400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бөлме гүлдері туралы балаларға тусiнiк беру" ерте жас тобында ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерте жас тобындағы балаларға гүлдер, өсімдік туралы ақпарат берiп, оларды қорғаудың, сақтаудың маңыздылығына түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің картасы

Күні:

Ерте жас тобы:

Тәрбиешінің аты-жөні:

Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту

Бөлімі: Қатынас

Тақырыбы: Бөлме гүлдері

Мақсаты: Бөлме гүлдері туралы түсінік беру.

Міндеттері: Балаларды бөлме гүлдерімен оны күту ережелерімен таныстыру.Ой-өрісін,тілін,сөйлеу мәнерін дамыту.Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу

Сөздік жұмыс:Гүл,өсімдік

Құрал жабдықтар: Суреттер

Әрекет кезендері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есепке алу

Кіріспе бөлімі

Шаттық  шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң қонақтар

Бір-біріне  жылы сезім білдіреді


Негізгі бөлім

Қазір мен бір өсімдікті сипаттаймын, ал сендер қандай өсімдік екенін табыңдар .

-Жапырақтары сопақша, үлкен, түсі қою жасыл. Бұл қай өсімдік?

(Фикус гүлін көрсетеді ).

-Бүгін сендерді жаңа бөлме өсімдігі – хош иісті қазтамақпен таныстырамын.

Қазтамақтың сабағы жасыл, шырынды, сабағының бойымен хош иіс беретін жапырақтары өседі .

Оның гүл шоғырлары хош иісті және әртүрлі түсті болады , бірақ көбіне қызыл гүлі бар қазтамақтар көп кездеседі. Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдердің хош иісі» .

Жапырақтарындағы шаңды немен сүртеді?

-Не үшін жапырақтардағы шаңды сүртеміз?

Жапырақтарды ауаны тазартады .

Бөлме өсімдіктерін қалай күтіп – баптау керектігін түсіндіреді.

Сергіту сәтін өткізу .

Біз гүлдер ше өсеміз,

Жапырағы жайқалған,

Сабақтары салалы,

Жел күшімен шайқалған.--


Балалар мұқият тындайды










Балалар көрсетеді сергіту сәтін барлығы орындайды.





Қортынды бөлім

Ұйымдастырылған  оқу  іс – әрекетіне жақсы  қатысқан  балаларды  мадақтау.








Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің картасы

Күні:

Ерте жас тобы:

Тәрбиешінің аты-жөні:

Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту

Бөлімі: Қатынас

Тақырыбы:Не қалай дауыстайды?

Мақсаты:Құстар туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:Құстардың дыбыстарын салуға үйрету Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сөздік жұмыс Құстар,Ұя

Құрал жабдықтар: Суреттер

Әрекет кезендері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есепке алу

Кіріспе бөлімі

Шаттық  шеңбері

Жылы лебіздер

Бір-біріне  жылы сезім білдіреді


Негізгі бөлім

Сиқырлы сәт: Құстардың дауыстары дискіден тыңдалады. Дискіні тыңдап болған соң, қораптан ойыншық, қаз,торғай, тауық, әтешті алады. Енді осыларды жаңағы тыңдағандарымыз бойынша ажыратып, дауыстарын айтып жаттығамыз дейді.

-Қаз «қаңқ-«қаңқ» деп қаңқылдайды, қайталайды.

-Торғай «шық-шық-шық» деп шықылдайды,

-Әтеш «ку-ка-ре-ку» дейді.

-Тауық,-қыт,қыт деп айтқыздырып қайталатып үйрету.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Кәне қанат жазайық

Торғайларға ұқсайық,

Ұшып,ұшып алайық.

Д/О: «Дауысын сал!»

Құстардың суреттерін таратып беру, соның дауысын салады.

Құстардың дауысына таңғалып, қуанышпен, қызыға тыңдайды.

Ойыншықтарға қызығушылық танытады.

 Балалар көрсетеді





Балалар өлен жолдарын мұқият тындайды






Сергіту сәтін қайталайды


Қортынды бөлім

Ұйымдастырылған  оқу  іс – әрекетіне жақсы  қатысқан  балаларды  мадақтау.













Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің картасы

Күні:

Ерте жас тобы:

Тәрбиешінің аты-жөні:

Білім беру саласы: көркем әдебиет

Бөлімі: Қатынас

Тақырыбы: «Торғай мен мысық» (өлең) Е.Ашықбаев

Мақсаты:Өлеңді есте сақтауға, қайталауға үйрету

Міндеттері:Өлеңді есте сақтауға, қайталауға үйрету. Сөйлеу мәңері мен дауыс ырғағынын көркемдігін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс:Өлең,Торғай

Құрал жабдықтар: Суреттер

Әрекет кезендері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есепке алу

Кіріспе бөлімі

Шаттық  шеңбері

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Бір-біріне  жылы сезім білдіреді


Негізгі бөлім

Ал ендеше айтыңдаршы көктемде алғаш жер бетіне қандай гүлдер өсіп шығады?

Балалар көктемде жылы жақтан қандай құстар ұшып келеді?

Ендеше мен сендерге торғай туралы мәлімет айтып, әңгімелеп бергім келеді.

Сендер қандай құстарды білесіңдер?

Тақпақ «Торғай»

Айтыңдаршы балалар торғай қайда мекен ететін құс?

Енді мен сендерді мысықпен таныстырғым келеді

Мысқ үй жануары ма ,әлде дала жануары ма?

Балалар мысық қандай тамақ ішеді?

Сергіту сәті:

Мысық сүтке тояды,

Қарнын сипап қояды.

Жүрісі оның баяу,

Деді мысық мияу-мияу.

 Балалар көрсетеді





Балалар өлен жолдарын мұқият тындайды






Сергіту сәтін қайталайды


Қортынды бөлім

Ұйымдастырылған  оқу  іс – әрекетіне жақсы  қатысқан  балаларды  мадақтау.















Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің картасы

Күні:

Ерте жас тобы:

Тәрбиешінің аты-жөні:

Білім беру саласы: көркем әдебиет

Бөлімі: Қатынас

Тақырыбы: «Бауырсақ» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру

Міндеттері: Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту, мүсіндеудің әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, қолдың ұсақ саусақ бұлщық еттерін жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Бауырсақ,Кейіпкерлер

Құрал жабдықтар: Суреттер

Әрекет кезендері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есепке алу

Кіріспе бөлімі

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Сонша әсем, сонш бай,

Ағаш бар ма шыршадай!

Бір-біріне  жылы сезім білдіреді


Негізгі бөлім

Тәрбиеші балалардың алдарына бауырсақ макетің және «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін қояды.

-Бүгін біз «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз. Бұл ертегіні білетін балалар маған айтуға көмектеседі.

- Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді. Бір кезде оған Қоян жолығып:- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.Бір кезде Аю жолығады:- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол. - Бауырсақ өзінің әнін Аюға айтып беріп, одан әрі домалай береді.


Домалап келе жатса бауырсаққа Түлкі кездеседі. Түлкі де оны жегісі келеді, ал бауырсақ оны жемей, үйіне қонаққа шақырады. Қонаққа қоян, қасқыр, аю, түлкі келеді.

Балалар шеңберге отырады, «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерімен танысады.

 Балалар көрсетеді







Балалар қайталайды



Қортынды бөлім

Ұйымдастырылған  оқу  іс – әрекетіне жақсы  қатысқан  балаларды  мадақтау.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі