Бөлме өсімдігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлме өсімдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктер туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: «Бөлме өсімдігі. Фикус гүлі».

Мақсаты: Гүлдерге деген қамқорлық сезімдерін ояту. Дала гүлдері мен бөлме гүлдерінің айырмашылығын түсіндіру. Олардың қалай өсіп-өнетіні жөніндегі білімдерін кеңейту. Бөлме гүлдерінің бірі-фикус гүлімен таныстыру. Сөздік қорларын молайту.

Қажетті құрал-жабдықтар: гүлдердің суреті, ыдыстағы фикус гүлі.

Билингвальды компонент: гүл-цветы.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар, шеңбер болып тұрып, бір-біріміздің қолдарымыздан ұстайық. Мына гүл шоғын бір-бірімізге жылы сөз, жақсы тілегімізді айта отырып ұсынайық.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне тілектерін айтады.





Ұйымдастыру-шылық

ізденістік

Әңгіме жүргізу:

-Біз бүгін табиғаттың ғажайып байлығы – гүлдермен танысамыз, гүлдердің көптеген түрлері бар. Дала гүлдері, бөлме гүлдері, емдік гүлдер т.б. Бұл гүлдер далада өседі. Сондықтан дала гүлдері деп аталады.

-Балалар бізге гүлдер не үшін керек?

-Бөлмедегі ауаны тазартады, әдемі сән береді, гүл адамдарға қуаныш сыйлайды. Мереке күндері анамызға гүл шоқтарын сыйлаймыз.

-Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы болады.

-Мына гүлдің аты – фикус. Фикус- әдемі жапырақты бұтақты өсімдік. Гүлдің жапырағы үлкен, әрі жалпақ. Бөлме гүлдерін қалай күтіп-баптау керектігі жайлы айтып беру.

Сергіту сәті:

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Шарты: гүлге баратын жолды табу яғни фикус гүліне бағытталған бағдаршаны бастырып сызады.


Балалар зейіе қойып тыңдап, қайталап айтуға тырысады.



Балаларға ой тастау.




Қайталап айта отырып естерінде сақтап қалуға тырысады.






Өлең жолдарын айтып бойларын сергітеді.




Тапсырманы педагогпен бірге орындайды.


Рефлексиялық- түзетушілік

-Бөлме гүлдерін қалай күтеміз?

-Гүл атымен аталатын қандай қыздардың аттарын білеміз?

Сұрақ бойынша жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: бөлме гүлдері және оларды қалай күтіп-баптауды.

Игереді: гүлге су құйып жапырағының шаңын сүртуді.

Меңгереді: фикус гүлі туралы мағлұматтарды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.08.2018
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі