400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бөлме гүлдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Бөлме гүлдері туралы түсінік беру. Қазтамақпен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, оларды күтіп баптай білуге үйрету. Гүлдердің сұлулығын тамашалай білуге , табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Бөлме гүлдері

Мақсаты: Бөлме гүлдері туралы түсінік беру. Қазтамақпен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, оларды күтіп баптай білуге үйрету. Гүлдердің сұлулығын тамашалай білуге , табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал- жабдықтар мен көрнекіліктер: Бөлме гүлдері , бөлме және дала гүлдерінің суреттері. "Гүлдер дүкені".

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойындар, мадақтау.

Оқу қызметінің барысы:

-Балалар бүгін біздің ашық оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіпті, алдымен сол қонақтармен амандасып алайық.

-Сәлеметсіздерме!

Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн балалар,

Кешке бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.



-Ендеше сендерге сәттілік тілей отырып, оқу қызметімізді бастайық.

Жұмбақ жасыру:

Шанамен сырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қане, ай аттарын атайықшы.

-Қазір қай ай?

-Қыста күн қандай болады, не жауады?

-Қардан балалар не жасайды?

-Балалар біз өткен оқу қызметімізде не туралы айтып едік?

-Балалар мынау үстелде тұрған не? (мұз)

-Мұз неден пайда болады?

-Судан пайда болады.

-Күн суықта қыс мезгілінде, далада мұз қатады. Ал жылы бөлмеге кіргізсек еріп су болады.

-Балалар мұздың сырты қандай болады? (мөлдір, қатты)

-Мұзды ауызға салуға болады ма? (болмайды)







-Себебі, ауызға салсақ тамағымыз ауырып қалады. Мына түрлі-түсті мұзды өткен оқу қызметімізде далаға қойып қатырған болатынбыз ия балалар. балалар өз қолдарымен қатырған мұздарын көріп тамашалайды.

-Балалар мен сендерге тағы да жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады.(Гүл)

Сонымен балалар бүгінгі жаңа оқу қызметімізде осы гүл жайында, яғни бөлме гүлдері жайында әңгіме қозғаймыз. Мұздың бетінде гүл өсеме? Жоқ.

"Суреттер сөйлейді" ойыны.

-Балалар мына тақта бетіндегі суреттерге қараңдаршы .Нелерді көріп тұрсыңдар?

-Гүлдерді.

-Мына гүлдің түсі қандай?

-Сары.

-Ал жапырағының түсі қандай?

-Жасыл.

-Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді. Сондықтанда оларды көбінесе терезенің алдына қоямыз. Бөлме гүлдерінің де басқа дала гүлдері сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және ең бастысы гүлдері болады. Олар бөлмеге көрік беріп, ауаны тазартып отырады.

-Мына әдемі гүлге қараңдаршы . Бұл гүлдің аты "Шегіргүл". Шегіргүлдің түсі қандай?

-Ал, мына әдемі гүлге қараңдаршы. Бұл гүлдің аты "Қазтамақ".Қазтамақтың түсі қандай? (қызыл) Қазтамақ гүлі хош иісті болып келеді және тез өсетін күтімі жеңіл үздіксіз гүлдейтін гүл. Балалар қараңдаршы, біздің топта "Қазтамақ" пен "Шегіргүл" бар ма? Балалар топтағы гүлдерді тауып, иіскейді.

Сергіту жаттығуы:

-Балалар орнымыздан тұрып, сергіп "Гүл өсіруші" биін билеп алайық. Практикалық әрекет:

-Балалар біз қазір бәріміз бірге бөлме гүлі "Қазтамақты" қалбырға отырғызайық.

Тосын сәт: (есік қағылып, сырттан гүл күтуші қыз кіреді)

-Сәлеметсіңдерме балалар. Мен сендердің гүл отырғызатындарыңды естіп, көмектесейін деп келдім. Сендерге түсінікті болу үшін теледидардан гүлдің отырғызу жолдарын көрсетейін. Сендер мұқият қарап алыңдар.

-Ал , балалар түсіндіңдер ме? Түсінсеңдер мен сендерге гүлдің көшетін отырғызу жолын көрсетіп, таныстырайын. Мына "Қазтамақ" гүлінің көшетін отырғызу үшін әуелі бізге ең әдемі ыдыс қажет. Гүлді отырғызу үшін жай ғана даладағы топырақ емес, құнарлы топырақ керек. Гүліміз жақсы демалып өсу үшін, топырақ арасына құдықша жасап гүл көшетін отырғызамыз. Балалармен бірге егеді. Енді осы гүлімізді табиғат бұрышына апарып қояйық.

-Балалар, айтыңдаршы қазір біз сендермен қандай гүл отырғыздық?

-Балалардың жауаптары.

-"Қазтамақ" бөлме гүлі ме әлде дала гүлі ме?

-Енді "Қазтамақ" гүлі әдемі болып өсу үшін не істеуіміз керек?

-Су құю керек.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыңдар. Егерде біз уақтысымен тамақ , су ішпесек не болады?

-Ауырып қаламыз.

-Дұрыс айтасыңдар. Уақтысымен тамақтанып тұрсақ, бойымыз өсіп, күшіміз көп болады. Гүлде ,жалпы өсімдіктерде сол сияқты. Оларды да уақтысымен күтіп-баптау керек. Жапырақтарын сулы шүберекпен сүртіп, ылғалдандырып отыру қажет.

-Балалар сендер гүлдер туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтары:

1)Өз қолыммен ыдысқа,

Отырғыздым үй гүлін.

Сабақтары қып-қысқа,

Терезеден сүйді күн.(Ерболат)

2)Біз гүлдермен доспыз,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күндері бір-бірден,

Анамызға сыйлаймыз. (Жұлдыз)

3)шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалып.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалғам. (Айша)

4)Қызыл-жасыл гүл егіп,

Баптап күттік түрлеттік.

Қалмасын деп қуарып,

Апта сайын суардық. (Ералы)

5)Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім.

Қызыл, жасыл, сары,

Әп-әдемі бәрі! (Батыржан)

6)Ұмытпай күнде,

Су құямын гүлге.

Жайнайды гүлім,

Құлпыртып түрін. (Айым)

7)Үйде тұрып өсетін,

Әкел гүлдің көшетін.

Топырақты салдым да,

Отырғыздым қалбырға. (Асылжан)

8)Өзі әдемі төзімді,

Жаулап олар көзіңді. (Жаннұр)

9)Шегіргүлді көрген жан,

Көбелек деп қалады.

Қайнатпа одан жасасаң,

Ауруға ем болады. (Алихан)

10)Қызыл, жасыл, ақ түсті,

Әдемі оның гүлдері.

Құлпырады ерекше,

Шуақты, ашық күндері.(Сұңқар)

Қорытынды:

"Гүлдер дүкені" ойыны.

Алдын-ала дайындалып қойылған "Гүлдер дүкенінен" балалар гүл сатып алады.

-Сәлеметсіз бе мен "Шегіргүл" гүлін сатып алайын деп едім.

-Алыңыз.

-Рахмет.

-Ал маған сыйлыққа әдемі гүл беріңізші.

-Оны кімге бересіз?

-"Балбөбек" тобына сыйлыққа берейін деп едім.

-Өтінемін, алыңыз.

-Рахмет.

Гүл күтуші қыз гүлді тәрбиеші апайға беріп, балаларға гүлді уақтылы күтіп-баптауын сұрайды да, балалармен қоштасып шығып кетеді.

-Ал, балалр біздің де қонақтармен қоштасатын кез келді. Қоштаспас бұрын бәріміз бірге мына өлең жолдарын қайталап айтайық:

Ұмытпай күнде,

Су құямыз гүлге.

Жайнайды гүліміз,

Құлпыртып түрін.

Балалардың берген жауаптарына гүл сыйлап және мадақтау тақтасына әр балаға арнап көңілді белгілерді жапсыру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
815
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі