400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлім : Су- тіршілік көзі. Қазақстандағы көлдер мен теңіздер . Сабақ: Қазақстандағы теңіздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспарының шаблоны

Бөлім : Су- тіршілік көзі.

Қазақстандағы көлдер мен теңіздер .

Сабақ: Қазақстандағы теңіздер


Мектеп:

Құрманғазы ауданы , Хиуаз ауылы ,

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі:Рысқалиева Ф.Т

Сынып: 6

Қатысқандар саны:


Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Ж 3. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру .

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қазақстандағы теңіздер туралы деректер жинақтап, графиктік мәтіндер құрастырады.






Оқушылардың басым бөлігі:

Қазақстандағы теңіздер туралы құрастырылған мәтіндерін өзіндік пікірімен дәлелдейді

Кейбір оқушылар:

Тақырыпқа сай қосымша ақпараттар жинақтап, өмірмен байланыстырады.


Бағалау критерийі

-Тақырыпқа байланысты деректер жинақтай алады.

-Мәліметтер негізінде графикалық мәтіндер құрастырады.

Тілдік мақсат




Оқушылар: бейнебаяннан тыңдағанын баяндай алады, мәтінді түсініп оқиды, сұраққа жауап береді, графикалық мәтін құрастыру арқылы оқылым, айтылым, тыңдалым,жазылым дағдысы іске асады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Каспий теңізі, қара теңізі, жер қыртысы ,порт, теңіз, жер шары, т.б

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар :

Қандай теңізді білесіңдер ?

Теңіз бен көлдің айырмашылығы қандай ?




Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсу

Пәнаралық байланыс

География, информатика ,

Алдыңғы оқу


«Санадағы кинофильм» әдісі арқылы жаңа сабаққа болжам жасату

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басталуы

5мин





























15 мин



















«Санадағы кинофильм » әдісі

Қалыптастыратын дағдылар :

1.Креативтілік;

2.Ойлау , шешім қабылдау ;

3.Проблеманы шешу;

Жалпы сипаттама

Шығармашылықты дамытатын бұл әдіс оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіруде пайдалы құрал болып табылады, сондай –ақ оларды белігілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа , пікіралмасуға тартуға септігін тигізеді.

Жұмыс алгоритмі

1.Оқушылар көздерін жұмады.

2.Мұғалім сыныпқа қысқа бейнебаян жіберіледі , содан кейін оқушылардың не істейтіндері түсіндіреді.

3.Оқушылардан мұғалім тыңдаған ақпаратты көз алдарына келтіру сұралады.

4. Мұғалім ақпаратты бейнебаянды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.

5. Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санадағы бейнебаянда » не болғандығы туралы әңгімелейді.

М\Б Смайлик арқылы

«Адасқан әріптер » әдісі арқылы топқа бөлу .

І топ ІІ топ ІІІ топ

Каспий Балқаш Талғар

Жаңа сабақ

1-тапсырма

Ұсынылған мәтінді түсініп оқиды, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл . Үлкендігіне қарап оны «теңіз »деп атайды. Оның «Гиркан»,»Хазар», «Хвалын» деген тарихи атаулары бар.

Каспий теңізі көне дәуірде жер қыртысының

көтерілуінен Қара теңізден бөлінген. Бұл теңіздің жалпы ауданы -376 мың шаршы км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км –ге созылып жатыр. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шаяды, олар : Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран Ислам Республикасы .

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құяды. Оның 80 %-ы Еділ өзенінің , 5 %-ы Жайықтың үлесіне тиеді.

Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теізіндегі Ақтау порты арқылы басқа елдермен сауда қарым –қатынасы жүзеге асады. Теңіз жағалауында Атырау, Форт –Шевченко, Ақтау, Құрық қалалары орналасқан.

1 – топ «Сүзгі » әдісі арқылы керекті мәліметтерді іріктейді, сызба картаға орналастырыңыз.


  1. Теңіз атауы (көне , жаңа)

  2. Орналасқан жері

  3. Ауданы, ұзындығы

  4. Жағалауындағы елдер

  5. Құятын өзендер

  6. Теңіз жағасындағы қалалар.

Дескриптор

-Мәтінннен негізгі ақпаратты табады.

-Сызба картасына орналастырады.

2- топ « Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы Мәтіндегі маңызды ақпаратты жазыңыз.







Дескриптор

-Мәтіннен маңызды ақпаратты табады

-Тұжырымдамалық картаға түсіреді.

3- топ . «Байланыс диаграммасы» әдісі арқылы мәтіндегі сандық ақпаратты кестеге салып көрсетіңіз.

Дескриптор

  • мәтіннен сандық ақпаратты анықтады

  • сандық ақпаратты кестеге түсіреді.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалау.

Смайлик арқылы бағалау (мұғалім)





Бейне жазба




















Смайликтер






Оқулық


















































15 минут

Тапсырма : Дәлелдеріңіздің нәтижесін диаграмма арқылы ұсыныңыз.

Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдігіндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, жалпы ауданы – 64,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы - 428 км, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді.

Жайық – Ресей Федерациясы  мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен.Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі.. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Суды жинау көлемі – 220 мың км2,

Балқаш — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.

Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.

Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле , шығыс бөлігіне Қаратал , Лепсі,, Ақсу өзендері құяды. 

Жасыл –ұзындығы

Сары – көлемі

Көк – ауданы

Дескриптор

- мәтіннен тақырыпқа қатысты сандық мәлімет жинақтайды.

-мәлімет негізінде диаграмма құрастырады.

- өмірмен байланыстырып , делелдейді.

Бағалау: «Басбармақ » әдісі

Смайлик арқылы бағалау (мұғалім)











Соңы

5 мин


Рефлексия пирамидасы

1.Сіз үйренген төрт нәрсе

2. Сіз бұған дейін білген үш нәрсе

3. Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе

4. Есте сақтау керек маңызды бір нәрсе




Үйге тапсырма: Қазақстандағы теңіздер туралы қосымша деректер жинау

Қосымша мәлімет :

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).

.



Оқыту процесі барысында интербелсенді тақтаны мақсатқа сай пайдаландым

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына сай қойылған. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы оқу мақсаттарына қол жеткізеді. Сабақта оқушыларға берілетін тапсырмалар оқушы деңгейі ескеріле отырып дайындалды. Сабақтың уақыт кезеңдері сақталып қысқа мерзім жасалды.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі