400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлім/аралық тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

А Бөлімі

Бөлім/аралық тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.

Бөлім «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

Сынып: 8

Оқушының аты- жөні:__________________________________________


Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым. Айтылым


Оқу мақсаты

8.1.4.1.Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;

8.2.2.1. Түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.


Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Орта көлемді поэзиялық шығармадан үзінді тыңдайды, тақырыбы мен идеясын талдайды;

  • Поэзиялық шығарма үзіндісіне сүйеніп, ұлттық сөз әдебін, сөйлеу этикеті формаларын қолданады.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану, талдау

Орындау уақыты

22 минут


1 - тапсырма.


Өлеңді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Мәңгілік Ел – арманымның асқары.

Мәңгілік Ел – бақытымның бастауы.

Мәңгілік Ел – тарихымның дастаны.

Мәңгілік Ел – Нұрлы жолға бастады.


Мәңгілік Ел – менің аппақ мұратым,

Болашаққа нұрын шашып тұратын.

Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы қазақтың

Бар әлемге мойындатар қуатын.


Мәңгілік Ел – шежіресі даламның.

Мәңгілік Ел – ақ тілеуі анамның.

Мәңгілік Ел – мәңгілікке аманат.

Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы бабамның.


Мәңгілік Ел – ынтымақ пен бірлікте.

Мәңгілік Ел – ымыралы тірлікте.

Мәңгілік Ел – ертеңіңді ұлықтау.

Мәңгілік Ел – өткеніңді ұмытпау.


Мәңгілік Ел – бейбіт өмір әуені.

Мәңгілік Ел – Ел Анамдай әдемі.

Мәңгілік Ел – Тәуелсіздік тірегі.

Мәңгілік Ел – бүкіл халық тілегі.

(Маралтай Ыбыраев)


  1. Өлеңге ат қойыңыз. _____________________________________________________________



Өлеңнің тақырыбын және идеясын талдаңыз.

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

2 - тапсырма.

Өлең мазмұнына сай көңіл - күйді білдіруде сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданып, «Тәуелсіз елім!» тақырыбында ойыңызды айтыңыз (10-12 сөйлем көлемінде).



Бағалау критерийі


Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Орта көлемді поэзиялық шығармадан үзінді тыңдайды, тақырыбы мен идеясын талдайды;

1

өлеңге ат қояды;

1

өлеңнің тақырыбын талдайды;

1

өлеңнің идеясын талдайды;

1

Поэзиялық шығарма үзіндісіне сүйеніп, ұлттық сөз әдебін, сөйлеу этикеті формаларын қолданады.


2

көңіл күйге қатысты сөздерді қолданады;

1


ұлттық сөз әдебін қолданады;

1

сөйлеу этикеті формаларын қолданады;

1

тақырыпқа қатысты (10-12 сөйлеммен) ойын айтады.

3


Барлығы: 9











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.05.2019
1008
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі