400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлімі: "Шығармашылық", Бөлімі "Мүсіндеу". Тақырыбы: "Кірпінің отбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық оқу қызметінің жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Кірпінің отбасы

Мақсаты: а) Ақпараттық құзыреттілік : Балаларға кірпіні таныстыру арқылы отбасы мүшелері жөнінде айту.

б) Коммуникативтік құзіреттілік: Саусақтың ұсақбұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, дамыту.

в) Проблеманы шешу құзіреттілігі: Ермексазды алақан арасына және жазықтықта домалату арқылы кірпіні мүсіндеуді үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайшалар, сулықтар, слайд, үлестірмелі материалдар.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: кірпінің тіршілігі туралы әңгіме жүргізу.


Іс-әрекеттер кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Шаттық шеңбері

Армысың алтын күн

Армысың асыл жер.

Армысың көк аспан,

Армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.


Балалар шеңберге тұрып өз тілектерін айтты

Ұйымдастыру -ізденіс кезеңі

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер жауабын тауып көріңдер.

Үсті толы ине,

Бірақта іс тігіп

Қадамайды түйме.

Ия ол кірпі. Ол орманда мекендейтін аң. Кірпінің басқа аңдардан ерекшеліктері ол өте кішкентай. Оның тұмсығы, көзі, аяғы болады. Ол жемістермен қоректенеді.

Балалар орманға кірпіні көруге барамыз ба?

Міне орманға келдік. Орманда әртүрлі аңдар болады.

Жылаған дауыс естіледі.

Балалар қараңдаршы біреу жылайтын сияқты, кім екен қарайық?

Ол кірпі екен.-кірпі сен неге жылап отырсың?

Кірпі: Мен отбасымды табалмай қалдым.

Ендеше ормандағы аңдардан көмек сұрайық

Аюға келеді.

Кірпі: Аю маған ата-анамды тауып берші?

Аю: Егер маған бал берсең мен саған ата-анаңды тауып беремін.

Кірпі: Менің балым жоқ.

Кірпі: Қоян маған ата-анамды тауып берші?

Қоян: Егер сәбіз тауып берсең мен саған ата-анаңды тауып беремін.

Кірпі: Менде саңырауқұлақ бар.

Қоян: Саңырауқұлақ жемеймін. Сәбіз жоқ болса көмектеспеймін.

Кірпі мұңайып түлкіге келеді

Түлкі: Сәлеметсіңбе кірпі сен маған қаймақ берсең мен саған ата-анаңды тауып беремін.

Кірпі: Менің қаймағым жоқ. (кетіп қалады)

Кірпі: Енді менің ата-анамды кім тауып береді.

Балалар кірпіге отбасын табуға көмектесеміз бе?

Ән тыңдатып кірпінің көңілін көтерейік.

«Кірпі» әні

Кірпінің көңілін көтердік. Енді отбасын мүсіндеп берейік.

Слайдтан кірпінің суреттері көрсетіледі.

Кірпі туралы мәлімет айтылады.

Қазір біздер ермексаздан кірпінің отбасын мүсіндеп берейік. Кірпіні жасау үшін ең алдымен ермексазды алып алақанымыздың арасына салып дөңгелектейміз. Сосын екі алақанның ортасына салып сопақша қылып есіп аламыз. Енді саусағымыздың ұшымен шымшу арқылы тұмсығын шығарамыз. Енді кірпінің құлағын жасаймыз.Ал, енді кірпінің көзін, тұмсығын қара ермексаздан дөңгелетіп жасап жапсырамыз.Ең бастысы кірпінің тікенегі. Оны біздер шемекіден жасаймыз. Шемекіні кірпінің үстіне ермексазға қадаймыз. Енді жұмысқа кірісейік.

Кірпі: Қуанып алақай мен отбасымды таптым анам мен әкемді таптым. Рахмет балалар сендерге.

Ендеше кірпі біздің балалармен бірге сергіту сәтін жасап көр.

Сергіту сәті





Кірпі





Ия












































Ермексаздан кірпіні мүсіндеуді үйренді


Сергіту сәтінің қимылдарын жасады.

Іс-әрекетті бақылау кезеңі

Дидак.ойын «Нені көрдің?»

Балалар біздер қайда бардық?

Орманда қандай аңдарды көрдіңдер?

Қай аңға көмектестіңдер?

Нені мүсіндедік?

Кірпінің отбасын атаңдаршы?

Жақсы балалар бүгін оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.

Орнымыздан тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.


Орманға

Аю, қоян, түлкі

Кірпіге

Кірпіні

Әке, ана



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар кірпімен танысу арқылы отбасы мүшелері жөнінде білді.


Қандай түсініктерді игенрді: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, дамыту.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ермексазды алақан арасына және жазықтықта домалату арқылы кірпіні мүсіндеуді меңгерді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
3767
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі