жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бөліп шығару жүйесі Нефронның құрылысы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөліп шығару Мектеп: «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ |
|||||||||||||
Күні:16.10.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Ауғанбаева Ә.Е. |
||||||||||||
Сынып:9 |
Барлығы - Қатысқандар - Қатыспағандар - |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Нефронның құрылысы мен қызметі. |
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
9.1.5.1. Нефронның құрылысы мен қасиетін сипаттау. 9.1.5.2. Фильтрация және несептің түзілу үдерісін сипаттау. |
||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Нефронның құрылысы мен қасиетін, фильтрация және несептің түзілу үдерісін сипаттау. |
||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Нефронның құрылысы мен несептің түзілу үдерісін анықтай отырып қызметін сипаттау. |
|||||||||||||
Кейбір оқушылар: Бүйректе сүзілу үдерісінің тоқтау және реабсорбция бұзылған кезде туындайтын барлық жағымсыз үдерісті болжау. |
|||||||||||||
Бағалау критерийі |
Нефронның құрылысын қызметін анықтайды. Физикалық абсорбция және бүйрек өзегіндегі реабсорбцияны үдерісін салыстырады. Бірінші және екінші реттік зәрдің құрамын айырмашылығын қалыптасу себептерін физиологиялық мәнін сипаттайды.. |
||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар ... істей алады Оқушылар нефронның құрылысы мен қызметі туралы мәтінмен танысып, негізгі ұғымдарды анықтайды. Оқушылар кестені пайдалана отырып, бірінші және екінші реттік зәрді ажыратады, қажетті мәліметтерді жинақтап жазады. |
||||||||||||
Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері: нефрон,ирек бүйрек өзекшесі,бірінші реттік зәр түзілу,плазма, ультрасүзілу,реабсорбция. |
|||||||||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер |
|||||||||||||
Талқылауға арналған тармақтар: Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметін білу маңызды, өйткені .... |
|||||||||||||
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Бірінші және екінші реттік сүзілу үдерісінің адам организімі үшін маңызды екенін айта аласыз ба? |
|||||||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: Кері сүзілу болмаса адам организімі уланады себебі.......... . |
|||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпы ұлтық идеясының үшінші құндылығы «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» негізінде оқушыларды қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытуға тәрбиелеу |
||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Химия, 9 –сынып ( Бейорганикалық –аммиак) Физика, 8 - сынып. 8.4.1.3 Денелердің электірленуі,электр заряды. |
||||||||||||
Алдыңғы білім |
7.1.5.3- омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру. 8.1.5.2. Бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу . |
||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар
|
|||||||||||
Сабақтың басы 7 минут |
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу Писхологиялық жағымды ахуал тудыру: Оқушылар улкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады. «Шаттық шеңбері». Оқушыларды адам органдары жазылған қағаз қиындылары арқылы құрылымдалған топтарға топтастыру. Топқа бөлу 1-топ «Бүйрек» 2-топ «Ас қорыту» 3-топ «Жүрек» 4-топ «Тіс» 5- топ «Бас» Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтарға жауап беріңдер.
Қолданылған әдіс-тәсіл: «Кофе таяқшалары» ҚБ: «бірін-бірі бағалау» |
«Бүйрек» «Ас қорыту» «Журек» «Тіс» «Бас» Қима қағаз суреттері
«Бірін-бірі бағалау» |
|||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут
|
Тапсырма 1. 1-топ Бүйректің құрылымдық бірілігін анықтаңыз.
Дискриптор: - Бүйрек құрылымының қызметін сипаттайды. - Бүйректің құрылымдық бірілігін анықтайды. Тапсырма 2. 2- топ 1.Нефрон капсуласы мен ирек өзек не үшін керек екенін түсіндіріңдер. 2.Сүзілу (ультрасүзілу) және кері сүзілу, реабсорбция үрдістеріне анықтама беріңдер. Дескриптор: - Нефрон капсуласы мен ирек өзек не үшін керек екенін анықтайды - Сүзілу (ультрасүзілу) және кері сүзілу, реабсорбция үрдістеріне сипаттайды.
Тапсырма 3. 3- топ Физикалдық абсорбция және бүйрек өзегіндегі реабсорбция үрдісін салыстырыңыз.
«бүйрек
өзегіндегі реабсорбция»
«физикалық
абсорбция»
Дескриптор:
Қолданылған әдіс-тәсіл: «Венн диаграмасы» ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» Ұйымдастыру: жұппен, топпен Тапсырма 4. 4-топ Нефронның қызметі мен құрылысын оқып шығып, кестені толтырыңыздар.
Дескритор:
Қолданылатын әдіс –тәсіл: «кестемен жұмыс» ҚБ: «бірін-бірі бағалау» Ұйымдастыру: жеке жұмыс
|
«Венн диаграмасы»
« Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқулық Кесте
«Бірін-бірі бағалау»
Кесте
|
|||||||||||
Сабақтың соңы
8 минут
|
Үйге тапсырма : 1. Оқулықтағы мәтін бойынша сұрақты талдау . 2. қосымша ақпарат көздерін қолдана отырып ақпараты талдау Рефлексия: «Қоржын, ет тартқыш, қоқыс жәшік » әдісі
|
|
||
Қосымша ақпарат |
|
|
||
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Саралау сабақ мақсатын жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталып, өз кезегінде көрініс табады. Оқушылар мен мұғалім арасында сенім мен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. Пәнаралық сипаттағы тапсырма мен сұрақтарды дайындау -Оқушылар деңгейін ескере отырып құрылымдалған шағын топтарға топтастырудан басталады. -Үй тапсырмасын тексеру барысында «Балмұздақ таяқшалары» әдісін қолданып тапсырмалар орындауға мүмкіндік беру. Әр түрлі оқушыларға бірдей тапсырма беріп түрліше өнім алынады. Нәтиже бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылып, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Тапсырма бойынша саралау мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға түрлі таратпа материалдардан, қима қағаздармен жаттығулар ұсынуға болады. Мазмұн бойынша саралау оқушылар негізгі тақырыппен шектелмей, қосымша бағдарламадан тыс ақпаратқа ұмтылады. Оқыту бойынша саралау оқушының қажеттілігіне сай олардың өзбетінше жұмысына бағыттау. Ынтымақтастық оқыту –саралаудың тиімді тәсілі . Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндік бар, қабілетті оқушылар өз ойын мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қосады. - Сабақты қорытындылау мақсатында Тегов стратегиясы бойынша құрастырылған қалыптастырушы бағалау тапсырмасы құрылымы да қарапайымнан күрделіге қарай құрылымдалып жасалған. Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау барысында өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау оқу процесі ( «Венн диаграмасы», «Екі жұлдыз, бір тілек») байқалады. - Барлық оқушылардың қатысуын қадағалау. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша ақпарат көздерін пайдалануға тапсырма беру.
|
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз? Қалыптастырушы бағалау сабақтың өң бойында жүргізіледі, мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, ал оқушыға өз оқу жетістіктерін өздері бақылап, одан әрі өзінің даму бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тексеру барысында топтарды бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі қолданылды, топ мүшелерінің берген жауаптары бойынша, екі құнды деп таныған мәліметтерін және бір тілек – жақсартуды қажет ететін тұстары туралы ұсыныс береді. Мәтіндегі суреттерді талдау тапсырмасы бойынша әр оқушы өз-өзіне қай деңгейде тұрғанын анықтайды. Оқушылардың білімін бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі «Мозайка» әдісі «Жұлдызша» әдісі «Вен диаграмасы» әдісі «Жалғастыр» әдісі «Балмұздақ таяшалары» «Доп лақтыру» «Нысана »әдісі қолдану ретінде тапсырма беремін.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Сымбатты сақтау ережелері, қоршаған ортаны қалай қорғауын түсіну, топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау. АКТ тиімді пайдалану.
|
||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
|||
Жалпы бағалау |
||||
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты) 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты) 1. 2. Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген