен ауысады. Орнында қалған топ мүшесі салынған суретті қорғап шығуы керек.

5. Болашаққа сеніммен жету үшін барлығымыз алдымызға мақсат қоямыз сол мақсатымызға жету үшін «Мақсат Ағашы» ойыны арқылы барлығымыз өз мақсат ағаштарымызды салайық.

1.Оның түбі – мақсаттарың

2.Ал бұтақтары – осы мақсатқа жетудегі міндеттерің. Бастайық . Кім өзінің мақсат ағаш суретімен таныстырады?

Рахмет! Демек өз мақсатымызды және оған жетудегі мінедеттерімізді айқындап алдық.

Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест) Мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз. 

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңіздің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. 

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз. 

Демек, сендердің жеңіске жетіп, болашаққа деген сенімдеріңнің, өз мақсаттарыңның орындалатынына күмән келтіруге болмайды.



6. «Ақ тілек» жаттығуы.

Нұсқау: Барлығымыз қолымыздағы «Сенімділік жүрегіне» хат жазып тілектерімізді хатқалтамызға салып бір – бірімізге таратамыз.

7. Тренинг соңында әр оқушы тренинг жайлы өз ойларымен бөліседі

Қорытынды:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін! - деп біздің де студентерімізге артар сеніміміз мол. Сенім бар жерде үміт бар, үміт бар жерде өмір бар. Сондықтанда әрқашан сенімге лайықты болыңыздар дегім келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!