жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бөлімдері: Тіл дамыту, жапсыру ҰОІӘ түрі: Кіріктірілген Тақырыбы: «Үй құстары»
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Мерзімі: 02.11.15 ж
Білім беру салалары: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімдері: Тіл дамыту, жапсыру
ҰОІӘ түрі: Кіріктірілген
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: Үй ұстарының сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы айту.
Міндеттері: Білімділік: Үй құстары мен дала құстарын ажырату.
Дамытушылық: Құстарды күте білуге үйрету.
Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Дала құстары мен үй құстарының суреттері.
Қостілдік компонент: Үй құстары - домашние птицы, әтеш-петух, үйрек-утка, тауық-курица
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Айналаны бақылау.
-Біз айналамыздан не көріп тұрмыз?
-Күннің қалай шыққанын көрген қуаныш?
Шаттық шеңбері:
-Қане, олай болса атқан күнмен, Жер-Анамен амандасайық:
Дөнгелене үстелде отырады.
Сұрақтарға жауап береді
Өздерін қоршап тұрған күн, ауа, су екендігін айтады.
Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер-Ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Ұйымдастыру-
іздестіру
Әңгімелесу
Бүгін үй құстары және дала құстарымен танысатындарын айтады.
-Қандай үй құстарын білесіңдер?
Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді.
-Қандай дала құстарын білесіңдер?
Әңгімелеу
-Олардың қанаты бар, аспанда ұшып жүреді.
-Ал, үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады.
Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем, суларын береді.
(суреттер көрсетеді).
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Суретке мұқият қарайды.
Әтеш, тауық, қаз, үйрек.
Қарлығаш, торғай, үкі, бозторғай, ұзақ, көгершін, тоқылдақ.
Мұқият тыңдайды, қарайды.
Ойыншық торғайды ұсынып бір-бірлеріне «жылы жүрекпен» өз тілектерін айтуды ұсынады.
- Сендер құстармен таныстыңдар, енді үн таспадағы құстардың дауысын тыңдайықшы, бұл дауыстар дала құстарының үні ме, үй құстарының үні ме?
-Неге дала құстары деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті:
-Жақсы, сендер дала құстары, үй құстары жайлы білдіңдер.
Осы кезде есік қағып топқа «Әтеш» кіреді.
- Бұл «Әтеш» бізге хат әкеліпті.
Ішінде құстардың суреттері бар екен.
Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Қазір сендер сол суреттерді алып, құстарды атап, қайсысы артық екенін айтыңдар.
Сөздік жұмысы:
Үй құстары-домашние птицы, әтеш-петух, үйрек-утка, тауық-курица
Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?»
Тәрбиеші құстарды көрсетеді, балалар ол қай құс екенін айтып дауысын айтады.
Геометриялық пішіндерден торғайды құрастырып, жапсыруды ұсынады.
- Торғайдың басы қандай геометриялық пішінге ұқсайды, түсі ше?
- Торғайдың денесі ше?
-Тағы несін жапсырамыз?
Бір-біріне жылы сөздер, тілектер айтады:
-Сен бүгін әдемісің.
-Батыр бол!
-Әрқашанда күліп жүр!
Құстардың үнін тыңдап, олардың дала құстарының дыбыстары екенін айтып түсіндіреді.
Торғайлар шиқылдап жатыр, дала құстарының дыбыстарын айтып береді.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ боп шоқиық.
Қуана қарсы алады, амандасады.
Суреттерге қарап, артығын тауып атайды, мысалы: торғай, көгершін,қарлығаш, үйрек, мұнда үйрек артық, өйткені –ол үй құсы, қалғандары -дала құстары.
Бәрі бірге айтады, қайталайды.
Тәрбиешімен бірге құстарды жеке-жеке атап отырады.
Қарлығаш дала құсы, құйрығы айыр, шиқылдайды, аспанда ұшады.
Қызығушылық танытады.
Жарты шеңбер, қоңыр
Домалақ, сары.
Көздерін, тұмсығын, аяқтарын
Жұмыс реттілігін көрсетеді:
1.Қажетті бөлшектерді қиып алу.
2.Үлкен сопақ пішін-денесі, шеңбер –басы.,үшбұрыш-қауырсыны
3.Ұсақ бөлшектерді қию (көз, тұмсық, аяқтары)
Жұмыс барысында балаларға көмек көрсетеді, қайшымен жұмыс істегенде мұқият болуларын қадағалайды.
Мұқият қарайды, көмек сұрайды, жұмысқа кіріседі.
Рефлексивті-
реттеушілік
Қорытынды:
-Міне,сендер үй құстарымен дала құстарын ажырата аласыңдар.
-Сендер құстар туралы тақпақтар білесіңдер ме?
- Бүгін біз қандай құстармен таныстық?
Рефлексия:
Тақтаға күз мезгілінің ағашын іледі. Егерде бүгінгі көңіл-күйлерің жоғары болса, сары жапырақ, болмай тұрса, жасыл жапырақты ілуді ұсынады.
Сұрақтарға жауап береді:
Білетін тақпақтарын айтады.
Үй құстары мен таныстық.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй құстары мен дала құстарын ажыратуды.
Болу керек: Өлі және тірі табиғат туралы мағлұмат.
Істей білу керек: Адам еңбегін бағалауды және табиғатты аялап, қорғай алуды.
Тәрбиеші: Жетписова Г.Т
Тексерді:________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген