400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналып жасалған БЖБ. Оқылым, жазылым дағдысы бойынша. 2-тоқсанға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

«Тәуелсіз еліміздің өткені мен болашағы»

ІІ тоқсан 11-сынып

Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым; Жазылым;

Оқу мақсаты:

11.3.1.1 мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау

11.4.1.1ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, баспасөз парағын жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

Мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтайды, ақпараттың оқырманға әсерін автор позициясын талдап түсіндіреді

Публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданып, баспасөз парағын жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүниежүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шетелдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстанның бірінші президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті.

Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет – Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Ең бастысы, шекараны нақтылау аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді. Соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды.

1. Мәтіннен 2 факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді мен 2 детальді ақпаратты анықтаңыз.

Факті 2










Автор көзқарасы 1








Детальді ақпарат 2









2.Мәтін мазмұны бойынша автор позициясын анықтап, оқырманға не айтқысы келді соны 5 сөйлем арқылы беріңіз















Жазылым

Тәуелсіздік күні қарсаңында сыныптастарыңызбен бірге орталық алаңға Тәуелсіздік күнін тойлауға шықтыңыз. Алаңда халық көп жиналған, барлығы мерекелік концертті тамашалауға келген. Мектепшілік газеттің тұрақты тілшісі ретінде публицистикалық стильдің стильдік, жанрлық ерекшеліктерін сақтай отырып, баспасөз парағын жазыңыз.

Жетелеуші сұрақтар:

Концерт қалай өтті?

Кімдер сөз сөйледі? Не айтты?

Қандай қойылымдар болды?

Қандай әсерде болдыңыз?

Сол күнгі мерекелік шараға кімдер қатысты (өнерпаздар)?

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Ұпай саны

Білім алушы

Мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтайды, ақпараттың оқырманға әсерін автор позициясын талдап түсіндіреді

1-2

Мәтіннен 2 фактілік деректі анықтайды

2

Автор көзқарасы бар сөйлемді табады

1

Негізгі 2 деректі табады

2

Автор позициясы туралы өз ойын жазады

5

Публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданып, баспасөз парағын жазады

3

Тақырып бойынша баспасөз парағын жазады

1

Стильін, жанрын сақтайды

1

Мерекені сипаттап жазады

1

Барлығы


13


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі