400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7.1.А Бөліп шығару

Мектеп: №81 орта мектеп

Күні: 27.04.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Баймуратова Жазира

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§29. Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы

Оқу мақсаты

7.1.5.1 - ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіре алады.

Басым бөлігі:

Басым бөлігі бөліп шығару процесіне қатысатын мүшелерді сурет арқылы сипаттап, түсіндіре алады.

Кейбірі:

Тірі ағзалар түрлерінің бөліп шығару мүшелерімен және оның өнімдеріне мысал келтіріп жіктейді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Түсіну.

Қолдану.

Бағалау критерийі

1. Ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығару маңыздылығын талқылай алады.

2. Тыныс алу, зәр шығару, энергия алу үдерістерінің бір-бірімен байланысын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар


Жазылым бойынша негізгі сөздер мен терминдер:

Бөліп шығару, несепнәр, газ алмасу, бауыр, бүйрек, көмірқышқыл газы, аммиак, т.б.

Оқылым/ тыңдалым: мәтінмен жұмыс: оқу, түсіндіру, баяндау.

Сыныптағы диолог/айтылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған сұрақтар

  • Бөліп шығарудың маңызы қандай?

  • Жануарлардың бөліп шығару мүшелеріне нелер жатады?

  • Өсімдіктердің бөліп шығару мүшелерін не атқарады?

  • Бөліп шығарудың соңғы өнімдерін атаңдар.

Құндылықтарға баулу

Топтық және жеке жұмыс жасауда достық пен келісім дәстүрін сақтап, әркезде жауапкершілікпен қарауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Химия – зат алмасуда негізгі элементтерді ажыратуда байланысады. (көміртек, сутек, оттек)

Алдыңғы білім


6.4.2.8 – ағзалардың бөліп шығару өнімдерін сипаттау; ;

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Уақыты

Дереккөздер, ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру:

1. Жағымды ахуал туғызу. «Мен саған сенемін» оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.


2. Үй тапсырмасын сұрау. «Ерікті микрофон» әдісі арқылы.

  • Тыныс алу мүшелерінің ауруларын атаңыз.

  • Не себептен өкпе обыры пайда болады?

  • Тұмау ауруының белгілері қандай?

  • Тыныс алу мүшелерінің саулығын сақтау үшін қандай гигиеналық ережелерді білесіздер?

Бағалау: «Мадақтау» әдісі арқылы


3. Шеңберде тұрған оқушыларға суреттер тарату арқылы 3 топқа бөлу:

1 топ: Жапырақ

2 топ: Өкпе

3 топ: Бүйрек

І. Слайд бойынша «Бөліп шығару» суреттері байланысты көрсетілім.


Түрткі сұрақтар:

  • Фотосинтез процесіне қандай мүше қатысады?

  • Фотосинтез процесі қалай жүреді?

  • Соңғы өнімінде нелер түзіледі?


(суреттегі терминдер мен суреттердің байланысын табу)

Сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.


Бағалау: «Мақұлдау, қолдау» арқылы оқушылардың пікірін бағалау.




2 мин









3 мин





























5 мин








































Қима қағаздар, суреттер.

















Слайд 1







































Сабақтың ортасы


І. Топтық жұмыс. «Оқы, жұптас, бөліс» әдісі.

Мәтінмен оқушылар толықтай танысады.

1-топ: Ағза үшін бөліп шығарудың маңызы.

2-топ: Бөліп шығару мүшелері.

3-топ: Жануарлардағы зат алмасудың соңғы өнімдері.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бағалайды.

Сергіту сәті: «Күзетші мен ханшайым» ойыны.

Жеке тапсырма:

  1. Кесте құру. Оқушылар бейнекөрініс көреді және сол бойынша кестені толтырады.









1-тапсырма. Суретке қараңыз.

(а) Бөліп шығаруға қатысатын мүшелерді атаңыз.

(b) Әр мүшелер арқылы бөлінетін өнімдерді анықтаңыз.

(с) Адамның бөліп шығару жүйесі қызметін тоқтатса не болатыны туралы өз ойыңызды жазыңыз.

2-тапсырма:

Сызбамен жұмыс. Берілген сызбаға назар аударыңыз. Сызбадағы өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару үдерісін дәптерге сипаттап жазыңыз.

Shape1


Бағалау крите-

рийі:


№

Дескриптор


балл

1. Ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығару маңыздылығын талқылай алады.









№1

1. Бөліп шығаруға қатысатын мүшелерді атай алады.


1

2. Әр мүшелер арқылы бөлінетін өнімдерді анықтайды.


1

Адамның бөліп шығару жүйесінің қызметі туралы өз ойын білдіре алады.


1

2. Тыныс алу, зәр шығару, энергия алу үдерістерінің бір-бірімен байланысын түсіндіре алады..

№2

1Өсімдіктердің бөліп шығару үдерісін сипаттайды.

1

2.Жануарлардың бөліп шығару сызбасын құрастыра алады және талдайды.

1

«Дайын жауап үлгі» өзін-өзі тексеру.

Бағалау: Смайликтер арқылы (жұп аралық бағалау)









15 мин



















10 мин



































































2 мин





Оқулық,





Түсті қағаздар











Қалыптастыру

ға арналған тапсырма парақшалары



























































Таратпа материалдар

































Cлайд 2

«дайын жауап үлгі»

















Сабақтың соңы


Кері байланыс: «Бес саусақ»



Үйге тапсырма:

  • §29. Бөліп шығарудың маңызын оқу, термин сөздерді дәптерге жазып келу.

  • Өсімдіктердің, омыртқасыз және омырқалы жануарлардың макетін жасау.

2 мин











1 мин

Лотер Зомверттің «Бес саусақ» тәсілі

Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

  • Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру мақсатында тапсырмаларды түрлендіре отырып дерексөздерді пайдаланып оқушылардың қарқындылығын

  • Сурет пен сызбамен жеке тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың деңгейін анықтаймын.



- «Мадақтау».әдісі

- Бағдаршам»; әдісі

-өзін-өзі бағалау; әдісі

- смайликтер арқылы мұғалімнің өзіндік бағалауы.



Биология сыныбында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сергіту сәті: «Күзетші мен ханшайым»

Сабақ бойынша рефлексия


Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
3064
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі