жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бөлімі: Жылдық жоспар .Таным. Саласы : Сөйлеуді дамыту
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Мақсаты: көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, орамжапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, апельсин, мандарин, лимон) туралы түсініктерін кеңейту. Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. Өмір сүруге қажетті дағдыларды қалыптастыру. Тұрмысқа қажетті заттарды (пышақ, шанышқы) қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу. Қарапайым зерттеу жүргізу мен іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сиқырлы қорапша, көкөністер (қияр, қызанақ, аскөк, көк пияз) мен жемістер (алма, мандарин, банан) күннің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: салат жасауға арналған туралған көкөністер мен жемістер, йогурт, тұз, ас көк, екі үлкен ыдыс т.б.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық-қозғау-шылық |
Шаттың шеңберіне тұрғызу. - Балалар, терезеге қарайықшы, күн шуағын шашып, жылуын бөріп тұр. Ал біздің шаттық шеңберіміздегі күн күлімдеп тұр, бірақ шуағы жоқ екен. Кәне, әрқайсысымыз жеке-жеке жақсы тілектер айтып, күнге шуақ шашуға көмектесейік. - Қараңдаршы, балалар, күніміз жоғары қарай көтеріліп, нұрын бізге шашып тұр. Енді қолымызды жоғары көтеріп күнге қарай созып, өлең жолдарын сыйға тартайық. |
Тәрбиешіні тыңдап, терезеге қарайды. Күн шуағын көріп тұрғандарын айтады. Балалар бір-біріне ыстық тілектерін және қолдарын жоғары созып, өлеңдерін айтады. Жарқырайды күннің көзі, Нұрын шашып далаға. Күн сәулесін төгеді, Бақыт сыйлап балаға. |
Ұйымдас- тырушы- лық- ізденістік
|
Жұмбақ жасыру. 1. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті. 2. Аспай піскен, Қайнамай түскен. 3. Жер астында жез қазық, Жеуге болар ас қазық. - Балалар, ойын ойнағыларың келе ме? «Сиқырлы қорапша» ойыны. Педагог балаларға қорапты көрсетіп, жетелеуші сұрақтар қояды. - Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар? - Жоқ. - Жоқ, балалар, ол - ағашта өсетін зат. - Жарайсың, таптың. Бұл қораптың ішінде жеміс бар екен. Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз. Енді соны табыңдар. - Жоқ. - Иә, таптың, ол - алма. - Екінші қораптың ішінде не бар деп ойлайсыңдар? - Жоқ, бұл затты жеуге болады. - Жоқ. - Жоқ. - Жарайсың, таптың, ол - көкөніс. Бірақ қай көкөніс екенін табыңдар. - Жоқ. -Жоқ. - Иә, дұрыс айтасың, ол - қызанақ. - Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар? - Жемістерден нелер жасауға болады? - Жемістер қайда өседі? - Ағаш қайда өседі? (Бала жауап бере алмаса, педагог көмектеседі). - Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер? - Жемістер мен көкеністер – адам ағзасына өте пайдалы. Жемістер бақта, ағаштарда өседі, жемістерден әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды. Шырынды адамдар сүйсініп ішеді. Көкөністерден салаттар дайындайды, сондай-ақ ас әзірлеуге пайдаланады. Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар. Көкөністер бақшада өседі. Жеміс-жидектер, көкөністер жайлы кім өлең біледі? Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, екінші таңғы асқа дайындық жасау керектігін айтады. Бірінші орталықтағы балаларға жемістердің, екінші орталықтағы балаларға көкөністердің туралмаған кездегі түрі, иісі, түсі және дәміне байланысты сұрақтар қояды. Соңынан ортасынан екіге бөлінген жеміс немесе көкөністі беріп, қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды. Бірінші орталықтағы балаларға туралған жеміс түрлерінен, екінші орталықтағы балаларға көкөністерден салат жасау тапсырылады. Орталықта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертеді. Сергіту сәті. Саусақ ойынын ойнату. Жаңбыр жауса тырс-тырс, Айтады гүл: Дұрыс, дұрыс! Жаңбыр жауса тырс-тырс, Айтады қыр: - Ырыс, ырыс! Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, орталықтағы жұмыстың нәтижелілігін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады. «Иісінен тап!» ойыны. Ойын шарты бойынша балалар көздерін жұмып, иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек. Дәптермен жұмыс. Тапсырманы түсіндіреді. |
Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады. - Қарбыз.
- Жеміс. - Сәбіз. - Келеді.
- Ол ойыншық па? - Ол машина ма? - Ол телефон ба? - Ол жеміс пе?
- Ол банан ба? - Ол алмұрт па? - Ол жүзім бе? - Ол алма ма?
- Ол қарындаш па? - Ол кәмпит пе? - Ол печенье ме? - Ол көкөніс пе? - Ол картоп па? - Ол қызылша ма? - Ол қызанақ па?
Белсенді түрде жауап іздейді, өздерінің ой-пікірлерімен бөліседі. - Тамақ жасауға болады. - Компот, сок жасауға болады. - Салат жасауға болады. - Ағашта өседі.
- Сәбіз, қияр.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Жеміс-жидек және көкөністер туралы білетін өлеңдерді айтады. Балалар, әлі туралмаған көкөністер мен жемістерді қарап, зерттеу жүргізіп, түсі, иісі, дәмі қандай екендігін болжамды түрде айтады. Балалар қандай жеміс немесе көкөніс екендігін айта отырып, бүтін қалпы мен екіге бөлінген қалпын салыстырады, иісін анықтайды, қайсысының иісінің басым екендігін айтады. Бірінші орталықтағы балалар туралған жеміс-жидектерден (ананас, алма, банан, мандарин, йогурт), екінші орталықтағы балалар көкөністерден (қияр, қызанақ, аскөк, тұз) салат жасайды.
Сергіту сәтін қимыл-қозғалыстармен жасайды.
Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып, орталықта берілген тапсырманы орындайды. Орталықтағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орындарына отырады. Ойын ережесін бұзбай, түсініп ойнауға тырысады.
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
Рефлек-сиялық-түзету-шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруды, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануды.
Игереді: жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіндіктерін, олардан салат жасауға болатындығын.
Меңгереді: жемістер мен көкөністерден салат жасай алады, қауіпсіздік ережесін.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Күздік киімдер.
Мақсаты: ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратып, күздік киім түрлерін топтастыра білуге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: күздік киім түрлерінің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, дайын қағаздан қиылған күрте, баскиім, аяқ-киім силуэттері.
Алдын ала жасалатын жұмыс: күздік киімдер бейнеленген суреттерді қарау. Суреттерді бояу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива- циялық- қозғау- шылық |
Тәрбиеші балаларды шаттың шеңберге шақырады. Нұрланып күн тұрса, Күллі әлем жайнайды. Жер беті құлпырса, Бұлбұлдар сайрайды. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдас- тырушы- лық- ізденістік
|
Тәрбиеші жалпы киім түрлері туралы сұрайды. Тәрбиеші балаларға күздік киімдер және ұл бала мен қыз баланың киімдері жайлы әңгімелейді. Ұл балаға арналған киімдердің түймелері оң жағында, ілгіші сол жағында, ал қыз баланың киімінде керісінше, түймелері сол жағында, ілгіші оң жағында болатынын айтып түсіндіреді. - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Киімдердің түрлері көп екен. Әр жыл мезгіліне сай киімдер болады. Ал, қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгіліне сай қандай киімдерді білесіңдер? - Ұл бала мен қыз балаға арналған күздік киімдердің айырмашылығы қандай? «Не артық?» ойыны. Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді. Ойын шарты бойынша тақтаға үш баскиімнің, бір аяқкиімнің суреті ілінеді. Балалар артық затты табу керек. Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөледі. Екі орталықтағы үстелдердің үстіне алдын ала әрбір балаға (баланың санына қарай) арнап күздік киімнің силуэтін және сурет салуға арналған құралдар мен үлгілер таратып қояды. Бірінші орталықтағы балаларға ұл балаларға, ал екінші орталықтағы балаларға қыз балаларға арнап күздік киім түрлерін безендіретіндігін айтып түсіндіреді. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Енді жолға шығайық. Ұзын, қысқа жолдарды, Біліп біздер алайық. Үлкен, кіші өткелден Адымдап біз өтейік Тез, тез жүріп, жүгіріп Бақшамызға жетейік. Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, орталықтағы жұмыстың нәтижелілігін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып, бастапқы орындарына отырғызып, дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. |
Балалар естеріне түсіре отырып, ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері, олардың айырмашылығы, қалың және жұқа киімдер, баскиім, сырт киім және аяқкиім болып бөлінетіндігі туралы айтады. Тәрбиешінің айтуы бойынша өздерінің киген киімдерінің түймелігін қарап, салыстырып айтады. - Күз мезгілі - Күрте. - Етік. - Жылы кофта. - Жемпір. - Шапка. Балалар аяқкиімнің артық екендігін табады. Бірінші орталықтағы, балалар ұл балаларға арналған, екінші орталықтағы балалар қыз балаларға арналған күрте, баскиім, етік т.б. күздік киім түрлерін өзіндік ерекшеліктерін бере отырып безендіреді.
Өлең мазмұнына байланысты қимылдарды жасайды.
Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып, орталықта берілген тапсырманы орындайды. Орталықтағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орындарына отырып, дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлек- сиялық- түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін, ненің суретін салғанын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: маусымдық белгілері бойынша киімдерді топтастыруды, ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажырата білуді.
Игереді: күздік киім түрлерін, ұл бала мен қыз баланың киімдерінің өзіндік ерекшелігін.
Меңгереді: өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Менің елім - Қазақстан.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйрету. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қала көрінісі, адамдардың еңбегі бейнеленген суреттер, глобус.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, газет-журналдардағы кішкентай сурет қиындылары мен шарлар, жалаушалардың қиылған суреті, қайшы, желім.
Алдын ала жұмыс: өздерінің тұратын қаласы немесе ауылының бұрынғы көрінісі туралы әңгіме жүргізу, бейнеролик дайындау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива- циялық- қозғау- шылық |
Шаттың шеңберіне тұрғызу. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдас- тыру- шылық- ізденістік |
- Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады? - Сендер қандай қалада (ауылда) тұрасыңдар? - Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? Тәрбиеші жетелеуші сұрақтар қоя отырып Отан сөзінің мағынасын түсіндіреді. - Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет екен. Сол мемлекетте көптеген үлкен, кіші қалалар мен ауылдар бар. Онда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлттардың өздерінің сөйлейтін тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі болады. Дегенмен де бәрімізге ортақ мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Ал сендер қандай тілде сөйлейсіңдер? Мен қазір сендермен қандай тілде сөйлесіп тұрмын? - Қазақ тілін қандай тіл деп айтамыз дедік? - Енді, балалар, Қазақстан Республикасының осыған дейінгі кезеңдеріне көз жүгіртіп көрейік. Тәрбиеші балаларға Қазаңстан Республикасының тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңін (сурет немесе слайд көрсету арқылы), ондағы үйлер, мәдениет орындары, халқы туралы қарапайым түрде ақпарат береді. Және Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы туралы бейнеролик (сәулетті, әдемі Көпқабатты үйлер мен мәдениет орындары, балабақша, мектеп, дүкен, т.б. қоғамдық орындар, экономикасы, ұлттық валютасы - теңге) көрсетеді. Өздері тұратын қалалары туралы сұрайды. Қаланың көркейгені ол мемлекеттің мәдениеті мен экономикасының өркендегені екендігін және мемлекеттің өркендеуіне барлық қазақстандықтардың үлесі бар, соның ішінде өздерінің де үлесі бар екендігін түсіндіреді. Тәрбиеші Ә. Табылдыұлының «Қасиетті шар» әңгімесін оқып береді. Балаларды өздерінің таңдауы бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға Көпқабатты үйлерді құрастыруды, екінші орталықтағы балаларға мерекеге дайындық жасап, қала көшелерін безендіру үшін түрлі заттар жасау керектігін айтып түсіндіреді. Балалар жұмыстарын аяқтағаннан кейін екі орталықтағы балалардың жұмыстарын біріктіріп, жасаған заттарына байланысты сұрақтар қояды.
Сергіту сәті. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. |
- Қазақстан Республикасы. Тұратын қаласын немесе ауылын айтады. - Отан - менің үйім, елім, жерім. - Отан - тауымыз, табиғатымыз. - Отан - отбасымыз, мемлекетіміз.
- Қазақ тілінде сөйлейміз. - Мемлекеттік тіл дейміз.
Балалар бейнероликтен сәулетті, әдемі Көпқабатты үйлер мен мәдениет орындарын, балабақша, мектеп, дүкен, ойнап, қыдырып жүрген балаларды көріп қуанышты сезімде болады.
Балалар оқылған шығарма желісі бойынша өздерінің ой- пікірлерін айтады.
Бірінші орталықтағы балалар әртүрлі құрылыс материалдары мен қағаз қиындыларын қолданып, көпқабатты үйлерді құрастырады.
Екінші орталықтағы балалар дайын қиылған түрлі түсті шарлар мен жалаушалар т.б. мерекелік безендіруге арналған заттарды жіпке тізіп жабыстырады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. |
Рефлек- сиялық- түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының қазіргі жардайы, өздері тұратын қалалары туралы әңгімелеп беруді.
Игереді: Қазақстан Республикасының халқы, тілі, сәулетті әдемі Көпқабатты үйлері мен мәдениет орындары, балабақша, мектеп, дүкен, теңге туралы білімді.
Меңгереді: үлкен, кіші қалалар мен ауылдарда тұратын бірнеше ұлт өкілдері, олардың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы білімді.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Адамдардың баспаналары.
Мақсаты: адамдардың баспаналары: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ққсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге, оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету. Балалардың таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту. Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үйдің, жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.
Алдын ала жұмыс: шаттық шеңбердегі өлеңді жаттау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық-қозғау-шылық |
Шаттың шеңберді ұйымдастыру. Кәне, кәне, тұрайық, Киіз үйді құрайық. Бір уықты қолға алып, Шаңыраққа тағайық. Шеңбер болып айналып, Арқандарды тартайық. - Балалар, біздің шаттың шеңберіміз не жайында болды? Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз. |
Балалар шеңберге жиналып, төмендегі өлең жолдарын айта отырып, қимылдар жасайды.
- Киіз үй жайында. |
Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік
|
Тәрбиеші әртүрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып, ішінен киіз үйді табуларын сұрайды. - Киіз үй екендігін қайдан білдіңдер? - Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған», - деп киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат береді. Сонымен қатар киіз үйді адамдар үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланың қатты дауыл желдерінен де қорған болатындығын түсіндіру. - Сендер қандай үйде тұрасыңдар? - Көпқабатты үй, екі қабаттан тұратын үй туралы не айтар едіңдер?
- Пәтер деп нені айтамыз. Тәрбиеші пәтер туралы түсіндіреді. - Қалай ойлайсыңдар, киіз үйдің ішінде пәтер бар ма? - Бөлмелер қандай үйлерде болады?
- Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген? - Міне балалар, киіз үйдің айырмашылығы оның сыртқы көрінісінде ғана емес, сонымен бірге ішінде де байқалады екен.
Тәрбиеші киіз үй, көпқабатты т.б. үйлердің барлығы да адам баспаналарына жататындығын түсіндіреді.
- Қалай ойлайсыңдар, осы баспаналарды салған кімдер деп ойлайсыңдар? - Оларды кімдер деп атаймыз? Тәрбиеші баспана салудағы адамдардың еңбегі туралы айтып түсіндіреді. Тәрбиеші балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтаеы балаларға киіз үй мен жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстырып, сипаттап беру, екінші орталықтағы балаларға Көпқабатты үй, оның ауласын, ойын алаңын құрастыру тапсырылады. Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырады да, балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады.
Дәптермен жұмыс. |
Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді. -Өйткені ол киізден жасалған. - Көпқабатты үйде. - Мен пәтерде тұрамын. - Ал мен екі қабатты үйде тұрамын. - Көпқабатты үй биік, үлкен, онда көп адамдар тұрады. - Екі қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады. Бірақ оның бөлмелері көп. Балалар білетін болса өздерінің тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді. - Жоқ, киіз үйдің ішінде пәтерлер де бөлмелер де болмайды. - Көпқабатты үйлерде пәтерлер болады. Сол пәтерлердің ішінде бөлмелер бар. - Адамдар. - Құрылысшылар деп атаймыз.
Бірінші орталықтағы балалар киіз үй мен жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстыра отырып олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады. Екінші орталықтағы балалар құрылыс материалдарынан көпқабатты үйлерді, оның ауласы мен ойын алаңын құрастырып әңгімелейді. Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады. Балалар бастапқы орындарына отырып, дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
Рефлек-сиялық-түзету- шілік |
Тәрбиеші Ы.Алтынсариннің «Ағаш үй мен киіз үй» әңгімесін оқып, бүгінгі күнгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түйіндейді. Және балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. |
Балалар әңгімені тыңдап, педагогтің әңгіме желісі бойынша қойған сұрақтарына жауап береді. Әңгіме мазмұнындағы адам еңбегі туралы айтады. Оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы.
Игереді: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы.
Меңгереді: салыстыруды, сипаттап әңгімелеп беруді.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Үй экономикасы.
Мақсаты: үй экономикасы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Отбасы бюджеті туралы қарапайым түсінік бере отырып, адамдардың мүмкіндіктері мен қажеттілігін қанағаттандырудың өзара байланысын түсіндіру. «Тауар», «ақша», «базар» түсініктерін ажыратуға үйрету. Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту және үнемшіл адамдардың еңбегімен келген ақшаға, табиғат қорына, қоршаған заттарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: базарда, дүкенде сауда жасап жатқан адамдардың суреті бейнеленген мазмұнды суреттер немесе фотосуреттер, теңгенің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Алдын ала жасалатын жұмыс: Мазмұнды рөлді «Дүкен», дидактикалық «Дәмді әрі пайдалы» ойынын ойнау. Отбасы бюджеті туралы әңгіме жүргізу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық-қозғау-шылық |
Тәрбиеші балаларды шаттың шеңберге шақырады. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік
|
Тәрбиеші балаларга төмендегі үлгідегідей оқиғаны айтады: - Ертістің әкесі үлкен дүкен салмақ болды. Балалар, үйді неден салады? - Құрылыс материалдарына не жатады? - Ал құрылыс материалдарын алу үшін не керек? - Біздің елде ақшаны қалай атайды? - Дұрыс айтасыңдар. Сөйтіп, Ертістің әкесі ақша табу үшін құрылысқа жұмысқа кірді. Ол істеген жұмысына не алады? - Жарайсыңдар, алайда адамның жұмыс істегені үшін төленетін ақшаны еңбекақы немесе жалақы дейді. Ал Ертістің анасы дәрігер болып жұмыс істейді. Ол балаларды емдегені үшін еңбекақы алады ма? - Ертістің әкесі мен анасы жалақыларын үйлеріне алып келеді. - Ертістің әжесі мен атасы зейнетақы алып тұрады. Отбасы мүшелері табыстарын қосады. Оны, балалар, «отбасы бюджеті» деп атайды. Демек, отбасы адамдарының барлығының тапқан табыстарын не деп айтады екенбіз? Сонымен отбасы бюджеті қандай іске жұмсалды деп ойлайсыңдар? - Дұрыс айтасыңдар, дүкен салып, ол дүкеннің ішін ойыншықтар, киімдер, ыдыс-аяқтарға толтырыпты. Осы дүкенге әкелген заттарды бір сөзбен қалай айтуға болады? Егер «тауар» сөзін балалар айта алмаса, педагог бірнеше мысалдар келтіре отырып түсіндіреді. - Балалар, ойыншық, киім, тамақ, жемістер мен көкөністерді дүкеннен басқа қайдан алуға болады? - Базарда тағы да нелер сатылады? - Сендердің де ата-аналарың күнделікті жұмысқа барады ғой. Олар да істеген еңбектері үшін не алып тұрады екен? - Ал, балалар, сендер жұмыс істейсіңдер ме? - Сендер, сендердің оқушы ағаларың мен әпкелерің жұмыс істемейсіңдер, яғни сендерге еңбекақы төлене ме? - Сендер ата-аналарың тапқан отбасы бюджетін үнемдеуге қалай көмектесесіңдер? - Ал пайдасы жоқ заттарға ақша жұмсауға бола ма? - Пайдасыз заттарға ақша жұмсасаңдар не болады деп ойлайсыңдар? - Дұрыс айтасыңдар, бұны «үнемдеу» (экономия) деп айтады екенбіз. Біз пайдасы жоқ заттарға ақша жұмсасақ, онда отбасы бюджетінде үнемдеу болмайды екен. Сергіту сәтін өткізу. Ормандағы бала қонжық Ұялардан бал іздеді. Мойындарын оңға бұрды, Мойындарын солға бұрды. Орман ішін аралады, Ағаштарды шайқап көрді. Аяқтарын көтеріп ап, Қуанғаннан билей берді. Дәптермен жұмыс. |
- Үйді құрылыс материалдарынан салады. - Кірпіш, топырақ, құм. - Ақша керек. - Теңге деп атайды.
- Ақша алады. Оған істеген жұмысы үшін ақша төлейді.
- Алады.
- Отбасы бюджеті деп айтамыз.
- Дүкен салуға жұмсалды.
- Тауар деп айтамыз.
- Базардан алуға болады. -Ет, аяқкиімдер, қой, ешкі, гүл т.б. сатады. - Еңбекақы алып тұрады.
- Жоқ біз балабақшаға келеміз.
- Төленбейді. - Бізге алып берген киімдерді жыртпай, таза ұстаймыз. - Үйдегі жиһаздарды сындырмаймыз, бүлдірмейміз.
- Кітаптарды жыртпаймыз. -Ыдыс-аяқтарды сындырмаймыз. - Суды бей-берекет төкпейміз. - Жоқ болмайды.
- Отбасы бюджетіндегі ақша азаяды.
Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдарды орындайды.
Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлек-сиялық-түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандары, не білгендері, ненің суретін салғандары жайлы әңгімелеп айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй экономикасы, отбасы бюджеті туралы, адамдардың мүмкіндіктері мен қажеттілігін қанағаттандырудың өзара байланысын, «Тауар», «аұша», «базар» түсініктерін ажыратуды.
Игереді: экономика, үнемдеу, бюджет, тауар, ақша, базар ұғымдарын, ата-аналарының еңбегімен келген ақшаға, заттарға ұқыпты қарау керектігін.
Меңгереді: отбасы бюджетін пайдалы заттарға жұмсау керектігін, пайдасыз заттарға ақша жұмсалса, отбасы бюджетінің ортайып қалатындығын.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Электротехникалық тұрмыстық заттар.
Мақсаты: тұрмыста кеңінен қолданатын электротехникалық заттар тоңазытқыш және шаңсорғыш туралы білімін кеңейту. Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін бекіту. Сыпайылық дағдыларын қалыптастыру. Заттарға ұқыпты, адамдар еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: электротехникалық заттардың суреттері, мазмұнды рөлді ойынға арналған шаңсорғыш пен тоңазытқыш және суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, қарындаш, бірнеше бөлікке бөлінген электротехникалық заттардың суреттері, ыдыс-аяқ, жиһаз т.б. тұрмысқа қажетті заттардың суреттері.
Алдын ала жасалатын жұмыс: тұрмыста қолданатын заттар туралы әңгіме жүргізу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық-қозғау-шылық |
Тәрбиеші балаларды шаттың шеңберіне тұрғызады. Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен, Иіліп сәлем береміз. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдас- тыру-шылық- ізденістік
|
Қонаққа ойыншық қонжық пен қоян (дауласып) келеді. Екеуі де балалармен амандасады, сонан соң өздерінің не үшін келгендерін айтады. Қонжық: - Кеше қоян досымды дүкенге жіберіп, үйге қажетті заттар алып кел десем, мына бір заттарды алып келіпті. «Бұл не?», - десем, өзі білмейді. Қоян: - Мен білетінмін, бірақ та ұмытып қалдым. Мүмкін сендер көмектесіп жіберерсіңдер, - деп алып келген заттарын көрсетеді. - Шаңсорғыш деген не? Оның бізге қажеті қанша? Ал тоңазытқыштың не пайдасы бар? - Ол шаңды қалай сорады? Оның не сонда ауызы бар ма? Ол шаңға қаңалып қалмай ма? Шаңды сорғанда, ол шаң қай жеріне жиналады? Тәрбиеші шаңсорғыштың тазалықты сақтау үшін көмектесетіндігін, оның шаңды соратын арнайы түтігі (шлангасы) болатындығын, шаң, қоқысты жинайтын дорбасы болатындығын, диван т.б. заттарды тазартуға арналған бірнеше щеткасы бар екендігін және шаңсорғыштың алуан түрлі болатындығын айтып ақпарат береді. Суреттер немесе шаңсорғыштың өзін ашып, ішіндегі тетіктерін көрсетеді. Қонжық: - Маған шаңсорғыштың керегі жоқ, қоқысты мен өзім-ақ жинап аламын, ол үшін мен сыпыртқыны пайдаланамын, ал шаңды сулы шүберекпен сүртіп ала саламын. Тәрбиеші: - Қонжық сен дұрыс айтасың, сыпырғышпен сыпырып та тазалауға болады. Балалар ойланып көріңдерші, қайсысына уақыт көп кетеді. Сыпырғышпен сыпырып, шаңын сүрткенге ме, әлде шаңсорғышпен тазалағанға ма? - Оны қайдан білдіңдер? - Ал енді тоңазытқыш туралы не білесіңдер? - Тоңазытқышқа тағы да не салуға болады? Қонжық: - Менің үйімде тамақтарды қоятын шкаф бар. Маған тоңазытқыштың да керегі жоқ екен. Тәрбиеші: - Не үшін тағамдарды тоңазытқышқа қоямыз? - Тамақты неге шкафтың ішінде сақтамаймыз? - Қонжық байқадың ба, тоңазытқыштың пайдасы бар екен. Қонжық: - Міне, керемет, сонда ол өз-өзінен тұрып сұп-суық бола ма? Әлде оның ішіне аяз кіріп алған ба? Қонжық: - Тоңазытқыштың ішіне тамақтарды салып, сосын оны тоқтан ажыратып тастаса да, тамақтар бұзылмай тұра бере ме? Қонжық: - Неліктен? Қонжық: -Балмұздақ пен балды тоңазытқышта сақтауға бола ма? Тәрбиеші балаларға қосымша сұрақтар қоя отырып, тоңазытқыш туралы қосымша ақпараттар беріп, олардың электротехникалық заттар деп аталатындығын және адам еңбегінің нәтижесі екендігін түсіндіреді. Шаңсорғыштың құрылысымен таныстыра отырып, тоққа қосып шаңды қалай соратындығын көрсетеді және балаларға шаңсорғышпен жұмыс істеу әлі ерте екендігін, үлкендердің көмегімен пайдалана қалған жағдайда кауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескертеді. Қонжық пен қоян рақметін айтып балалармен қоштасады. Тәрбиеші балаларды, екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген электротехникалық заттардың суретін түсіне, көлеміне қарай құрастыруды, екінші орталықтағы балаларға жалпы тұрмысқа қажетті заттардың суретін іріктеп алып жеке-жеке топтастыруды тапсырады. Сергіту сәті. Тырс-тырс! Жаңбыр кеп жауады, Тамшылар тамады. Тырс-тырс! Терезе қағады, Жылғалар ағады. Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, орталықтағы жұмыстың нәтижелілігін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады. Дәптермен жұмыс. |
Қонжық пен қоянды көргенде балалар таңырқайды, қуанады.
Балалар қонжық пен қоянның әкелген заттарын кезек-кезек қарап, көріп шығады. - Қонжық мынау шаңсорғыш қой. - Ал мынау - тоңазытқыш.
- Шаңсорғышпен үйдің шаңын, қоқыстарды сорып тазалайды. Балалар өздері білетін сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар шаңсорғыштың ішін ашып, оның қандай бөліктерден тұратындығын көреді.
- Шаңсорғышпен үйді тазалағанда уақыт көп кетпейді. - Сыпырғышпен үйді сыпырғанда көп уақыт кетеді.
- Үйде анамыз айтқан. - Тоңазытқыш үлкен, көбінесе ақ түсті болады. - Тоңазытқыштың ішіне тамақтар қояды. - Жемістер, көкөністер, т.б. - Тағамдар бұзылып кетпес үшін оларды тоңазытқышта сақтайды.
- Шкафтың іші суық емес, ал тоңазытқыштың іші суық. - Жоқ, тоңазытқыштың ішіне аяз кіріп алған жоқ, оны тоққа қоссаң ғана суытады, шаңсорғыш та тоқ арқылы жқмыс істейді. Қауіпсіздік ережесімен танысады.
Бірінші орталықтағы балалар бірнеше бөлікке бөлінген тоңазытқыш, шаңсорғыш, кір жуатын машина т.б. электротехникалық заттардың адам еңбегімен келетіндігін түсінеді.
Шаңсорғышты үлкендердің көмегінсіз пайдалануға болмайтындығын біледі. Электротехникалық заттардың бейнесін құрастырады.
Екінші орталықтағы балалар тұрмысқа қажетті электротехникалык, заттарды, жиһаздарды, ыдыс-аяқтар т.б. заттарды бөлек-бөлек топтастырады.
Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып, орталықта берілген тапсырманы орындайды.
|
Рефлек-сиялық –түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. «Менің үйімдегі заттар» ойыны: Ойын шарты бойынша педагог сиқырлы таяқшаны бір балаға береді. Таяқшаны алған бала үйіндегі тұрмысқа қажетті тұрмыстық заттарды, оның қызметі мен қажеттілігі туралы айту керек. Егер бала жауап беруге қиналса, педагог келесі баладан сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Тапсырмаларды орындайды. - Менің үйімде нан пісіретін пеш бар. Оған анам нан, печенье, торт, тәтті тоқаш пісіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тұрмыста кеңінен қолданатын электротехникалық заттар тоңазытқыш және шаңсорғыш туралы, олардың да адам еңбегімен келетіндігі туралы.
Игереді: шаңсорғыш пен тоңазытқыш түрлерін, олардың қызметін, пайдаланылуын, қажеттілігін.
Меңгереді: заттарға ұқыпты қарауды, қауіпсіздік ережесін сақтауды.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Адамдар еңбегінің нәтижесі.
Мақсаты: киім, аяқкиім, жиһаз, ойыншықтардың адам еңбегінің нәтижесінде келетіндігі туралы түсініктерін кеңейту; Ересектердің еңбегін ойын әрекеттерінде қолдануға үйрету. Түрлі материалдармен, олардың қасиеттерімен және сапасымен таныстыруды жалғастыра отырып, сұрақтарға ойланып жауап беру дағдыларын дамыту. Адамдар еңбегін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: киім, аяқкиім тігіп жатқан, жиһаз, үтік, т.б. заттар жасап жатқан адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін мазмұнды суреттер және көмірмен қызатын үтіктің, қолмен кір жуып жатқан адамның суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, ермексаз
Алдын ала жасалатын жұмыс: киім, аяқкиім, әлектротехникалық құралдар, шикі тамақ, т.б. түрлерінен көрме ұйымдастыру. Үйде кір жуатын машиналар мен үтіктердің жұмыс істеуін ата-аналарымен бірге бақылау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық- қозғау- шылық
|
Тәрбиеші балаларды шаттың шеңберге шақырады. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, «Қайырлы таң!» -деп дауыстап айтайықшы. |
Балалар шаттың шеңберін құрып, бір-біріне күлімдеп қарап, «Қайырлы таң!» - деп дауыстап айтады.
|
Ұйымдас- тыру- шылық- ізденістік |
- Балалар, қазір біз көрмеге барамыз. Бұл көрмеге әртүрлі заттар қойылған. Сендер мұқият қарап, көрмеден не көргендеріңді естеріңе сақтап алыңдар. - Мынау не? (Жиһаздарды көрсетеді) - Олар неден жасалған екен? - Бұларды бір сөзбен қалай айтатын едік? - Ал мынау не? - Олар неден жасалған? - Бұларды бір сөзбен қалай айтамыз? - Мыналар не? (Киімдер, аяқкиімдер, қант, макарон т.б. заттарды көрсетеді). - Балалар осы көрсетілген заттарды кімдер жасайды? - Дұрыс айтасыңдар, күнделікті тұрмыста қолданатын заттардың барлығын жасайтын да, ойлап табатын да адамдар екен. Біз бүгін осы заттардың қалай пайда болғандығы туралы әңгімелесеміз. Мына суретке қараңдаршы (кір жуып жатқан, үй сыпырып жатқан адамдардың т.б. суреттерді көрсетеді), суретте не бейнеленген? Адамдар немен айналысып жатыр? - Кірді қалай жуып жатыр? - Үйдің ішін немен сыпырып жатыр? - Яғни, бұрын барлық үй шаруасын адамдар қолмен атқарған екен. Кір жуу, үйді тазалау, от жағу сияқты жұмыстар уақытты көп алатын да, демалуға уақыт мүлдем аз болатын. Соған байланысты адамдар жұмысты жеңілдету үшін кір жуатын машинаны ойлап тапқан (бұрынғы кір жуатын машинаның суретін көрсетеді). Кейін келе-келе автомат кір жуатын машиналар пайда болды. - Қалай ойлайсыңдар, бұрынғы кір машинамен кір жуған жеңіл ме әлде қазіргі автомат кір жуатын машинамен кір жуған жеңіл ме? - Неліктен олай деп ойлайсыңдар? - Дұрыс айтасыңдар балалар, сендер үйде кір жуатын машинаға бақылауды жақсы жасапсыңдар. Автомат кір жуғыш машинасына керекті ұнтақты салып, бағдарламаға қойсаң болды, барлық шаруаны өзі тындырады екен. - Автомат кір жуғыш машинасында жуылған киімдерді не істейміз? - Одан кейін не істейміз? - Жарайсыңдар, енді үтік жайлы айтып өтейік. Бұрын адамдар киімдерін үтіктемей киген екен. Содан кейін көмірмен қызатын үтікті ойлап тауыпты (суретін көрсетеді). Ол өзі ауыр, ыңғайсыздау әрі тез суып қалатын болғандықтан, кейінгі кезде тоқпен қызатын үтікті ойлап тапқан (үтіктің бірнеше түрлерін көрсетеді). - Ал енді мына суретке қараңдаршы, суреттен не көріп тұрсыңдар? Педагог балаларға ойыншықтар мен жиһаздардың бұрын қалай жасалғандығы, ал қазір қалай жасалатындығы туралы сұрайды. - Балалар, осы айтылғандардың бәрі де кімнің еңбегінің нәтижесі деп ойлайсыңдар? - Сендер тағы да қандай еңбек ететін адамдар туралы білесіңдер? - Жарайсыңдар, балалар, адамдардың еңбегі туралы көп айтуға болады екен. Мысалы, сендердің күнделікті жейтін күріш, тары, қантты да өсіріп, күтіп-баптау үшін адамдар көп еңбек етеді екен. Ал олардың еңбегінің нәтижесін біз бүгінгі көрмеден көрдік. Сендер сол еңбек адамдарының еңбегін бағалау үшін не істеулерің керек деп ойлайсыңдар? Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға кез келген бір заттың суретін салуды, екінші орталықтағы балаларға мүсіндеуді ұсынады. Тапсырманы анықтап түсіндіріп, балаларға бағыт-бағдар беріп отырады. Тәрбиеші балалардың салған суреті мен жасаған мүсіндерін бағалап, бұл да еңбектің нәтижесі екендігін айтып түсіндіреді. Сергіту сәтін ұйымдастырады. Мен ұқыпты баламын, Айтқан тілді аламын. Кірлеп қалса киімім, Өзім жуып аламын. Едендегі шаңдарды Шаңсорғышпен сорамын. Ойыншықтарды орнына Жинастырып қоямын. Дәптермен жұмыс. Тәрбиешідәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. |
Балалар көрмеге келеді. Ол жерден ойыншықтар, жиһаздар, т.б. заттар көреді. Бақылап, естеріне сақтауға тырысады. - Төсек, шкаф, диван т.б. - Ағаштан, матадан жасалған. - Жиһаздар деп айтамыз. - Олар: үтік, теледидар, магнитофон, шаңсорғыщ, тоңазытқыш т.б. - Темірден, пластмассадан т.б. жасалған. - Электротехникалық заттар (Педагогтің көмегімен). - Киімдер, аяқкиімдер, қант, макарон, т.б. - Үлкендер, адамдар, ағалар т.б. Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдап отырады. - Кір жуып жатыр, үй сыпырып жатыр. - Легенге суды құйып, қолмен ысқылап жуып жатыр. - Үйді сыпыртқымен сыпырып, тазалап жатыр.
- Автомат кір жуатын машинамен кір жуған жеңіл. Өйткені автомат кір жуғыш машина өзі жуады, шайқап, сығады және жартылай кептіріп береді. - Кептіру үшін жаямыз. - Үтіктейміз.
Балалар үтік түрлерін көріп, бақылап, өздерінің үйінде бар үтіктерді айтып, ойларымен бөліседі.
- Ойыншықтар, жиһаздар жасап жатқан және киім, аяқкиім тігіп жатқан адамдар. Балалар өткен сабақтарды естеріне түсіре отырып жауап береді. -Адамдардың еңбегінің нәтижесі. - Гүл өсіретін адамдар бар. - Нан пісіретін адамдар бар. - Сиыр сауатын адамдар бар. - Кәмпит жасайтын адамдар бар. - Киімдерді ұқыпты киюіміз керек. - Ойыншықтарды сындырмай ойнауымыз керек. - Тамақтарды жерге тастамай, жинап жүру керек.
Бірінші орталықтағы балалар өздеріне таныс бір заттың суретін салып, екінші орталықтағы балалар мүсіндеп,өздерінің еңбегінің нәтижесі туралы әңгімелеп айтып береді.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлек- сиялық- түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Не үйренгендерін, ненің суретін салғанын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: киім, аяқкиім, жиһаз, электротехникалық және тұрмыстық заттардың, ойыншықтардың адам еңбегінің нәтижесінде келетіндігі туралы.
Игереді: киім, аяқкиім, жиһаздың жасалу жолдары, кір машина мен үтік түрлері туралы, кез келген заттың адам еңбегінің нәтижесі екендігін.
Меңгереді: еңбектің нәтижесінде пайдалы және қажетті өнім алынатынын, ересектердің еңбегін ойын әрекетінде қолдануды.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ойыншықтар.
Мақсаты: өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны), әңгімелеп айтып беруге үйрету. Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін (ойыншықтармен бөлісу) бекіту. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әртүрлі материалдан жасалған ойыншық түрлері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрастыруға арналған материалдар.
Алдын ала жасалатын жұмыс: ойыншықтар дүкеніне саяхат, мазмұнды рөлді «Дүкен» ойынын ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық-қозғау-шылық |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік. Күлкімізді күн қылып, Гүл өссін деп тілейік. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік |
Қонаққа Буратино келеді. Үстел үстінде тұрған бірнеше ойыншықтарды көріп таңырқайды. - Балалар, мына үстел үстіндегі жатқан заттар не? - Ойыншықтарды жеуге бола ма? - Ал мына қарбызды қараңдар, қызық, өзі жеп-жеңіл екен (допты көрсетеді). - Доппен қалай ойнауға болады? Ол неге секіреді? Буратино қолына енді қуыршақты. алады. - Мына қыз менің Мальвина деген досыма ұқсайды екен. - Қуыршақ сонда ауырып қалған ба? - Сонда оны кім шомылдырып киіндіреді? - Бәсе, киімдері тап-таза, өзі де мұнтаздай. Бірақ түкке түсінбей тұрғаным, сонда қуыршақты сендер өздерің жасап қойдыңдар ма? Неден жасадыңдар? Буратино өзіне ұқсайтын жұмсақ ойыншықты көреді. - Балалар, мынау маған ұқсайды екен. Бірақ денесі, мұрны, барлығы да жұп-жұмсақ. Міне, ұстап көріңдерші. - Енді түсіндім, допты резеңкеден, қуыршақты пластмассадан, ал Буратиноны мата мен мақтадан жасайды екен. Дұрыс айттым ба? Тәрбиеші: - Кішкене қателестің. Допты, қуыршақ пен Буратиноны әртүрлі материалдан да жасауға болады деп мата мен мақтадан, резеңкеден, ағаштан жасалған қуыршақтар мен буратино және т.б. ойыншық түрлерін көрсетіп түсіндіреді. Қосымша құрылыс ойыншықтары мен мозаика ойыншықтарын көрсетіп, оның неден жасалғандығын, бұл ойыншықтармен қалай ойнауға болатындығын айтып, ақпарат береді. Ойыншықтармен ойнау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескертеді. Балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға машина, қуыршақ, кірпі, күшік, робот, автобус, құрылыс материалдары, т.б. әртүрлі материалдан жасалған ойыншықтардың ішінен өзіне ұнаған ойыншықтың біреуіне сипаттама жасауды, екінші орталықтағы балаларға ойыншықтарға арнап үй құрастыруды тапсырады. Екі орталықта жұмыс істеген балалардың жұмыстарын бірікжандып, сергіту сәтін жасауға шақырады. Сергіту сәтін өткізу. Сағаттың тіліндей солға бір оң аяқ, Сол аяқ жаттығу оңай-аң. Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым, Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық. Алақанды ұрайық. Тәрбиеші дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. |
Балалар Буратиноның келгеніне қуанып, онымен амандасады. - Олар - ойыншықтар. - Жоқ жеуге болмайды. Ойыншықтармен ойнайды. - Ол қарбыз емес, ол - доп, бірақ қарбызға ұқсастығы бар. Өйткені ол домалақ. Бірақ қарбызды жерге ұрсақ бөлініп қалады, ал допты жерге ұрсаң ыршиды. Балалар доппен ойнап көрсетеді. - Доптың секіретін себебі: оның ішінде ауа бар, ал жеңіл болатын себебі, оны резеңкеден жасаған. - Ол - қуыршақ, оның аты - Әйгерім. Қуыршақтың қыздан айырмашылығы сол - ол сөйлемейді, өзі жүріп-тұра алмайды, киімін өзі кие алмайды. - Жоқ, ол ауырып қалған жоқ. Ол ойыншық қой. Сол себепті сөйлей алмайды. - Қуыршақты қыздар ойнаған кезде шомылдырады және киімдерінде жуып, үтіктеп киіндіреді. - Біз жасаған жоқпыз, қуыршақты барлық ойыншықтарды жасағандай арнайы зауыт, фабрикаларда үлкен ағалар мен тәтелер пластмассадан жасайды. Бірінші орталықтағы балалар өздеріне ұнаған бір ойыншыққа зерттеу жүргізіп, сипаттап (қандай ойыншық, қандай материалдан жасалған, онымен кімдер ойнайды т.б ) берерді. Екінші орталықтағы балалар ойыншықтарға арнап үй құрастырып, соңынан барлық құрастырған үйлерді біріктіріп қалашық (городок) жасайды. Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Рефлек-сиялық-түзету- шілік
|
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтардың көлемі, түсі, материалы жағынан алуан түрлі болатынын, бір ойыншықтың бірнеше материалдан жасалуы мүмкін екендігін; ойыншықтарға зер салып, әрекет ету жолдарын.
Игереді: ойыншық түрлері, олардың жасалу жолдары, оларды жасайтын адамдар туралы әңгімелеуді.
Меңгереді: өздеріне ұнаған ойыншықтарды зерттеу арқылы зерттеу жүргізудің қарапайым тәсілін; ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарауды; достарымен ойыншықтарды бөлісіп ойнауды.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Балабақша бөлмесі.
Мақсаты: балабақша ішінде орналасқан бөлмелер мен кабинеттерді салыстыруға үйрету. Балабақша бөлмесінде, аулада еркін бағыт-бағдар жасау, топ бөлмесінде және тұрмыста заттарды дұрыс қолдану іскерліктерін жетілдіру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: балабақшаның ауласы және бөлмелері бейнеленген суреттер немесе фотосуреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, әр балаға арналған мазмұнды суреттер, құрастыруға арналған бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындылары (пеш, музыкалық аспап, дәрігер халаты т.б).
Алдын ала жасалатын жұмыс: балабақша бөлмелері бейнеленген суреттерді қарау. Суреттерді бояу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива- циялық қозғау- шылық |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдас- тырушы- лық- ізденістік
|
Балалардан балабақша бөлмелері туралы білетіндерін сұрайды. - Сендер таңертең қайдан келдіңдер? - Қайда келдіңдер? - Сендердің топтарың қалай аталады? - Сендердің топтарыңда қандай-қандай бөлмелер бар? - Балабақша ішіне саяхат жасағыларың келе ме? Саяхатқа пойызбен барамыз. «Пойыз» ойыны. — Біздің пойызымыз қандай ұзын! Пойызымызға көп вагондар тіркеліпті. Кәне, пойыздың дөңгелектері қалай айналады, көрсетіңдерші. Балаларды ас дайындайтын бөлмеге, музыка залына, медбике кабинеті мен кір жуатын бөлмеге алып келеді де ондағы заттармен таныстырады. - Балалар, біз медбике кабинетіне келдік. - Қалай ойлайсыңдар, неліктен медбике кабинеті деп аталады? - Кәне, балалар, медбике бөлмесін қарап, қандай заттар мен құралдар бар екендігін көріп алыңдар. Бірақ-та қолдарыңмен ұстамаңдар. - Медбике кабинетінде не бар екен? Кабинеттегі медбике құралдары мен олардың орналасуы, сақталуы, қауіпсіздік ережесі туралы айтады. - Кәне, саяхатымызды жалғастырайық. Ас дайындайтын бөлмеге алып келеді. - Қайда келдік деп ойлайсыңдар? - Бұнда кімдер бар екен? - Аспазшылар мен ыдыс жуатын апайлар бар екен. Аспазшылар бұл жерде не істейді? Балаларға асхана ішін тек көзбен шолып шығуды ұсынады. - Балалар, медбике кабинеті мен ас даярлайтын бөлме бір-біріне ұқсай ма? Балаларға әр бөлменің айырмашылықтарына айтқызады. - Қандай ұқсастың табуға болады? Осылайша сұрақтар қоя отырып ас даярлайтын бөлмедегі заттармен таныстырады. Олардың неден жасалғанын айтып түсіндіреді. Үйдегі ас даярлауға арналған пеш пен асханадағы пешті естеріне түсіру арқылы салыстыртады. Ас даярлайтын бөлмедегі пештің неге үлкен екенін сұрайды. Пойызға отырып музыка залына, кір жуатын бөлмеге барып ондағы заттармен, апайлармен таныстырып, олардың (музыка жетекшісі мен кір жуушы) қызметі жайлы әңгіме жүргізеді. Педагог үнемі қауіпсіздікті сақтаудың ережесін балалардың естеріне түсіріп отырады. Музыка залы, ас даярлайтын бөлме мен кір жуатын бөлме туралы айтып берулерін сұрайды. Педагог балабақша бөлмелерін аралатып болған соң топқа келеді. Тәрбиеші балаларды өз қалаулары бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға медбике, аспаз, музыка жетекшісі, кір жуып жатқан адамдардың т.б. іс-әрекеттері бейнеленген суреттерге қарап әңгімелеп беруге, екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген қиындылардан заттарды құрастыруды тапсырады. Сергіту сәті. Балалардың өздеріне таныс сергіту сәтін ұйымдастырады. Дәптермен жұмыс. Тәрбиеші дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. Балаларға таныс сергіту сәтін орындатады. Дәптерде берілген тапсырманы орындатады. |
- Үйден келдік. - Балабақшаға келдік. - Шұғыла тобы деп аталады. - Біздің топта тамақ ішетін, ойнайтын, сабақ өтетін, ұйықтайтын, киім ілетін бөлмелер бар. - Келеді.
Балалар пойыздан түскен сияқты сыңай танытады.
- Себебі: онда медбике отырады. Балалар заттарды қарайды.
- Дәрілер, балаларды тыңдайтын құрал, укол, шприц, көп дәптерлер, кітаптар т.б. Балалар пойызға отырып, ас дайындайтын бөлмеге немесе асханаға келеді.
Асты кімдер, қалай әзірлейтінін көреді. Ac үйдегі ыдыстар жайлы біледі.
- Медбике де, аспазшылар да аң халат киген. Сонысымен ұқсайды. Бөлме ішіндегі заттарды осыған дейін көрген бөлмелердегі заттармен салыстырады. Үйдегі газ пештері мен ас даярлайтын бөлмедегі пештерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын айтады.
Гу-гу, гу-гу, гуілде, Қалып қойма бәрің де. Піш-піш, піш-піш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. - Асхананың іші кең, жарық, ыстық. - Музыка залы үлкен әрі кең, жарық, ауасы таза, іші салқын. Музыка залында домбыра, сылдырмақ, баян бар. - Kip жуатын бөлменің іші тар, онда кір жуатын машиналар, киім үтіктеуге арналған үтік пен басқа да заттар бар. Балалар пойызға отырып топқа айтады. Бірінші орталықтағы балалар суретке қарап әңгімелеп береді. Өздерінің олармен қарым-қатынасын айтады. Екінші орталықтағы балалар бірнеше бөлікке бөлінген қиындыларды (пеш, халат, кір жуатын машина, музыкалық аспаптар т.б.) құрастырады. |
Рефлек-сиялық-түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балабақша ішінде орналасқан бөлмелер мен кабинеттер, ондағы қызметкерлердің жұмысы, құрал-саймандары туралы.
Игереді: асхана, жатын бөлме, кір жуатын бөлме, медбике кабинеті мен онда жұмыс істейтін адамдардың қызметі, құрал-саймандары туралы білімді.
Меңгереді: балабақша бөлмесінде, аулада еркін бағыт-бағдар жасауды; топ бөлмесінде және тұрмыста заттарды дұрыс қолдануды.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Асхана құралдары.
Мақсаты: тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды таныстыра отырып, ыдыс-аяқтар туралы салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруге үйрету. Ыдыстардың алуан түрлі болатынын (түсі, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы) айта отырып, бағыт-бағдар жасай білуін дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылау. Ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыра отырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ойыншық ыдыс-аяқтардың түрлері (шай, тамақ ішетін, тамақ пісіретін, т.б. ыдыстар, құралдар).
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Алдын ала жұмыс: Пұшайман Федора ертегісін оқу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива- циялық- қозғау- шылық |
Шаттық шеңберді ұйымдастыру. Балдырған баламыз, Досты көп табамыз, Қашан да, қайда да! Дос болып бәріміз Сенімді боламыз! |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдас- тырушы- лық- ізденістік
|
- Балалар, бізге ертегілер әлемінен түлкі мен тырна келіпті. Мен таңертең келсем олар өзара дауласып жатыр екен. Не болғанын сұрасам екеуі түскі тамаққа қонақ шақырыпты. Соған түлкі тамақты табаққа, ал тырна, құмыраға пісірмек болып дауласып жатыр. Кәне, екеуіне көмектесіп жіберейік. Сендердің ас даярлайтын бөлмеге саяхат жасағандарың естеріңде ме? Сонда тамақты қандай ыдысқа даярлаған еді? - Жайпақ па әлде шұңғыл ма? - Ол неден жасалған шыныдан ба әлде металдан ба? - Ал картопты қандай ыдыста қуырады? - Табаға тағы да нені қуыруға, пісіруге болады? - Ал сүтті қандай ыдыста пісіреді? - Тамақты пісіруге, қуыруға арналған ыдыстар қандай материалдан жасалады. - Неліктен олай ойлайсыңдар, мүмкін шыны, фарфор, пластмасса ыдысқа да тамақ пісіретін шығар. - Дұрыс айтасыңдар, балалар, тамақты металл, алюминий немесе сырты сырланған темір ыдыстарда ғана пісіруге болады екен. Түлкі, тырна, сендер түсіндіңдер ме? (Екеуі түсінгендіктерін білдіреді). - Кастрөлдер қандай болады? - Ал дайын болған сорпасы бар тамақты қандай ыдысқа құямыз? - Салатты қандай ыдысқа саламыз? - Нанды қандай ыдысқа саламыз? - Тамақты немен ішеміз? - Салатты немен жейміз? - Нанды немен тураймыз? Тәрбиеші ас даярлауға, тамақ ішуге және шай ішуге арналған ыдыстар болып бөлінетіндігін, олардың көлемі, түсі жағынан әртүрлі болатындығын (үлкен кастрөл, кіші кастрөл), дастарқан мәзірін дайындауда қойылатын ыдыс-аяқтар мен құралдар, майлық орамалдар туралы қосымша сұрақтар қоя отырып, ақпарат береді. «Кім бірінші» ойыны: Тәрбиеші балаларды екі командаға бөледі. Ойын шарты бойынша бірінші түлкінің командасының балаларына жайпақ ыдыстарды, екінші тырнаның командасының балаларына шұңғыл ыдыстарды топтастыру ұсынылады. Түлкі мен тырна балалармен бірге ойынға қатысады. Түлкі мен тырна қонақ күтуге дайындық жасайтындарын айтып қоштасады. Педагог балаларға түлкі мен тырнаға тамақ пісіру кезіндегі қауіпсіздік сақтаудың ережесін түсіндіру керектігін айтады. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Қарлығаш боп ұшайық. Бір отырып, бір тұрып, Жақсы сергіп алайық. Сергіту сәтін ұйымдастырып болғаннан кейін педагог балаларға дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. |
- Сорпасы бар сұйық тамақты кастрөлге пісіргенін көрдік. - Шұңғыл. - Металдан, темірден жасалған. - Табаға қуырады. - Балықты қуырады, етті қуырады, орамжапырақты бұқтырады. - Шұңғыл кастрөлде пісіреді. - Металдан, алюминийден. - Шыны, фарфор ыдыстар сынып қалуы мүмкін, ал пластмасса еріп кетеді.
- Үлкен, орташа, кіші, ақ, қызыл. - Сұйық тамақты шұңғыл тәрелкеге құямыз. - Салат салуға арналған шыны, фарфор ыдыстарға. - Арнайы нан салатын ыдысқа. - Қасықпен. - Шанышқымен. - Пышақпен.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, өз тәжірибелеріне сүйеніп, өткен сабақтарда алған мағлұматтарды естеріне түсіре отырып сұрақтарға жауап береді.
Балалар түлкі мен тырнаға көмектесіп, ыдыстарды топтастырады. Топтастырған ыдыстары туралы айтып береді.
Ойын аяқталғаннан кейін топтастырылған ыдыстарды түлкі мен тырнаға беріп, тамақ пісіру кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін айтып береді.
Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды. |
Рефлек-сиялық- түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруді; ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылауды.
Игереді: тамақ пісіруге, ішуге арналған ыдыстар мен құралдардың алуан түрлі болатынын; асхана ыдыстарының металдан жасалғандығын.
Меңгереді: ыдыс-аяқтар мен асхана құралдарын топтастыруды; дастарқан мәзірін жасауды; ыдыстарды сақтау ережелерін.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Үй жиһаздары.
Мақсаты: үй жиһаздарының ерекшеліктері, қандай материалдан жасалғандығы, күнделікті тұрмыста пайдаланылуы, қажеттілігі туралы айтып беруге үйрету. Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Жиһаздарды жасаған адам еңбектері түсінік бере отырып, олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жиһаздарының макеті, суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, қайшы, желім, фломастер, ойыншық жиһаздар, сіріңке қораптары.
Алдын ала жұмыс: жиһаздар сататын дүкенге саяхат ұйымдастыру, әңгіме жүргізу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива- циялық- қозғау- шылық |
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы көңіл күй тілейді. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. |
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтып, өлең мазмұнына қарай қимыл-әрекет орындайды. |
Ұйымдас- тырушы- лық- ізденістік |
- Балалар, қуыршақтың үйіне жаңадан заттар әкеліпті. Қандай заттар екенін білгілерің келе ме? - Олай болса қуыршақтың үйіне барайық. Қуыршақтың үйіне келгеннен кейін тәрбиеші балалардың назарын үйдегі заттарға аударады. Оны ұстап көруге рұқсат береді. Тәрбиеші жиһаздардың жеке-жеке суреттері мен макетін көрсетіп, олардың атын, тұрмыста не үшін қолданатынын сұрайды. - Дұрыс айттыңдар балалар. Енді осы заттардың тағы не үшін керек екендігін айтыңдаршы. Мысалы, үстел не үшін керек? - Үстелді тағы не үшін пайдаланамыз? - Ал мынау не? - Орындың не үшін керек? - Орындыңты тағы да не үшін пайдалануға болады? - Орындық неден түрады? - Тағы да ненің арқалығы және аяқтары болады? - Орындықтың қандай түрлері болады? - Ал мынау не? - Диван не үшін керек? Осылайша таныстыратын жиһаздарды жеке-жеке сұрап шығады. - Орындың, үстел, диван, төсек, кресло, шкафтардың ұқсастығы бар ма? Несімен ұқсайды? - Бұл заттарды кімдер жасады? Тәрбиеші сүрақтар қоя отырып, диван, кресло, төсек, шкафтардың қажеттілігі, оларды топтастырып, бір сөзбен «жиһаз» деп айтылатыны және жиһаздардың әр бөлменің көлеміне, түр-түсіне, пайдалануына байланысты да болатындығы туралы ақпарат береді. Үй жиһаздарын ағаш шеберлері жасайтынын және жиһаздардың жасалуына дейінгі кезеңдерді түсіндіреді. 1. Өсіп тұрған ағаш. 2. Сүргіленген бөренелер. 3. Тақтайшалар, ағаш үгінділері, фанерлер. 4. Жиһаздың дайын болған кезі. Тәрбиеші балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға қуыршақтың үйіндегі жиһаздарды дұрыс орналастыруды ұсынады. Екінші орталықтағы балаларға кішкентай ойыншық қоянға арнап сіріңке қораптарынан жиһаздар құрастыру тапсырылады. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Бір отырып, бір тұрып, Қолымызды жаяйық, Құс боп қанат қағайық. Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы. орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, орталықтағы жұмыстың нәтижелілігін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады. Дәптермен жұмыс. |
- Келеді. Балалар қуыршақтың үйіне келеді. Ол жерден балалар көп жиһаздарды көреді. Қызыға қарайды, ұстап көреді. Зерттеп, бақылау жасайды. - Ол үстел, орындың, төсек, диван, шкаф, кресло, киім ілгіш шкаф т.б. деп суреттегі заттарды атап, олардың тұрмыстағы қолданылуы туралы айтады. - Үстел тамақ ішу үшін керек. - Жазу жазу үшін, сурет салу үшін. - Орындық. - Орындық, отыру үшін керек. - Ойнауға, орындыққа шығып биіктегі затты алуға болады. - Отырғыштан, арқалығынан және аяқтарынан. - Диванның, креслоның. Қызыл, жасыл, сары, темір, ағаш, үлкен, кіші. - Диван. - Диван адамдар отырып, кейде жатып демалу үшін керек. - Ұқсастығы бар. Олар ағаштан жасалған, аяқтары бар. - Ересек адамдар. Балалар жиһаздардың көпшілік жағдайда ағаштан жасалатындығын, олардың жасалу жолдары мен жасаған адамдардың еңбегімен танысады. Бірінші орталықтагы балалар бөлменің ішіне жиһаздарды орна- ластырады. Мысалы, үстел тұрған жерге орындықты, т.б. сіріңке қораптарынан жиһаздар құрастырады. Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдарды орындайды. Екінші орталықтағы балалар үлгіге қарап отырып, қоянға арнап жиһаз құрастыру. Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып, орталықта берілген тапсырманы орындайды. Орталықтағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орындарына отырып, дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
Рефлек- сиялық- түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері жайлы әңгімелеп айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жиһаздарының ерекшеліктері, қандай материалдан жасалғандары, күнделікті тұрмыста пайдаланылуы, қажеттілігі туралы.
Игереді: үй жиһаздарын ерекшеліктері мен жасалған материалдарына, тұрмыста пайдаланылуына, қажеттілігіне қарай ажыратып, топтастыруды.
Меңгереді: жиһаздардың орналасу ерекшелігін (бөлмеге орналасуы), тұрмыста қолданылуын.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ыдыс-аяқ.
Мақсаты: ыдыстардың ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын (шайдың ыдыстары: фарфордан, шыныдан жасалатындығы, түсі, көлемі, материалы, т.б.), күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету. Оларды сақтау ережелерімен таныстыру. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, сөйлеушіні тыңдау, қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнату.
Көрнекіліктер: ыдыс-аяқ түрлері, суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, ермексаз, ойыншық ыдыстар.
Алдын ала жасалатын жұмыс: күнделікті ас ішетін ыдыстар, олардың бөліктері жөнінде әңгіме жүргізу. Ата-аналарымен бірге ыдыс-аяқтар сататын дүкенге саяхат жасау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива- циялық- қозғау- шылық |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады. Жұмбақ жасыру. 1. Беті дуылдап тұр, Танауы шуылдап тұр. 2. Кесе, шыны, пияла Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? - Бүгін немен танысатынымызды өздерің де түсінген боларсыңдар. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. - Шәйнек. - Ыдыс-аяқ. - Бүгін ыдыс-аяқ түрлерімен танысамыз. |
Ұйымдас- тырушы- лық- ізденістік
|
Тәрбиеші жалпы ыдыс-аяқтың түрлері, олардың неден жасалғандығы туралы сұрайды. - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ыдыс-аяқтың түрлері өте көп. Шай ыдыстары кесе, төрелке шыныдан, фарфордан жасалады. - Балалар, қонаққа барғыларың келе ме? - Кәне, олай болса біз қазір көрші ауылға қонаққа барайық. Олар алдын ала безендірілген қуыршақтың үйіне келеді. Ол жерден балалар үстелді жағалай отырған бірнеше қуыршақтарды көреді. Тәрбиеші бүгін Гауһар атты қуыршақтың туған күні екендігін, соған бірнеше қуыршақтың қонаққа келгендігін айтады. Және үстел үстінде тұрған ыдыс-аяқтарды көрсетеді. - Балалар, бірінші қуыршақтармен танысып алайық деп әрбір қуыршақтың атын атап шығады. - Әйгерім атты қуыршаң не істеп отыр? - Шайды қандай ыдыспен ішіп отыр? - Талшын шайды қандай ыдыспен ішіп отыр? - Талшын шайды шыныаяқпен ішіп отыр. - Шыныаяқ пен кесенің іші қандай? - Неліктен шұңғыл, терең етеп жасаған? Тәрбиеші шыныаяқ және кесенің шай ішуге арналғандығын, оның су немесе шай құйылатындай терең етіп жасалғандығын айтып түсіндіреді. - Шыныаяқ пен кесенің айырмашылығы қандай? - Тұтқаны не үшін жасаған деп ойлайсыңдар? - Үстелдің үстінен тағы қандай ыдыстар көріп тұрсыңдар? - Қант, тосап салынған ыдыс неден жасалған деп ойлайсыңдар? - Осы аталған ыдыстарды бір сөзбен қалай айтуға болады? - Жарайсыңдар, балалар, бұл ыдыстар шай ішуге арналған ыдыстар екен. Енді шкафтың үстінде тұрған ыдыстарды айтып беріңдерші. - Тәрелкелер не үшін керек? - Сорпаны қандай тәрелкемен ішер едіңдер? - Не үшін шұңғыл тәрелкемен ішеміз? - Дұрыс айтасыңдар, енді балабақшада тамақ ішетін ыдыстарды есімізге түсірейікші. Тамақ ішкенде тағы қандай ыдыстарды пайдаланатын едік? - Дұрыс айтасыңдар, бұл ыдыстарды көбінесе түскі, кешкі ас ішкенде пайдаланады екенбіз. Осылайша сұрақтар қоя отырып шай ыдыстарының түрлері, түсі, көлемі, материалы және олардың тұрмыста қолданылуы туралы ақпарат береді. Олардың аталуы мен топтасқан күйіндегі аталуының мағынасын түсіндіреді. Мысалы, кесе, табақ, шәйнек - бұлар ыдыстар. - Балалар, осы ыдыстарды қай жерге орналастырған ыңғайлы депойлайсыңдар? - Ал ыдыс-аяқты пайдаланғаннан кейін не істеу керек? - Не үшін? - Қандай ыдыстың сынып қалуы мүмкін? - Қандай ыдыс сынбайды деп ойлайсыңдар? - Ыдыстарды қайдан алуға болады? «Дүкеншісіз дүкен» Ойын: (ойынды бастамас бұрын тәрбиеші ыдыс-аяқтарды бақылап, зерттеу жүргізуді ұсынады). Ойын шартын түсіндіреді. Ойын шарты бойынша ыдыстардың суреті салынған бірнеше карточканың ішінен біреуін таңдап алып (бір карточкада бір зат (шәйнек) бейнеленуі керек) дүкенге келеді. Дүкенде сатушы болмайды. Бала суретте бейнеленген ыдысты тауып, сипаттама жасайды. Егер бала карточкада бейнеленген ыдысты дұрыс тауып, сол туралы айтып берсе, онда сол ыдыс сатылды деп есептелінеді. Балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға ыдыстарды ішінде салынған заттарымен мүсіндеу тапсырылады. Екінші орталықтағы балаларға шай ыдыстары мен тамақ ішетін ыдыстарды жеке-жеке топтастыру тапсырылады. Сергіту сәті. Ыдыстарды жинаймын, Үлкендерді сыйлаймын. Кесе, қасық бәрін де Өз орнына қоямын. Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, орталықтағы. жұмыстың нәтижелілігін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады. Дәптермен жұмыс. |
Балалар өздерінің тәжірибесіне сүйеніп, ыдыс-аяқ туралы білетіндерін айтады. - Келеді. - Шай ішіп отыр. - Кесемен ішіп отыр. Балалар әртүрлі жауаптар айтады. -Шұңғыл. -Шай құю үшін. -Шай төгіліп қалмас үшін. - Шыныаяқтың тұтқасы бар, ал кеседе тұтқа жоқ. - Ұстауға ыңғайлы болуы үшін. Қант, тосап салынған ыдыс. - Шыныдан, т.б. - Шай ыдыстары деп атауға болады. - Тәрелкелер мен нан салатын ыдыс. - Тамақ ішу үшін, сорпа ішу үшін. - Шұңғыл тәрелкемен. - Өйткені, сорпа сұйық, оны жайпақ ыдысқа құйсақ, ол төгіліп қалады. - Бірінші сұйық тамақты шұңғыл ыдыспен, ал екінші қою тамақты жайпақ ыдыспен ішеміз. Балалар ыдыстардың түрлерін атап, олардың қажеттілігі жайлы әңгімелейді. - Шкафтарда, сөреде, үстелдің үстінде. - Сумен жуып, кептіру керек. - Таза болу үшін. - Шыныдан, фарфордан, ағаштан жасалған ыдыстардың сынуы мүмкін. - Темірден жасалған шәйнек, табақ. - Дүкеннен алуға болады. Балалар үстел үстінде жатқан карточкалардың ішінен біреуін таңдайды, өзінің карточкасында бейнеленген суретке қарап, дүкеннен тура сондай ыдысты алады да, сол алған ыдысы туралы білетінін әңгімелейді. - Мынау шәйнек, ол темірден жасалған. Шәйнектің қақпағы, шүмегі, тұтқасы бар. Бұл шәйнекпен шай демдеуге болады. Қалған балалар дұрыс-бұрыстығын айтып отырады. Бірінші орталықтағы балалар кесе, шәйнек, ішіне нан, жемістер салынған табақ т.б. мүсіндейді. Екінші орталықтағы балалар шай ыдыстары мен тамақ ішетін ыдыстарды жеке-жеке топтастырып, дастарқан мәзірін жасайды. Өлең жолдарының мазмұнына қарай қимылдар орындайды. Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып орталықта берілген тапсырманы орындайды. Орталықтағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орындарына отырып, дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
Рефлек-сиялық-түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері және мүсіндеген заттары жайлы әңгімелеп айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ыдыстардың ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын, күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруді, сөйлеушіні тыңдауды, қойылған сұрақтарға жауап беруді.
Игереді: фарфор, шыны, темірден жасалған ыдыс түрлерін, олардың қолданылуын, тұрмыста қажеттілігін, ыдыстардың көлеміне қарай үлкен-кіші болып бөлінетінін, түсінің әртүрлі болатындырын біледі.
Меңгереді: ыдыс-аяқ түрлерін қажеттілігене қарай пайдалануды, топтастыруды, сақтау ережелерін.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Көлік түрлері.
Мақсаты: өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырып, ажыратып айтып беруге үйрету. Әртүрлі көлік құралдарының түрлі мамандық иелері туралы білімін кеңейту. Олардың еңбегін бағалауға, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: көлік түрлері бейнеленген суреттер, ойыншықтар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, қағаздан жасалған кеме, су құйылған көлемді ыдыс, пенопласт.
Алдын ала жасалатын жұмыс: көлік түрлерін бақылау. Жолда жүру ережесіне байланысты әңгіме жүргізу немесе дидактикалық ойын ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива- циялық- қозғау- шылық
|
«Кім қандай көлікпен келді?» ойыны. Ойын шарты: тәрбиеші балаларды шеңбер бойына тұрғызып, допты лақтырып, балабақшаға қандай көлікпен келгендігін сұрайды. Балалардан көлік түрлері: автобус, ұшақ, кеме, пойыз туралы сұрай отырып, көлік жүргізетін адамдар туралы әңгіме жүргізеді. |
Допты қағып алған бала қандай көлікпен келгендігін айтады (машина түрлерін, маркасын, немесе түсіне байланысты айтуы да мүмкін). Өздерінің серуен кезінде бақылаған немесе көрген көлік түрлерін айтады. |
Ұйым- дастыру- шылық- ізденістік |
Тәрбиеші көліктердің қоғамдық, жеке және жүк көліктері болып бөлінетіндігін айтады. -Машинаны жүргізетін адамды кім деп атауға болады? -Жүргізуші ең бастысы нені білуі керек? Тәрбиеші балаларға көлік түрлерінің суреттерін көрсете отырып, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтуға болатындығын сұрайды. Егер бала жауап бере алмаса өзі айтады. Ойыншың машиналарды көрсетіп, олардың атын, атқаратын қызметін сұрайды. № 1 ойын: «Дауысынан таны». Үнтаспадан көлік түрлерінің (пойыздың гудогі, ұшақтың, кеменің т.б) дыбыстары естіледі. № 2 ойын «Сипатта». Көп суреттердің ішінен өзіне ұнаған көлік түрі туралы алып, сипаттап айтып беру тапсырылады. Сергіту сәті. Дәптердегі тапсырманы түсіндіреді. |
-Жүргізуші. -Машина жүргізуді, жолда жүру ережесін және т.б. Көліктер деп атайды. Балалар қандай дыбыс естігендерін қайталап, қандай көлік түрінің дыбысы екендігін табады. Балалар автобус, трамвай, кеме, пойыз, жедел жәрдем және өрт сөндіруші машинасының құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай сипаттап береді. Сергіту сәтіндегі өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды. |
Рефлек- сиялық- түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көлік түрлері, олардың қызметіне қарай бөлінуі, айырмашылығы мен ұқсастықтарын; олардың қоғамдық көлік деп аталатындығын; көліктердің бірнеше топқа бөлінетіндігін; көлік жүргізу үшін де арнайы мамандық иесі болатындығын.
Игереді: автобус, трамвай, ұшақ, кеме, пойыз, өрт сөндіруші және жедел жәрдем медицина көлігі, олардың әуе көлігі, суда жүзетін, темір жолмен жүретін, жолмен жүретін деп бөлінетіндігі, оларды жүргізетін адамдардың жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан деп аталатындығы туралы.
Меңгереді: көлік түрлерін сыртқы құрылысы мен қызметіне қарай ажыратады, жүргізушілер еңбегін бағалайды.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Жүк көлігі.
Мақсаты: түрлі жүк тасуға арналған көлік түрлерімен таныстыра отырып, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын атап айтып беруге үйрету. Көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатыны туралы түсінігін кеңейту. Адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: көлік түрлері бейнеленген суреттер, ойыншықтар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрылыс материалдары, өздерінің жеке жұмыс жүргізуіне арналған машина түрлері.
Алдын ала жасалатын жұмыс: шаттық шеңберіне байланысты өлең жаттау, үйлерінен өздеріне ұнайтын машина түрлерін әкелу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива- циялық- қозғау- шылық |
«Шуақты күн» ойыны. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, ортада тұрған дөңгелек пішіннің айналасына сары түсті ұзынды-қысқалы жолақшаларды қоя отырып, жылы лебіздер айтады. |
Ұйымдас- тырушы- лық- ізденістік
|
Балаларға көліктер тұрағына (гараж) баратындықтарын айтады. Тұрақта әртүрлі ойыншық машина түрлері орналасқан. Көліктер тұрағына арқасына қап арқалаған Дымбілмес келіп, балалардан көмектесуді сұрайды. Тәрбиеші үстелдің үстіне сүт, нан, және хат, ашықхаттарды қойып, оларды қайда және немен апаруға болатындығын білмей тұрғандығын айтады. -Кәне, балалар, мына заттарды қандай көлікпен апаруға болатындығын ойланайық. Аталған заттарды тасуға қажетті машиналарды нақты тапқанынша жетелеуші сұрақтар қойып отырады. Мысалы, нан мен хаттардың жаңбырдың астында қалып, су болып қалмауын немесе желден қорғау жағын да ойлайық деген сияқты. Осылайша педагог жүк көліктерінің екі түрге бөлінетіндіктерін (фургон, цистерна, т.б.) және олардың жүктің барлық түрін таситындығын, машиналардың құрылысын, ұқсастықтарын, айырмашылығын айқындайтын сұрақтар қояды. Балалар екі орталыққа бөлінеді. Бірінші орталықтағы балаларға көліктерге арнап автотұрақ құрастыру, екінші орталықтағы балаларға суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп беру тапсырылады.
Сергіту сәтін өткізу.
Дәптердегі тапсырманы түсіндіреді. |
Балалар қуанады. Балалар сүт пен нанды дүкенге, ал хаттарды поштаға апару керектігін айтады. Балалар көліктің барлығын алып, қарайды, бақылау жасайды. Соңында балалар сүт, нан, хат таситын машина түрлерін табады. Олардың шанағының (кузовының) неліктен жабық болу керектігін түсіндіреді. Жүк машиналарының түрлерін, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы айтып береді. Бірінші орталықтағы балалар үйлерінен әкелген көлік түрлеріне лайықтап автотұрақ жасайды, екінші орталықтағы балалар суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп береді. Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлек- сиялық- түзету- шілік |
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді, сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: түрлі жүк тасуға арналған көлік түрлерін, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын, көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатындығын.
Игереді: сүт, нан, пошта таситын көлік түрлерін, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын және жүк таситын көлік түрлерінің өзіндік айырмашылығы мен ұқсастықтарын, көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатындығын құрастыруда үйренгендерін күнделікті ойын кезінде түсініп қолданады.
Меңгереді: көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына, автотұрақтардың көлік түрлері мен көлеміне байланысты болатындығын.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Өмір қауіпсіздігі.
Мақсаты: өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, қауіпті жағдайға кез бола қалған жағдайда өзін ұстай білуге үйрету. Қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыптылыққа, ептілікке, қырағылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қауіпті жағдай тудыратын заттар мен құбылыстар бейнеленген суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, доп, ермексаз.
Алдын ала жұмыс: қауіпсіздік ережесін сақтауға байланысты бейнетаспалар қарау, әңгіме оқу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық-қозғау-шылық |
Шаттық шеңберді ұйымдастыру. |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдас-тырушы-лық-ізденістік
|
«Жалғасын тап!» ойыны Шарты: балалар шеңбер бойына тұрады. Тәрбиеші балаларға таныс өлеңнің бір жолын немесе бір шумағын айтып, допты кез келген бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала өлеңнің жалғасын тауып айту керек. Мысалы: -Өрт пен түтін айнала, Қарап тұрма жай ғана. Тез хабар бер... Уақытты сен байлама. -Енді мына сиқырлы қорапшаға назар аударыңдар. Сиқырлы қорапшаның ішінде бірнеше заттар бар. Мен жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар ғана ол заттарды қорапшадан алуға болады. Егер шешуін таппасаңдар, онда қорапшадағы зат та алынбайды екен. Жұмбақтар жасыру. Шешулері: пышақ, балға, ине, үтік, қайшы. -Жарайсыңдар, міне, сендер шешуін тауып едіңдер, заттардың өзі де пайда болды. Енді мұқият қарап, осы заттардың ішінде қайсысы қауіпті деп ойлайсыңдар? -Олар қандай жағдайда қауіпті болады? -Мына заттардың ішінде қайсысын сендерге ұстауға немесе пайдалануға болмайды? -Сендерге қай затты абайлап үлкендердің көмегімен қолдануға болады деп ойлайсыңдар? -Үйде немесе балабақшада тағы қандай заттар қауіпті болуы мүмкін? -Қай жер балалар үшін қауіпті болуы мүмкін? -Олар не үшін қауіпті деп ойлайсыңдар? -Ал біреу киім тігіп отырса, балғамен шеге қағып жатса немесе пышақпен нан турап, қайшымен бір затты қиып жатса, оран кедергі жасауға бола ма? -Неге кедергі жасауға болмайды деп ойлайсыңдар? -Егер бір жерлеріңді кесіп немесе ұрып алсаңдар, ең бірінші не істеу керек? -Дұрыс айтасыңдар, дегенмен де қауіп тудыратын заттарды ұстамауға тырысу керек екен. Осылайша сұрақтар қоя отырып балаларды үйде және балабақшада, көшеде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар туралы ақпарат беру. Балалар жауап бере алмаған жағдайда жетелеуші сұрақтар қою немесе мысалдар келтіру. Сергіту сәті. Педагог дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. |
Балалар ойын ережесін сақтап, ойнайды.
-101-ге.
-Ине қауіпті. Пышақ қауіпті. Газ қауіпті. Барлығы да қауіпті. -Инені дұрыс ұстамаса қолыңа кіріп кетеді т.б.
-Қайшыны, балға, пышақты. -Қайнап тұрған су, ыстық шәйнек, ыстың тамақ, шыны, ыдыстардың сынығы, дәрілер т.б. -Лифт, балкон.
-Балконда тұрғанда абайламасаң құлап кетуің мүмкін. - Лифтіге жалғыз кірсең, ол тоқтап қалса, қорқасың. -Болмайды.
-Себебі: қолыңа ине кіргізіп алуы, пышақпен, қайшымен қолын кесіп алуы, балғамен қолын, аяғын ұрып алуы мүмкін.
-Үлкендерден көмек сұрауымыз керек.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды. |
Рефлек-сиялық-түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы.
Игереді: үшкір заттармен, отпен ойнамау керек екендігін, электр құралдарынан алыс жүруді, таныс емес адамға есікті ашпауды, серуен кезінде ересек адамдардан алыстап кетпеуді.
Меңгереді: үйде, балабақшада қауіпсіздік ережелерін сақтауды, қауіпті жағдайға кез бола қалған жағдайда өзін ұстай біледі, үлкендерді көмекке шақырады.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ақпараттық құралдар.
Мақсаты: теледидар, радио, телефон, компьютердің ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекіліктер: теледидар, радио, телефон, компьютер, суреттер, кітаптар мен газет-журналдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, ермексаз.
Алдын ала жасалатын жұмыс: теледидар, радио, телефон, компьютерге бақылау жасау. Компьютер тұрған бөлмеге саяхат жасау. Ересек адамдардың компьютермен жұмыс істеп жатқанын бақылау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық- қозғау- шылық |
Тәрбиеші теледидар, радио, телефон, компьютерге байланысты жұмбақтар жасырады. |
Балалар жұмбақтардың шешуін табуға тырысады. |
Ұйымдас- тыру- шылық- ізденістік
|
«Не екенін тап!» ойыны. Тәрбиеші ішіне ұялы телефон салынған қорапты көрсетіп, балалардан: -Қораптың ішінде не бар? -деп сұрайды. -Дәл таптың. «Қораптың ішінде ұялы телефон бар екен», - деп қораптан телефонды алып шығып көрсетеді. Педагог телефонның бірнеше түрлерін көрсете отырып, телефон арқылы біреуден ақпарат алуға болатындығын және ақпарат сөзінің мағынасын түсіндіреді. -Қалай ойлайсыңдар, тағы да нелер арқылы ақпарат алуға болады? Теледидар, радио, компьютер арқылы ақпарат алу жолдарын, ақпаратты сезу мүшелері (құлақ, көз т.б.) арқылы алатындығын және кітап, газет-журналдар, телехабарлар арқылы алуға және таратуға болатындығын қосымша сұрақтар қоя отырып түсіндіреді. - Қалай ойлайсыңдар, кітап, газет-журналдар арқылы ақпаратты қалай алуға болады? -Дұрыс айтасыңдар. Адамдар кітап, газет-журналдардан өздеріне керекті кез келген ақпаратты ала алады екен. Телехабарлардан қандай ақпарат алуға болады. -Дұрыс айтасың. Тағы да қандай ақпарат аламыз? - Жаңалықтан күнделікті өзіміздің мемлекетімізде, тіпті шетелдерде болып жатқан оқиғалар туралы естіп, ақпарат аламыз. Осындай ақпаратты тағы қайдан алуға болады? Ойын: Ойын шарты бойынша педагог үш, төрт баланы шақырып, еліміздің кең байлықтары көмір мен мұнай туралы ақпарат береді. Сергіту сәтін өткізу. Қатты нөсер басылды, Күн жарқырап ашылды. Неше түрлі әдемі Кемпірқосақ жасалды. Тәрбиеші дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. |
-Алма ма? -Онымен біреумен сөйлесуге бола ма? - Онда ол - телефон. Балалар таңырқай қарап, телефонға назар аударады. Балалар теледидар, радио, компьютердің атқаратын қызметі туралы айта отырып, педагог тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. -Оларды оқу арқылы. -Ертеңгі ауа райы туралы ақпарат алуға болады. Балалар жауап беруге тырысады. -Компьютерден аламыз. Балалар жауап беруге тырысады. Педагогтен ақпарат алған балалардың біреуі телехабар, екіншісі телефон, үшіншісі газет арқылы ақпаратты таратушы рөлінде ойнайды. Басқа балалар ақпарат құралдарын және таратушы адамды атайды. Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды. Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлек- сиялық- түзету- шілік |
Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. |
Дәптерге белгілерді белгілейді. Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: теледидар, радио, телефон, компьютер, кітаптар мен газет-журналдардың ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы.
Игереді: қарапайым ақпарат көздерін қолдануды, ақпарат алушы мен таратушы туралы білімді.
Меңгереді: ақпаратты электронды техникалар, газет-журналдар, телехабарлар арқылы алуға және таратуға болатындығын, қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Табиғаттағы қауіпсіздік ережесі.
Мақсаты: қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Табиғат аясында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Өзіне, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мазмұнды суреттер. Орман көрінісі.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива-циялық-қозғау-шылық |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдас-тырушы- лық- ізденістік
|
- Балалар, бізге бір хат келіпті. Бұл хатты Ернар мен Жанар деген балалар жазыпты. Олар орманнан саңырауқұлақ терген екен. Алайда саңыраукұлақтың қайсысын жеуге болатындығын білмейді екен. Сол себепті сендерден көмек сұрап хат жазыпты. Бірақ балалар, олар өздерінің қандай саңырауқұлақ жинап алғандығы туралы айтпапты. Суреті де жоқ. Олар бізді орманда күтетіндіктерін айтыпты. Сондықтан балалар мен сендерді орманға саяхатқа баруға шақырамын. Барғыларың келе ме? Тәрбиеші балаларды алдын ала дайындаған орманға әкеледі. Ол жерден Ернар мен Жанарды кездестіреді. Ернар мен Жанар балаларға себеттегі теріп алған саңырауқұлақтарын көрсетеді. -Балалар, мынау қандай саңырауқұлаң екендігін білесіңдер ме? Бұлар - улы саңырауқұлақтар. Ал улы саңырауқұлақты жеуге болмайды. Бұл саңырауқұлақтар адамдар үшін өте зиян, ал орман тұрғындары үшін пайдалы, зияны жоқ екен. Ернар, Жанар сендердің теріп алған саңырауқұлақтарыңның барлығы да жеуге жарамсыз. Себебі: сендер тек улы саңырауқұлақтарды теріп алыпсыңдар. Ернар мен Жанар: -Біз білмей қалдық. -Міне, балалар, көрдіңдер ме, егер өздеріңе таныс емес өсімдік, саңырауқұлақ немесе жидек көрсеңдер, оны теріп жеуге болмайды екен. Ал орманда басқа да жеуге жарамды жемістер бар. Мысалы, міне, мына қызыл жидекке қараңдаршы. Бұны адамдар қой бүлдіргені деп те атайды. Осыған ұқсас жемісті көргендерің бар ма? Жанар: - «Ой мына жерде қойбүлдіргені көп екен», - деп үзіп жей бастайды. -Жанар, асықпа. Балалар Жанар дұрыс істеді ме? -Неге? -Балалар сендер білесіңдер ме, орманға, тауға, жалпы табиғат аясында қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек? -Қандай жәндіктерден абай болу керек? -Осындай жағдайларды болдырмау үшін не істеу керек? -Болған жағдайда не істеу керек? Мысалы, сендер оттың лаулап жанып жатқанын көрдіңдер немесе кене шағып алды, бұндай жағдайда не істеу керек? - Тағы да қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек? Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға табиғатқа серуенге барғандағы қауіпті деп санайтын өсімдіктер мен жәндіктердің суретін жапсыруды, екінші орталыңтағы балаларға «Табиғаттағы мінез-құлық ережесі» тақырыбында табиғатқа серуенге барғанда нені істеуге болмайды деп санайды, соған байланысты суреттерді жапсыруды ұсынады. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс.
|
Балалар кәдімгі өздерінің жеп жүрген құлпынайына ұқсайтындығын, айырмашылығы тек көлемінде екендігін айтады.
- Жоқ. -Ол қойбүлдіргенді жумай жеді. Жемісті жумай жеуге болмайды, ішін, ауырады. -Отпен ойнамау керек. -От жаққан болса, кетер кезде өшіріп кету керек. Әйтпесе өрт шығуы мүмкін. Жәндіктерден абай болу керек. -Жыланнан, кененің шағып алуынан. -Үлкендермен бірге жүру керек, жалғыз жүрмеу керек. - Үлкендерге хабарлау керек. - Үшкір заттармен ойнамау керек. -Серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу керек. -Өзі білмейтін саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп жемеу керек. Бірінші орталықтағы балалар өздерінің таңдауы бойынша алдын ала қиылып берілген суреттердің ішінен қауіпті деп санайтын өсімдіктер мен жәндіктердің суреттерін жапсырады (ұжымдың жұмыс). Мысалы, жылан, кене, маса және өздеріне таныс емес жәндіктер мен жидектердің суретін жапсырады. Екінші орталықтағы балалар табиғат аясында істеуге болмайтын қылықтарға байланысты берілген суреттерді жапсырады. Олар: құстың ұясын бұзба, ағаштарды сындырма, қатты айғайлама, құмырсқаның илеуіне тиіспе, гүлдерді жұлма т.б. Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
|
Рефлек-сиялық-түзету- шілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу, отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеу.
Игереді: қауіпсіздік ережесін сақтауды және оның өз өмірі үшін маңыздылығын, серуен кезінде үлкендермен бірге жүру керектігін, отпен ойнамау керектігін, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеу керектігін, жәндіктерден сақтану керектігін, табиғат аясында тыныштық сақтауды.
Меңгереді: отпен ойнамайды, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектер мен жәндіктерден алыс жүреді, үшкір заттарды ұстамайды, келеңсіз жағдай бола қалған жағдайда үлкендерге хабар беру керек екендігін.
«______________________» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:__________________________________________________ Күні:_______________________________
Білім саласы: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ел қорғауға әзірміз.
Мақсаты: еліміздің әскері, батыр, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлер, танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер туралы түсінік беру. Өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамыту. Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотива- циялық- қозғау- шылық |
Шаттық шеңбері: -Балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бірлікті, бейбітшілікті, татулықты, тыныштықты қолдайтынымызды білдірейік. |
Балалар шаттық шеңберін құрады. Өлең жолдарын айта отырып, қимылдар жасайды. |
Ұйымдас-тырушы- лық- ізденістік
|
-Балалар, біз бүгін Отан қорғаушылар туралы әңгімелесеміз. Отан қорғаушылар дегеніміз кімдер? -Қандай әскери мамандарды, адамдарды білесіңдер? «Жалғасын тап» ойыны. Танкі жүргізуші ... (танкіші) Ұшақты басқарушы... (ұшқыш) Шекараны күзетушілер... (шекарашы) Әскери кемедегілер... (теңізші) –Жарайсыңдар балалар, ойынды жақсы ойнадыңдар. Енді мен сендерге Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылары туралы айтып беремін. Танкішілер, ұшқыштар, теңізшілерге, ел қорғайтын ержүрек жауынгерлерге байланысты сұрақтар қоя отырып ақпарат береді. Олардың арнайы әскери дайындықтан өтетіндігін түсіндіреді. Сонымен қатар олардың денсаулығы мықты болу керектігін, сол себепті үнемі спортпен шұрылданатындығына тоқталады. Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға «Аспандағы шеру» тақырыбына коллаж құрастыруды, екінші орталықтағы балаларға «Кімге не керек?» тақырыбында мазмұнды сурет құрастыруды тапсырады.
Сергіту сәтін өткізу.
Дәптермен жұмыс.
|
-Әскери киім киген ағалар. Әскердегі ағалар. -Танкі айдайтын адамдарды, ұшқыштарды. Әңгімелесу барысында тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді. Өздерінің әскерге барған ағалары туралы айтып, ойларын бөліседі. Өскер, танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер туралы білетіндерін айтады. Бірінші орталықтағы балалар ұшақтар тізбегі, парашюттен секірген адамдар, отшашулар т.б. сурет қиындыларын жапсырып «Аспандағы шеру» тақырыбына коллаж құрастырады. Екінші орталықтағы балаларға танкішіге танкі, ұшқышқа ұшақ, теңізшіге кеме т.б. суреттерді топтастырып «Кімге не керек?» тақырыбында мазмұнды сурет құрастырады. Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды. Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлек-сиялық-түзету- шілік |
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: еліміздің әскері, батыр, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлер, танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер туралы.
Игереді: еліміздің әскері, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлер, танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер, олардың қызметі, олардың арнайы әскери дайындықтан өтетіндігі туралы.
Меңгереді: айбынды армия туралы білімді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген