«Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!» салтанатты жиын.
I-жүр: Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар!
II-жүр: «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен. Бірге: Құттықтаймыз!
Гимн ойнатылады
I-жүр: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 31 жыл толып отыр.«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
II-жүрЖелтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланыңЖелтоқсан – Қайрат, Ләззат, СабираҚұрбаны болған жаланыңАл қоғамның адамнан бар ма асылы,Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,Бұғаудағы боздақтары кете бардыБірі атылып, ал бірі дарға асылып... 1 минут үнсіздік.
I-жүр:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,Кеңейттім кең әлемге керегемді.Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттарТаныды тепе - тең деп тереземді.Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.Ән: «Қазақстан!» орындайтын: 11 - сынып оқушысы Азез Балнұр
II-жүрКең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан – елім менің Оқушылардың жыр шумақтарынан үзінді тыңдайық
I-жүр:Бақытым - Республикам Қазақстан,Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.Саған жетпес құшағы әлемнің де,Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Ризамын, ризамын биі»
I - жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағынаЖас өрендер желбіретіп нық ұстаҒасырларға жалғастырып елдіктіДақ түсірме ата баба рухынаҮлгі бізге аталардың ерлігіҰлағаты өнегесі еңбегіТәуелсіздік туын ұстап жоғарыБүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің26 жылдығына арналған « Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» атты мерекелік салтанатты жиын өз мәресіне де келіп жетті.II - жүргізуші:Қазақ елім!Туды жастық дәуірің.Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,Туған күнің құтты болсын, алыбым!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Тәуелсіздік- айналайын кұныңан,
Түсе көрме тұғырдан.
Отаныма мәңгілігің үшін де
Садағаң болсын шыбын жан.
Тәуелсіздік – пейіл сыйы қазақтын,
Арымыздан арылғаны азаптың,
Батыры көп, ақыны көп халқыңа
Алла жар боп, туа қалған ғажап күн
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін