400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлінгіштер

Материал туралы қысқаша түсінік
5,6-сыныптар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі

Мерзімі: 10.01.2019 ж

Сыныбы: 6 «ә»

Пәні: Математика (факультатив)

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:


2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

Сабақ мақсаты

натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін біледі, қолданады;

Сабақтың түрі:

Қайталау

Бағалау критерийлері:

Оқушы

- натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін біледі

-3 және 9 сандарына еселік сандарды анықтай алады;

- ауызша есептеу жүргізе алады және есептеудің дұрыстығын тексере алады;

- есеп шығаруда натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:


Тілдік мақсат

- бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- санның бөлгіші;

- санның еселігі;

- бөлінгіштік белгілері;

- натурал санның цифрларының қосындысы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді;

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу: натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару. 1-мин


Үй жұмысын тексеру

3-минут

Мақсат: Өткен тоқсанда өтілген тақырыптарды еске түсіру 3-мин


Сабақ мақсатын қою

6 минут

Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

(6 мин)

  1. Бөлгіш дегеніміз не?

  2. 2-ге бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңыз?

  3. 5-ке бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңыз?

  4. 10-ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңыз

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Сабақ мақсатын қою (слайд 1).


Жаңа білімді меңгеру

30 минут

Жаңа сабақ.

  1. Жұптық жұмыс. (10 мин)

Оқушыларды жұптастырып, оларға кейбірі 3-ке , 9-ға бөлінетін, ал кейбірі 3-ке де, 9-ға да бөлінбейтін бірнеше көптаңбалы сандар жазылған үлестірмелер ұсынылады.

Оқушының жұмыс парағы

Сан

Цифрлар қосындысы

3-ке бөлінгіштік? (иә, жоқ)

9-ға бөлінгіштік? (иә, жоқ)

315

3+1+5=9

Иә

Иә

19

1+9=10

Жоқ

Жоқ

15

1+5=6

Иә

Жоқ

2127




4923




5004




11292




870921




5421




22223




70614




8451




627




384516




Сұрақтар:

  1. Кестедегі толтырған мәліметтеріңізді қолданып қандай қорытынды жасауға болады?

  2. Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 3-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?

  3. Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 9-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?

  4. Бөлу амалын орындамай санның 3-ке немесе 9-ға бөлінетіндігін анықтауға бола ма?

Мұғалім: Оқушылар санның 3-ке немесе 9-ға бөлінетіндігін сұрағанда әрқашан санды бөлуіміз қажет пе?

Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып 3 және 9-ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды.



Оқу мақсатының нәтижесі натурал санның 3 пен 9-ға бөлінгіштік белгілері және 3 пен 9 еселік сандарды анықтау алгоритмі болып табылады.

  1. Мұғалім: Ал енді ережелерді қолдануды үйренеміз. Оқушылар презентациядағы 4-12 слайдтардағы ауызша есептеулерді орындап, есептеулерін тексереді. Өзін-өзі бағалайды. 5 мин

  1. «Қателеспе» ойыны ойнатылады. 5-мин Үш оқушы кезекпен 3-ке бөлінетін сандарды өспелі түрде атайды. Ойынды кез-келген саннан бастауға болады. Қателескен оқушы ойыннан шығады. (Ойынға оқушылардың кез-келген саны қатыса алады).

  2. Өзіндік жұмыс – 10 мин. Оқушылар дәптерлерінде жұмыс жасайды. Өзіндік жұмысты орындап біткеннен соң дәптерлерін жұпта алмасып, өзара бағалау жұмысын жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауап парақтарын таратады.

1. 2-ге 3-ке 5-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз.

2. 98, 69, 73, 105, 118, 1 023, 251, 162, 6, 72, 180, 217, 921, 1 008, 961, 351, 543, 999 сандырының ішінен 3-ке еселі бірақ 9-ға еселі емес сандарды өсу ретімен орналастырыңыз.

3. 1 цифрынан басталып 9 бен 5-ке бөлініп,бірақ 2-ге бөлінбейтін санды табыңыз.

4. Бірінші цифры 7-ге тең үштаңбалы сан 9-ға ,5-ке, 2-ге бөлінеді. Бұл қай сан?

5. 2 және 3 сандары бөлгіштері болатын 364 < х < 396 теңсіздігінің шешімдер жиынын жазыңыз.

Бағалау:

  1. 2,3,5 – ке бөлінгіштік белгісін біледі, қолданады.

  2. Сәйкесінше дұрыс қорытынды жасайды.

  3. 3-ке, 9 – ға бөлінгіштік белгісін біледі, қолданады.

  4. Сандарды өсу ретімен орналастырады

  5. 2-ге де 3-ке де бөлінетін сандарға қорытынды жасайды, теңсіздіктің шешімдер жиынын жазады.

















































Т.А.Алдамұратова

Математика 5

























Т.А.Алдамұратова

Математика 5


Қорытындылау

5 минут

Сабақты қорытындылау.

Жеке рефлексия (4 мин)

Оқушының жұмыс парағы

Оқу мақсаты

Білемін

Қолдана алдым

натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;



Оқушылар рефлексия парақшаларын жеке –жеке толтырып, мұғалімге тапсырады.

Үйге тапсырма (1 мин).

6. Жұлдызшаны сандар а) 3-ке б) 9-ға бөлінетіндей цифрлармен алмастырыңыз.

1)2*5, 2)46*, 3)*14.

№6 есеп жауабы а) 1)2;5;8,2)2;5;8,3)1 б) 1)2;2)8;3)4.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
761
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі