Материалдар / Болашақтың кепілі- жаңашыл ұстаз

Болашақтың кепілі- жаңашыл ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ негізі ұстаздар қолында
Авторы:
26 Қазан 2024
71
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Болашақтың кепілі- жаңашыл ұстаз

Жаңашыл ұстаз - ол педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жасай алатын , педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер болу керек деп ойлаймын. Ұстаз - колледж жұмысы мен білім алушы жетістіктерін дамытатын негізгі тұлға болғандықтан , ұстаз заман талабына сай болуы керек. Бұл одан әрқашан білімдерін жетілдіруді, ізденуді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім сабақ бойы оқушыларды дұрыс басқарып, көшбасшылық жасай  алған жағдайда, жақсы нәтижеге қол жеткізгені деп түсінемін.  Сабақты  сәтті  ұйымдастырудағы  басты  мақсат –білім алушының сабаққа  деген   қызығушылығын  арттырып,бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беру.   Сабақты  тартымды  әрі  сәтті  өткізе  білу  мұғалімдер  қауымынан  көп  ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет  етеді. Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін колледждерінде барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс  жасайтын колледжде ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Информатика  кабинетінде интерактивті тақта орнатылған. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, білім алушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманында ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізуге болады.  ХХІ ғасыр – жаңашыл білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ тәрбиелеу біздің басты міндетіміз екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.


Кентау көпсалалы колледжі

Информатика пәнінің оқытушысы

Ботабекова А.Е.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ