жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бөлім бойынша бақылау жұмыстары
О-дік бақылау жұмысы
Тақырыбы: Органикалық химия курсы бойынша негізгі сұрақтарды
қайталау
Мақсаты : Оқушылардың органикалық қосылыстардың негізгі
кластары жөніндегі алған білімдерін қолдана білуін
қалыптастыру.
Білуге тиіс: Органикалық қосылыстардың құрылымдық
формуласын құра білу, формула бойынша заттардың
атын атау,заттың салыстырмалы тығыздығы және
жану өнімі бойынша молекулалық формуласын
табу,шығымның теориялық мүмкіндігі бойынша
массалық үлесін анықтау.
Орындай Органикалық қосылыстардың структуралық,электрон
алу керек: дық формулаларын,номенклатурасын,гомологтарын,
изомериясын,органикалық заттардың химиялық
қасиеттерін,қолданылуын,алынуын,органикалық заттар
дың негізгі кластары арасындағы генетикалық
байланысты орындай алуы керек
10 класс
І-нұсқа
1. Майларға тән реакция теңдеулерін жаз.Майлардың құрамы мен құрылысы.
2. Мына өзгерістерді жүзеге асыр:
C2H6→C2H5CI→C2H5OH→CH3 COH→CH3COOH→CH3COOC2H5
реакция теңдеуін жазып,олардың жүру жағдайын көрсетіп,заттарды ата.
3. Құрылымдық формулаларын жаз:
а) 2,3 диметил гексанол-4
б) 3 этил бутаналь
в) фенол
4. Егер глюкоза ашыған кезде массасы 460 гр. этил спирті түзілсе (қ.ж.)
қанша литр көмірқышқыл газы пайда болғанын есепте
ІІ-нұсқа
1. Күрделі эфирлердің химиялық қасиеттерін сипаттап,сәйкес реакция
теңдеулерін жаз.
2. Крахмалдан этил спиртін алуға болатын реакция теңдеулерін жаз:
(C6H10O5)n→C6H12O6→C2H5OH
3. Этил спирті,фенол,глицеринді анықтайтын сапалық реакцияларды көрсет.
4. Массасы 100 гр.сірке қышқылы массасы 69 гр. этил спиртімен әрекет-
тескенде түзілетін сірке этил эфирінің массасы қандай ?
Тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және атом
құрылысы
Мақсаты: Алған білімдерін жүйелеп қорытындылау,
өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру
Білуге тиіс: Периодтық заң және жүйе,элементтерге атом
құрылысы теориясынан сипаттама.
Орындай Элементтің периодтық жүйедегі орнын анықтай
алуы керек: білу,атом құрылысын,электрондық күйі,s,p,d,f
деңгейлерде орналасуы,протон,нейтрон санын
табу.Заттың формуласын,массасын,мөлшерін
есептей білу.
10 класс
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
І-тоқсан
І-нұсқа
1.Периодтарда ядро зарядтарының өсуіне байланысты химиялық элементтер
атомдарының радиусы қалай және неліктен өзгереді? Бұл осы элементтердің қасиеттері мен жай заттарының қасиеттерінен қалай көрінеді? Мысалдар
келтіріңдер.
2.№16 және №24 элементтер атомдарының құрылысы қандай ? Олар элементтердің периодтық жүйесінде қайда орналасқан және неліктен екенін
түсіндіріңдер.Олардың қасиеттерін салыстырыңдар.
3.Элемент атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің құрылыс формуласы
4s24p1; а) элементтің атын; б)ол элементтің қандай типіне (s,p,d,f) жататынын;
в) жоғары оксидінің және гидроксидінің формуласын,олардың химиялық сипатын;г) элемент қосылыстарына тән химиялық реакцияларын анықтаңдар.
4.0,01 моль натрий мен 0,2 г судан неше грамм натрий гидроксидін алуға болады ?
ІІ-нұсқа
1.Элементтің реттік нөмірі өсекн сайын негізгі топша элементтерінің
тотығу және тотықсыздану қасиеттері қалай өзгереді ? Жауаптарыңды
түсіндіріңдер.Мысалдар келтіріңдер.
2.№14 және №22 элементтер атомдарының құрылысы қандай ? Олар элементтердің периодтық жүйесінде қайда орналасқан және неліктен екенін
түсіндіріңдер.Олардың қасиеттерін салыстырыңдар.
3.Элемент атомының сыртқы энергетикалық деңгейінің құрылыс формуласы
4s24p4; а) элементтің атын; б)ол элементтің қандай типіне (s,p,d,f) жататынын;
в) жоғары оксидінің және гидроксидінің формуласын,олардың химиялық сипатын;г) элемент қосылыстарына тән химиялық реакцияларын анықтаңдар
4.Құрамында кальций карбонаты мен әртүрлі қоспалары бар 50 г әкті азот қышқылымен өңдеген.Реакция нәтижесінде 10 л (қ.ж.) газ алынады.Әктегі қоспалардың массалық үлесін есептеңдер.
Тақырыбы: Химиялық байланыс және зат құрылысы
Мақсаты: Осы тақырып бойынша алған білімдерін тексеру
Білуі тиіс: Химиялық байланыстың түрлерін,электрондық
формулаларын,тотығу дәрежелерін,кристалдық
торлардың түрлерін білуі тиіс
Орындай Химиялық байланыстардың түрлерін ажырата
алуы тиіс: білуі тиіс,электрондық формулаларды жаза
білуі тиіс,элементтердің тотығу дәрежелерін
анықтай алуы тиіс
І-нұсқа
Атом құрылысы тұрғысынан №25 элементтің валенттік мүмкіндіктерін
анықтаңдар.Оның жоғары және төменгі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстарына мысалдар келтіріңдер.
2.Иондық,коваленттік полюсті және коваленттік полюссіз байланыстары болатын күкірт қосылыстарының формулаларын жазыңдар.Оларда қандай кристалл торы болуы мүмкін?Бұл заттар қандай физикалық қасиеттер көрсетеді?
3.Химиялық элементтердің электртерістік кестесін қолдана отырып,3 период элементтерінің фосформен қосылыстарының формулаларын құрастырыңдар.Элементтердің тотығу жәрежесін көрсетіңдер.
4.ССІ4 молекуласының геометриялық түрі қандай?Осы молекулада байланыс түзілгенде электрондық орбитальдар бірін-бірі қалай бүркейтінін суреттеңдер.
5.1,2 г магний 10 г тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутек көлемін (қ.ж.) есептеңдер.
ІІ-нұсқа
1.Атом құрылысы тұрғысынан №35 элементтің валенттік мүмкіндіктерін
анықтаңдар.Оның жоғары және төменгі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстарына мысалдар келтіріңдер.
2.Иондық,коваленттік полюсті және коваленттік полюссіз байланыстары болатын азот қосылыстарының формулаларын жазыңдар.Оларда қандай кристалл торы болуы мүмкін? Бұл заттар қандай физикалық қасиеттер көрсетеді?
3.Химиялық элементтердің электртерістік кестесін қолдана отырып,2 период элементтерінің күкіртпен қосылыстарының формулаларын құрастырыңдар.Элементтердің тотығу жәрежесін көрсетіңдер.
4.РСІ3 молекуласының геометриялық түрі қандай?Осы молекулада
байланыс түзілгенде электрондық орбитальдар бірін-бірі қалай
бүркейтінін суреттеңдер
5.Алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде,реакция нәтижесінде 89,6 л
сутек (қ.ж.) бөлінген болса,қанша грамм алюминий хлориді түзіледі ?
Алюминий шығымы теориялық мүмкіндіктің 75%-ін құрайды.
Тақырыбы: Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары
Мақсаты: Тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін
тексеру
Білуге тиіс: Ле-Шателье принципінің орындалуы,химиялық тепе-
теңдіктің ығысуы,химиялық заңдылықтардың жүру
заңдылықтары
Орындай Қайтымды,қайтымсыз реакцияларды,Ле-Шателье
алуы тиіс: принципі химиялық реакцияның тепе-теңдік күйіне
әсер етуін
І-нұсқа
1.Химиялық реакциялардың сызбанұсқалары берілген:
а) AgNO3→ Ag + NO2 + O2 ∆H>O
ә) Zn + CuSO4→ Cu + ZnSO4 ∆H<O
Осы реакциялардың теңдеуін құрастырып,оларға толық сипаттама беріңдер
2.Химиялық реакция жылдамдығы тұрғысынан күкіртті ауада және оттекте
жағу тәжірибесінің нәтижесін түсіндіріңдер.
Ni,MgO
3.СH4 + H2O→ CO +3H2 ∆H>O
реакциясы үшін процесті жүргізудің тиімді жағдайын таңдаңдар.
4.Темірдің хлормен әрекеттесу реакциясының жылу эффектісі 794 кдж құрайды.Егер реакцияға 0,4 моль темір қатысса,қанша энергия бөлінеді?
ІІ- нұсқа
1.Химиялық реакциялардың сызбанұсқалары берілген:
а) H2 + CI2→2HCI ∆H<O
ә) Zn(OH)2 + H2SO4→ H2O+ ZnSO4 ∆H<O
Осы реакциялардың теңдеуін құрастырып,оларға толық сипаттама беріңдер
2.Химиялық реакция жылдамдығы тұрғысынан MnO2 қатысында сутек асқын оксидінің ыдырауы тәжірибесінің нәтижесін түсіндіріңдер.
Ni,MgO
3.3NO2 + H2O→ NO +2HNO3 ∆H<O
реакциясы үшін процесті жүргізудің тиімді жағдайын таңдаңдар.
4.Сутектің оттекпен әрекеттесу реакциясының жылу эффектісі 572 кдж құрайды.Егер реакцияға 0,2 моль сутек қатысса,қанша энергия бөлінеді?
Реакция үшін оттектің қандай көлемі қажет?
Тақырыбы: Металдар
Мақсаты: Металдар тақырыбы бойынша алған білімдерін
тексеру.Теориялық білімді іс жүзінде қолдану,
есептер шешуде қолдану білімдерін тексеру
Білуге тиіс: Металдардың жалпы сипаттамасы,периодтық
жүйедегі орны,атом құрылысының ерекшеліктері,
физикалық және химиялық қасиеттері
Орындай Металдардың тотығу-тотықсыздану процестеріне
алуы тиіс: қатысты қасиеттерін сипаттау,тотығу дәрежелерін
анықтай білу,сутекті,оттекті қосылыстарындағы
айырмашылықтары,оның периодтық жүйедегі
орнына тәуелділігін көрсете білу,әр типтегі
есептердің шешу жолдарын білу
І-нұсқа
1.Калий мен мыс элементтері бір периодта және бір топта орналасқан.Атом құрылысы тұрғысынан бұл химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнын дәлелдеңдер.Олардың валенттік мүмкіндіктеріне,физикалық және химиялық қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама беріңдер.Осы элементтерге тән қосылыстардың формуласын келтіріңдер,олардың химиялық сипатын көрсетіңдер.
2.Темір оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар.Оларға қысқаша сипаттама беріңдер.Мына заттардың қайсысымен темір гидроксиді
әрекеттеседі: O2,NaOH,CO2,H2SO4,H2O,NaCI Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді,
ал тотығу-тотықсыздану ракциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін
жазыңдар.
3.Мына айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
MgCI2→Mg→MgO→Mg(OH)2→MgCO3→Mg3(PO4)2
Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді жазыңдар.
4.12 г магний мен магний оксидінің қоспасы күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттескенде 3,36 л (қ.ж.) газ бөлінді.Қоспадағы құрауыштардың массасын
(г) және массалық үлесін (%) есептеңдер.
ІІ-нұсқа
1.Кальций және мырыш элементтері бір периодта және бір топта орналасқан.Атом құрылысы тұрғысынан бұл химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнын дәлелдеңдер.Олардың валенттік мүмкіндіктеріне,физикалық және химиялық қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама беріңдер.Осы элементтерге тән қосылыстардың формуласын келтіріңдер,олардың химиялық сипатын көрсетіңдер.
2.І топ s-элементтері гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар,олардың негізгі қасиеттерін салыстырыңдар. Мына заттардың қайсысымен натрий гидроксиді әрекеттеседі: O2,КOH,CO2,H2SO4,Cu(OH)2,NaCI,Fe(NO3)3,Cr2O3 Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді,ал тотығу-тотықсыздану ракциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.
3.Мына айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Ca→CaO→ Ca(OH)2→CaCO3→CaO→Ca3(PO4)2
Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді жазыңдар.
4.15 г мыс пен мырыш құймасын күкірт қышқылы ерітіндісімен өңдегенде 2,2 л (қ.ж.)сутек алынды. Осы құймадағы мыс пен мырыштың массалық үлесін (%) есептеңдер.
Тақырыбы: Бейметалдар
Мақсаты: Тақырыптардағы негізгі теориялық білімдерін,
бейметалдардың жалпы қасиеттерін,алыну,
физикалық,химиялық қасиеттері жөнінде алған
білімдерін тексеру.
Білуге тиіс: Бейметалдардың табиғатта таралуы,алыну әдіс-
терін физикалық,химиялық қасиеттерін білуі
тиіс.
Орындай Бейметалдардың химиялық қасиеттерін реакция
алуы тиіс: теңдеулері арқылы сипаттап жазу,есептер
шығару
І-нұсқа
1.Ү топ элементтері-бейметалдарды мына жоспар бойынша сипаттаңдар:
а) элементтер атомдарының құрылысы,олардың валенттік мүмкіндіктері;
ә) химиялық сипаты және топтағы химиялық белсенділігінің өзгеруі;
б) жай заттардың құрылысы және физикалық қасиеттері;
в) жай заттардың химиялық қасиеттері,оларға тән реакция теңдеулері.
2. CI2 немесе I2 қайсысында тотықтырғыш қасиет айқын білінеді?
Мысалдармен түсіндіріңдер.
3.Мына заттардың қайсысымен концентрлі күкірт қышқылы әрекеттеседі:
а) азот қышқылы;ә) кальций; б) кальций оксиді; в) көміртек; г) натрий гидроксиді; д) алтын? Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерін,
тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін құрастырыңдар.
4.Әк суы арқылы көлемі 4,48 л (қ.ж.) көмірқышқыл газын жібергенде түскен тұнбаны сүзіп,күйдіріп,массасы 10 г зат алдық.Өнім шығымының массалық үлесін ( %) есептеңдер.
ІІ-нұсқа
1.ҮІІ топ элементтері-бейметалдарды мына жоспар бойынша сипаттаңдар:
а) элементтер атомдарының құрылысы,олардың валенттік мүмкіндіктері;
ә) химиялық сипаты және топтағы химиялық белсенділігінің өзгеруі;
б) жай заттардың құрылысы және физикалық қасиеттері;
в) жай заттардың химиялық қасиеттері,оларға тән реакция теңдеулері.
2. Br2 немесе As қайсысында тотықтырғыш қасиет айқын білінеді?
Себебін түсіндіріңдер.
3.Мына заттардың қайсысымен сұйытылған азот қышқылы әрекеттеседі:
а) темір (ІІ) хлориді;ә) қорғасын; б) күкірт қышқылы; в) күкірт; г) күкірт (ҮІ) оксиді; д) магний? Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерін,
тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін құрастырыңдар.
4.Массасы 15 г кальций карбонатына тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде,массасы 13,5 г тұз түзілді. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін ( %) есептеңдер.
Тақырыбы: Маңызды химиялық өнімдер алу технологиясы
Мақсаты: Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері
жөнінен алған білімдерін тексеру.
Білуге тиіс: Өндірісте металдарды алу әдістерін,силикат
өндірісі,аммиак,азот қышқылы,күкірт қышқылын
жанасу әдісімен өндіру технологиясын білуі тиіс
Орындай Металдардың алыну әдістерін,электролиз
алуы тиіс: процесін металдарды алу мысалында жаза білу,
металдардың химиялық қасиеттерін реакция
теңдеулері арқылы сипаттап жазу,есептер шығару
І-нұсқа
Заттың құрамында 57,5% натрий,40% оттек және 2,5% сутек болады,осы заттың салыстырмалы молекулалық массасы 40-қа тең.Заттың молекулалық формуласын анықтап,атын атап,оның қай класқа жататынын,алу тәсілін көрсетіңдер.Осы кластың өкілі ретінде оның қасиеттерін сипаттайтын үш реакция теңдеуін жазыңдар.
Берілген заттардың қайсылары бір-бірімен химиялық реакцияға түсуі мүмкін:H2SO4 (конц.),KOH,Fe,CuO,Cu,NaCI,HCI,CO2,C? Реакция теңдеулерін жазыңдар.Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді,ал тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.
3-период элементтерінің қайсысында тотықтырғыш қасиет айқын көрсетілген?Жауаптарыңды түсіндіріп,мысалдар келтіріңдер.
Массасы 6,4 г магний мен магний оксидінің қоспасын сұйытылған күкірт қышқылының жеткілікті мөлшерімен өңдегенде,бөлінген газдың көлемі 2,24 л (қ.ж.) құрайды.Қоспадағы магний оксидінің массалық үлесін есептеңдер.
ІІ-нұсқа
1. Заттың құрамында 40% кальций,12% көміртек және 48% оттек
болады,осы заттың салыстырмалы молекулалық массасы 100-ге
тең.Заттың молекулалық формуласын анықтап,атын атап,оның қай
класқа жататынын,алу тәсілін көрсетіңдер.Осы кластың өкілі ретінде
оның қасиеттерін сипаттайтын үш реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Берілген заттардың қайсылары бір-бірімен химиялық реакцияға түсуі
мүмкін:KOH,Fe,CuO,NaCI,HCI,CO2,CI2,FeCI3,Zn(OH)2? Реакция
теңдеулерін жазыңдар.Ион алмасу реакциялары үшін иондық
теңдеулерді,ал тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін электрондық
баланс теңдеулерін жазыңдар.
3. 2-период элементтерінің қайсысында тотықсыздандырғыш қасиет айқын
көрсетілген?Жауаптарыңды түсіндіріп,мысалдар келтіріңдер.
4. Массасы 10 г мыс және алюминий қоспасын концентрлі азот
қышқылымен өңдегенде 4,48 л (қ.ж.) газ бөлінді.Бастапқы қоспадағы
алюминийдің массалық үлесін анықтаңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген