400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлме гүлдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсатының білімділігі: Балардың гүлдер туралы білімдерін кеңейту.Дала және бөлме гүлдері туралы түсініктерін арттыру. Тәрбиелігі: Еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Мейірімді болуға баулу. Әдіс –тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ- жауап,іс тәжірбие, мадақтау. Көрнекі құралдар: Дала және бөлме гүлдерінің суреттері, гүл отырғызатын құралдар(Ал жабқыш, қалақ, су құйғыш, су бүркегіш, гүл сүртетін мақта дискасы, гүлдің жас бұтағы, тас, топырақ).
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Ұйымдастырылған іс әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Бөлме гүлдері» таныстыру.
Мақсатының білімділігі: Балардың гүлдер туралы білімдерін кеңейту.Дала және бөлме гүлдері туралы түсініктерін арттыру.
Тәрбиелігі: Еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Мейірімді болуға баулу.
Әдіс –тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ- жауап,іс тәжірбие, мадақтау.
Көрнекі құралдар: Дала және бөлме гүлдерінің суреттері, гүл отырғызатын құралдар(Ал жабқыш, қалақ, су құйғыш, су бүркегіш, гүл сүртетін мақта дискасы, гүлдің жас бұтағы, тас, топырақ).

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Жылулық шеңбері «Тәбиғатпен сәлемдесу»

Сәлем біздің алтын күн

Сәлем біздің көк аспан.

Сәлем менің достарым

Сәлем менің гүл бақшам.


Ұйымдастырушылық — ізденушілік

Балалар бүгін бізде ерекше ұйымдастырылған іс-әрекет болады.

-Қоршаған орта дегенді қалай түсінесіңдер?

-Табиғат, ағаш, гүл, су, тас т.б

-Гүлдер қанша түрге бөлінеді?

-Дала гүлдері және бөлме гүлдері

-Қандай бөлме гүлдерінің аттарын білесіңдер?

- Әйел бақыты, доллар гүлі, кактус, фикус

 Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімізде бөлме гүлдері туралы өтеміз.
- Гүл дегеніміз - өсімдік, олар өмір сәні, табиғат көркі. Гүлдер терезелердің алдына сән бергенімен қоймай, бөлме ауасын тазартады, адамдарға жақсы көңіл - күй сыйлайды. Гүлдердің де жаны бар, адамдармен сөйлескендей олармен де сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, сүйіспеншілікпен қарап, еркелетіп тұру қажет. Гүлдердің құрлысы: тамыры, сабағы, жапырағы, тостағаншасы, күлтешелері, аталығы мен аналығы.
- Гүлдердің ұзақ уақыт ауырмай, жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыңдар?
- Махаббатта.
Гүлдер өсіп тұрған бөлмеде біз өзімізді қуанышты сезінеміз, көңіліміз көтеріңкі болады. Олардың көптеген түрлері болады. Түстері де әр түрлі болады.

Мен сендерге табиғат бұрышына барып, іс тәжірибе арқылы бөлме гүлдерінің отырғызуын көрсетемін.
(Гүлбағына аяқ іздерімен саяхаттқа бару).

Қараңдаршы балалар табиғат бұрышындағы гүлдер қандай көп, әдемі екен!

Алдымен, гүлдің өскінін қиып алып, оның тамыры шыққанша суға салып қоямыз. Шелекке құнарлы топырақ салып, тамыры бар өскінді сол топыраққа отырғызамыз. Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, гүлдердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін, топырағын қопсытамыз.
Педагог гүлге су құйып, топырағын қопсытып көрсетеді.
(Балалар қарайды, үйренеді.)

Балалар гүлдерді отырғызып жатып, мақал-мәтел айтып жарысты.

-Гүлді ексең терлеп,

Мұңын бәрі еңбек.

-Гүл өссе елдің көркі

Қыз өссе жердің көркі

-Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарнын тіленбей.

Қорытынды:

- Өте жақсы, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізге барлығыңыз да өте жақсы қатыстыңыздар! Оқу іс - әрекетіне белсене қатысқан балалардың есімдерін атап өту. Мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Дала және бөлме гүлдерінің түрлерін ажырату .

Игереді: Есте сақтау қабілетін дамытады, гүлдерді отырғызу ретін игереді.
Меңгерген дағдылар мен іс-әрекеттер: Өз бетімен іс-әрекет жасай алады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.09.2023
232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі