жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Болашақтағы сапалы білім-жаңартылған білім мазмұны
Болашақтағы сапалы білім-жаңартылған білім мазмұны
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Сатыбалдина Гулнур Маратовна
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын.
Қазақстан мектептерінде білім беру мен тәрбиені жаңаша жүргізуде төмендегідей жұмыстар жүргізілсе.
-
мектеп құрылымын мазмұныны сәйкес жаңарту;
-
оқытудың жаңа инновациялық технологияларын ендіру;
-
мектеп басқаруда, педагогикалық әдістемелік жұмыстарды ғылыми негізінде жүргізу;
-
оның сапалық деңгейін көтеру;
Білім
беру мазмұның жаңарту мен қатар, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдердің
әр-алуан құралдарын қолдану- бүгінгі күннің көкейтесті
мәселесе. мәселесі.
Жаңа білім беру жүйесі, жаңа талапқа сай педагогикалық
технологияларды оқу- тәрбие процесінде пайдалану арқылы
қалыптасады.ииииииииииииииииииииииииииииииииии
Қазақстан Респуликасы Білім Заңының баптарында: «Білім жүйесінің
басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау»- делінген.ппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп
Тұлғалар қызметін қалыптастырудың негізгі бағыты-педагогикалық
инновацияны дамыту. Білім берудің мақсаты –әр түрлі деңгейдегі
білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне
жету. Қазіргі таңда мұғалімдер жаңартылған білім
беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын
біліп түсінумен қатар, жаңартылған білім беру бағдарламасына
сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білуді
меңгеруде. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген
жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек
ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазіргі таңда
қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және
ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды
әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын
тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің
мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты
ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және
технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр.
Білім беру
бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар,
критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен
әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін
тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесін
дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы
бағалаудың негізгі функциялары: қалыптастыру – тәжірибе жүзінде
құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту, ынталандыру
–оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға
ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау; уәждеу – оқушылардың бойында
оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны
ояту.
Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
-
оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру;
-
оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсыну;
-
оқушыларды мақсатты түрде оқуға уәждеу;
-
оқушыларға олардың жұмысының сапасы туралы ақпарат ұсыну;
-
мұғалімдерге оқушылардың алға ілгерілеуі туралы ақпарат ұсыну;
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу
бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды
анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім
жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді
қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану,
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс
жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана
білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту
әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі,
бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді
қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра
тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз
жеткіздік.пппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп
Қазіргі таңда оқушылардың құзыреттілік
біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді
қолдана білу қабілеттерін дамыту мәселесінің маңыздылығы арта
түскені айқын. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену,
түлектеріміз әлемнің қалаған оқу орнына түсіп, өмірлік білімін
жалғастыру – білім беру процесінің негізі болып
табылады.
Мектеп оқушылары АКТ-ны жастайынан қолданады,
бірақ ақпаратты сыни қабылдауға үйрету өте маңызды. Заман талабына
сай оқушы бойында сындарлы ойлау және АКТ мүмкіндіктерін тиімді
пайдалану, әр түрлі зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін АКТ пәні
енгізіледі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап,
критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде
оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты
жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен
бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары
балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың
жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі
Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған
елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың
ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас
бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен
мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не
баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын
және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі)
аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және
баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық
бағалау барлық пәндер бойынша
қолданылады.ппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында
қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт
тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге
бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен»
орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл
бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік
мақсат та күрделене түседі.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім
жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге
қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады,
сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең,
саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен
туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан
бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы
көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да міне,
осында.
Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын,
мақсат-міндеттерін меңгерту. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы,
оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және
белсенді оқыту технологиялары да
қарастырылды.
Оқудан күтілетін
нәтижелер:
-
Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
-
Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
-
Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні,
баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп
қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол
үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына
құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың
бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін,
қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену
керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз
мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп
санайтын білімді
мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы
Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,
сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып,
оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп,
жақсы істі бастағалы отырмыз.
Жаңартылған
білім – болашақтың кепілі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген