400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлім атауы: Тәрбиенің қайнар бұлағы Сабақ тақырыбы: "Атымтай Жомарт" Жомарттық пен сараңдық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңартылған білім бағдарламасы бойынша курстан өтпеген әріптестеріме пайдасы тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім атауы: Тәрбиенің қайнар бұлағы

Сабақ тақырыбы: "Атымтай Жомарт"

Жомарттық пен сараңдық

Мектеп: Әйтеке би ауданы Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебі


Күні: 05.05.2018 жыл


Мұғалімнің аты-жөні: Кистаубаева Алмагуль Колганатовна

Сынып: 5

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар:0

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

А/И1

5.2.1.1 Әдеби шығармалардағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Әдеби шығармадағы салыстыра суреттеулерді табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгімедегі қарама-қарсы суреттеулерді салыстырып ажыратады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әңгімедегі салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерді өмірмен байланыстырып, талдайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттейді. Қарама-қарсы суреттеулерді табады. Өзіндік талдау жасайды. Өмірмен байланыстырады. Ой қорытады.

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология: жомарт, көңілге жел кіру, ескі-құсқы, жарлы, әбірет, пұл, кем-кетік, тұтынсам.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Менің ойымша ..., сіздің ойыңызша..., сіздің пайымдауыңызша ... т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Әңгімедегі Атымтай жомарт айтқан төрт түрлі себептерден қандай ой түйдің?

- Қазіргі заманда Атымтай жомарт сияқты адамдар бар деп ойлайсыңдар ма, нақты дәлел келтіре аласың ба?

Бағалау критерийлері

  1. Салыстыра суреттеулерді табу.

  2. Қарама-қарсы суреттеулерді салыстырып ажырату.

  3. Өмірмен байланыстыра талдау.

Құндылыққа баулу

Еңбек пен шығармашылыққа баулу, оқушы бойына өмір бойы білім алуды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, тарих, ұлттық педагогика

Алдыңғы оқу

3 минут

Ы.Алтынсариннің "Атымтай жомарт" әңгімесі. Жомарт - қайырымдылық тамшысы тақырыбы бойынша "Серпілген сауал" әдісі арқылы алдыңғы білімге шолу жасау, пысықтау.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

7 минут

  1. Ой шақыру. "Ой қозғау" әдісі

- Атымтай қандай адам?

- Қолы ашық сөзінің синонимі қандай?

- Жомарт сөзінің антонимі қандай?

Жоғарыда көрсетілген сұрақтар негізінде сабақтың тақырыбын ашу.

  1. "Бойымдағы асыл қасиет" топқа бөлу әдісі (сандықшадан жүрек тәріздес қағаз қиындыларын алады) "Жомарт", "Мейірім", "Еңбек", "Қанағат" сөздері арқылы топқа бөлінеді.

Shape1 Shape2


Shape3 Shape4




Ортасы

20 минут

1-тапсырма ЖЖ. "Әңгімелесетін әріптестер" әдісі

Мәтіннен берілген үзіндіден салыстыра суреттеулерді тауып, жұбыңмен бірге талда.

Мәтіннен үзінді

"...әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын"

Дескриптор:

- мәтіннен берілген үзіндіні мұқият оқиды.

- мәтіннен салыстыра суреттеулерді табады.

- жұпта талдайды.

Кері байланыс: "Мадақтау сэндвичі" (жұптық бағалау)

2-тапсырма Ж. "Тұжырымдамалық карта" әдісі

Шығармадан қарама-қарсы суреттеулерді тауып, нақты мысал келтір. Олардың антонимін тауып, синонимдік қатарын құрып, кестені толтыр.

Мысалы:

Менің ойымша

Мәтіннен мысал

Антонимі

Синонимі

Жомарттық деп қолы ашық, береген адамға тән қасиетті айтады.


Сараңдық

Мырза, қолы ашық, мәрт














Дескриптор:

- шығармадағы қарама-қарсы суреттеулерді табады.

- мәтіннен нақты мысал келтіреді.

- синонимдік қатарын құрайды.

- антонимін табады.

- кестені толтырады.

Кері байланыс: "Стикерлер" арқылы бағалау (өзара бағалау)


3-тапсырма ТЖ. "Төрт сөйлем" әдісі

1. Пікір.

Әңгіме желісі бойынша жомарт адамға тән бес қасиетті мәтіннен мысалдар келтіріп талда, өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

2. Дәлел.

Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

3. Мысал.

Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бүгінгі күні Атымтай жомарт сияқты адамдар бар ма? Мысал келтір.

4. Қорытынды

Тақырып бойынша қорытынды шығар.

Дескриптор:

- дәлелі бар сөйлемдер жазады;

- пікірлерін өмірмен байланыстырады;

- ойларын жүйелі жеткізеді.

Кері байланыс: "Екі жұлдыз, бір тілек" (топтық бағалау)

Оқулық












































Соңы

10 минут

Бекіту. С. "Ашық микрофон" әдісі

- Қалай ойлайсыңдар, егер біз де қажетті дүниенің барлығы болса да, Атымтай жомарт сияқты күн сайын бір мезгіл үстімізге ескі-құсқы киім киіп, жұмыс жасағанымыз дұрыс па? Неліктен? Не себепті?

Рефлексия "Бес саусақ" әдісі

Бүгінгі сабақтан не алдыңыздар?

Бас бармақ - өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек - басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек - бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек - бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек - бүгін не үйрендім?



Қосымша ақпарат


Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жинақтау.


Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс - Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ - мен байланыс.

Құндылықтардмен байланыс (тәрбие элементі)

Сабақ барысында білім алушыларға пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында мадақтап, дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта жұмыс жасауда қолдау көрсетемін.

А деңгейлі қабілеті жоғары оқушыларға қосымша жанама тапсырмалар дайындаймын.

Жоспарланған саралау сабақ барысында оң нәтижесін береді.













Оқушының оқу жетістігін бағамдау үшін бағалау критерийін құрамын. Бағалау критерийіне сәйкес тиімді тапсырмаларды орындау үшін оқушыларға қадамдық алгоритм ретінде дескриптор құрастырамын.

Оқушылар дескрипторды негізге ала отырып, бір-бірін бағалайды. Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін әр түрлі әдіс-тәсілдермен бағалаймын. Мысалы:"Көшпелі бекет", "Бағдаршам".

Сабағымды өзін-өзі тану, тарих, ұлттық педагогика пәндерімен байланыстыра отырып, "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясының еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алуға негізделген құндылықтарына сүйене отырып құрдым.Сабағымда АКТ-ны тиімді пайдаландым.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Бүгінгі оқушылар не үйренді?


Сабақ қалай өтті, қандай

деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Сабақ мақсаты мен міндеттері орындалды, себебі: тапсырма орындауда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдандым.

Тапсырманы орындады, әдіс-тәсілдерді үйренді, дағдыны қалыптастырды.

Сабақ мақсаттары орындалып, оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарға өзгерту енгізбедім, себебі ауытқулар болған жоқ. Сабақ өз дәрежесінде өтті.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:"Тұжырымдамалық кесте" әдісін табысты болды деп есептеймін, себебі оқушылар жұмыс жасай отырып, шығармадағы қарама-қарсы суреттеулерді тауып, мәтіннен нақты мысал келтіре алды.

2: "Төрт сөйлем" әдісінде де өзіндік дәлел, пікір, мысал келтірді.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1: "Рөльдік ойын" әдісін қолданғанымда жақсы болар еді.

2: "РАФТ" әдісін қолдану сабақтың бекіту кезеңіне тиімді болар еді.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

Келесі сабақта қарама-қарсы суреттеулердің орынды қолдануына тағы бір мәрте көңіл бөлу қажет деп санаймын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі