400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары. 10-с

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебеті пәні бойынша 10-сыныпқа арналып жасалған. 2-тоқсан. 10-сынып. Оқылым, жазылым дағдысын қамтыған
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Мұхит –тіршілік мекені» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 2-тоқсан

10-сынып

Сабақ мақсаты:

10.3.5.1 Мәтін тақырыбына байланысты қосымша ақпараттарды энциоклопедиялардан тауып, ортақ қорытынды жасау

10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация)

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Мәтін тақырыбын анықтайды, қосымша ақпараттармен байланыстырып, қорытынды жасайды.


  • Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, тірек-схема, ментальды карта, презентация түрінде ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары ойлау деңгейі

Оқылым тапсырмасы

Біздің жер шарының үстіңгі қабатының 70%-дан астам көлемін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр, олар атмосфераға әсер етеді және пайдалы қазбалар мен тағам көздері болып табылады. Олар Жер жүйесінің ең өнімді экологиялық жүйесі болып табылады да бүкіләлемдік балық аулау кәсібінің 80%-ын қамтамасыз етеді. Мұхит планетадағы өмірдің бесігі және оның экологиялық негізі. Планетаның бір тұрғынына орта есеппен алғанда 311 млн. тонна шамасында су мөлшерінен келеді.

Атмосфераның газдық балансындағы әлемдік мұхит фитопланктондарының рөлі жоғары. Ол – оттегінің негізгі көзі. Заманымыздың аса ірі проблемаларының бірі — антропогендік әсердің салдарынан көміртегі циклінің қалыптан тыс ғаламдық бұзылуының орын алуы. Биосфераға антропогендік іс-әрекеттер барысында түсетін С02-ні мұхиттағы тірі ағзалар сіңіреді. Әлемдік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлі сан алуан. Ол орта түзуші, кәсіпштік, шикізаттық, рекреациялық, көлік және т.б. қызметтерді атқарады.

Әлемдік мұхиттың маңызын қарастыра отырып, балық аулау және теңіз кәсіптерінің маңызды рөл атқаратынын көреміз, олардан түсетін жылдық табыстың көлемі 55 млрд. доллардан асады.

Кеме көліктері атқаратын халықаралық сауда қызметтерінің жылдық мөлшері жылына 150 млрд. доллардан асады. Ол теңіз көлік қызметі динамикасының жоғары деңгейімен және салыстырмалы түрде төмен құнымен ерекшеленеді.

Теңіздер мен мұхиттар — бүкіл адамзаттың игілігі, бұл игілікті сақтау көбіне табысты халықаралық ынтымақтастыққа тәуелді. Бір өкініштісі, бірнеше елдерден ағып өтетін ірі өзендер мен теңіздерді қорғау жөніндегі халықаралық келісімдерді ратификациялау және бақылау жұмыстарында кездесетін қиындықтар аз емес. Тұщы су қорларының азаюы да маңызды мәселе.

Бұл мәселелер ЮНЕСКО-да қарастырылады.


Тапсырма Сұрақтарға өз ойыңызбен жауап жазыңыз


1.Мәтін не туралы?






2.Мәтінде көтерілген өзекті мәселе қандай?










3.Мәтіндегі мәселе бойынша, өз ойыңызды қорытындылап 3 сөйлем арқылы беріңіз










2.Мәтін мазмұнын ашатын жоспар құраңыз


1.



2.



3.



4.






3.Жазылым

«Мұхит-игіліктің көзі» тақырыбы бойынша негізгі ақпараттарды жинақтаңыз, жинаған ақпаратты схема , тірек сызба, презентация арқылы беріңіз.

Талаптары:

1.Ақпарат тақырыпқа сай болу керек

2. Мәліметтерді сызба, схема, презентация түрінде көрсету

3.Мәліметтерді беруде жүйелілік сақталу керек


Бағалаукритерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Ұпай саны

Білім алушы

Мәтін тақырыбын анықтайды, қосымша ақпараттармен байланыстырып, қорытынды жасайды.


1-2

Мәтін тақырыбын анықтайды

1


Көтерілген негізгі мәселені табады

1


Мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын жазады

3

Мәтін мазмұнын ашатын жоспар құрады

4

Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, тірек-схема, ментальды карта, презентация түрінде ұсынады

3

Мәліметтер тақырыпқа сай болу керек

1

Мәліметтерді сызба, схема, презентация түрінде көрсетеді

1

Мәліметтерді беруде жүйелілік сақтайды


1

Барлығы


12






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
201
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі