«Болашақтың
иесіміз бәріміз».
Мақсаты:
-Отанды
сүюге , туған жеріне ,еліне деген
сүйіспеншілігін арттыруға , халқымыздың
салт- дәстүрін сақтап ,әрі қарай
жалғастыруға , болашақта Отанымыз
Қазақстанды өркендетуге білімді адам
керек екен.Оқушылардың әр сәтін бағалап,
мақсаттарына жетуге болашақты басшылыққа
алуға тәрбиелеу.
Мақсат
міндеттері әр баланың өз жүрегінде
жалпы адамзаттық рухани құндылықтар
бар екендігін көздерін жеткізіп , өмірде
осы құндылықтарды басшылыққа алуды
үйретуді көздейді. Сонымен қатар олар
жалпы адамзаттық құндылықтар қамтитын
рухани адамгершілік қасиеттердің
әлеуетін ашып, әр баланың ізгілік жолын
таңдауына ықпал ету керек.
«Жастар
болашаққа апаратын алтын көпір» -дейді
дана халқымыз .Әрбір өскелең ұрпақ жеке
қабілетіне және кәсіби біліміне сай
қоғамымызда өз орнын табуы қажет.Әрбір
қазақ жастары өздерін ұлт жандымын деп
ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын
жоғары қоюы керек.
Көрнекілігі:
Суреттер,шарлар.
Барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Интер
белсенді тақтадан оқушылардың бойында
патриоттық сезімді оятатын әртүрлі
слайдтар.
ІІІ.Негізгі
бөлім
Шаттық
шеңбері . Қане бәріміз бір-біріміздің
қолымыздан ұстап ,шеңберін құрайық.
Балалар
мына өлең жолдарын ,тыңдап менімен
бірге қайталаңдар:
Біз
балдырған тең басқан,
Дос
құшағы елге ашқан .
Тілегіміз
тыныштық,
Ашық
болсын кең аспан .
Мықты
болсын іргеміз ,
Бәріміз
де біргеміз.
Өмір
тағылымы
Аңыз
әңгіме
Үш
ағайынды жігіт Адам өмірінің өткені,
қазіргісі , болашағы маңызды ма?
Деген
сауалға дауласып қалады.
Біріншісі:
Өткен өмірім менің қазіргімнің бастауы
болды. Бұрын үйренгендерім қазіргі
өміріме азық болып отыр. Мақсаттарыма
жету үшін қажымай-талмай күресе білдім
дейді.
Сонда
екіншісі
Маған
бұрынғы үйренгенім, қазіргі білетінін
маңызды емес, болашағым маңызды.
Сондықтан да өз болашағыма қажетті
нәрселерге үйренем дейді.
Сонда
үшіншісі:Өткен қайтып келмейді , болашақ
жеткізбейді. Тек қазіргі өміріңде ғана
алдыңа ізгі мақсат қойып , өмірдің әр
сәтін осыған арнасаң ғана,өз өміріңді
өзгертуге болады.
Сіз
қайсысының пікірін қолдайсыз?неліктен?
*Өткенді
ризашылықпен есте сақтаймын.
*Болашаққа
үмітпен сенім артамын .
*Қазіргі
сүйіспеншілікпен өмір сүремін.Оқушыларға
осы түйіндемені балаларға қайталатады.
Өтке
өмір қайтіп келмес.
Болашағың
бұлыңғыр.
Өмір
деген ұзақ емес,
Бос
өтпесін абай бол.
Тәрбиеші:
«Болашақтың иесіміз» дегенді қалай
түсінесіңдер?(Оқушылардың ойы тыңдалады).
Болашақ
–ұлтын сүйетін , өз тарихын туған тілін
құрметтейтін ,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан
салт –дәстүрін дәріптейтін, ұлттық-
қадір қасиетімізді арттыруға үлес
қосатын саналы тұлға.
Отан-адамның
туып- өскен жері,туған туыстарымен
жақындарымен бірге тұратын атамекені.
Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне
дейін құс қанаты талатын ұлан ғайыр
кең өлке. Отанын шексіз сүйіп , оны
қасиетті туындай қастерлеу әрбір адамның
парызы.
Білімділерге
бес сауал:
*Ар
ұждан дегеніміз не?
*Адам
өмірінің мәні неде?
*Ең
жақсы адам кім?
*Адамның
адамгерщілігі уақыт ағымына қарай
өзгере ме?
*Адамның
адами қасиеті жаңара ма,әлде туа біте
ме?
*Жалғыз
адам не істей алады?
Бал
- балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық
бала армандауға жаралған.
Кел,
достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін
деп атамекен, қара орман.
Болашақтың
иесіміз бәріміз,
Туған жердің
түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік -
ұлан - байтақ елімде
Жарқын болсын
шырқап айтар әніміз.
Қорытынды:
Тәрбиеші сөзі:
Әрбір
адам туғаннан керемет сыйға бөленген,
ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз
білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп,
ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге
тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол
жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам ең
алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде
жақсы не бар, соны түсініп алуы керек.
Өзінің бар қабілеттерін жетілдірумен
қатар өзіндегі кемшіліктерді түзетуі
тиіс.
Адамгершілікті,
әдепті болыңдар!
Бұл
тәрбие сағаты өмірлік сабақ болсын!