400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлме өсімдігі деген не? мектепалды даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлме өсімдіктерін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Баяндай негізгі орта мектебі КММ

Сабақтың тақырыбы; Бөлме өсімдігі деген не?

Бөлім

Жаратылыстану

Педогогтің аты-жөні

Емирова Г.Т

Күні

09.11.2021

МАД ТОБЫ

0 А

Сабақтың тақырыбы

Бөлме өсімдігі деген не?

Оқу бағдарламасының сәйкес оқыту мақсаттары

Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік түрлерінің өсіп-өнуін бақылау.

Сабақтың мақсаты

Өсімдік тіршілігінің жағдайлары туралы, олардың даму сатылары, қайсылары мәдени және жабайы өседі, өсіп жетілу орны туралы, әртүрлі маусымдардағы тіршілік ерекшеліктері туралы қарапайым білімдер, қарапайым бақылау дағдылары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезендері

Педогогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекетті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



























Сабақтың ортасы









































Сабақтың соңы

ҰОҚ-дағы жұмыс үшін қолайлы атмосфера жасайды. Шаттық шеңбері.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

Армысың, жер-ана,

Армысың, алтын күн,

Армысыңдар, балалар!

өсімдік туралы жұмбақ жасырады. Балалардың өсімдік туралы білетіндері қызықтырады.

Ауаны ол тазартып,

Үйдің сәнін кіргізер.

Терезеде гүлдейді,

Қыста қызыл гүл берер. (Бөлме өсімдіктері

Өзекті мәселелер.

Сіздің үйде бөлме өсімдіктері бар ма?

Оларға кім күтім жасайды?

Олар неге бөлмелік деп аталады?

Педагог балалардың білімдерін белсендіреді. Балалар үлестірмелі материалдан бөлме өсімдіктерінің аттарын атай алуы тиіс. Балалармен бірлесіп гүлдерді қалай күту керектігі туралы қорытынды жасалады. Өсімдіктердің өсуіне мейірімділік керектігі де айтылады. Мейірімді адамның қолынан өсімдіктер қаулап өседі.

Қорытынды жасау: бөлме гүлдері бізге пайдалы болсын, әдемі және жақсы гүлдесін, оларға күтім қажет.

Өзекті мәселе.

Біз сендермен бөлме өсімдіктерін қалай күтіп ұстаймыз? Күтіп ұстаудың әдістерін атаңдар.

Бақылау іс-әрекеті.

гүлдер отырғызылған қыш құмыраларды қояды, оларға біршама уақыт бойы (әдейі) күтім жасалмаған, балаларға гүлдерді сипаттап берулерін сұрайды. Өсімдіктерді қалай суғару, шаңнан қалай тазарту керектігі түсіндіріледі. Өйткені өсімдіктің пішіні мен жапырақтарының мөлшері де осыған байланысты. Қорытынды жасату: бөлме өсімдіктері бізге пайда әкеледі. Олар әдемі болу үшін, оларды күтіп-баптау қажет.

Бөлме өсімдіктерін күту бойынша алгоритм құрастыру. Гүлдер тұнжырап қалмауы үшін біз не істей аламыз?

Суғарамыз

Су шашамыз

Жуамыз

Қопсытамыз

Кеуіп қалған жапырақтарын жұламыз

Басқа ыдысқа отырғызамыз

Тыңайтамыз

Осы тармақтардың әрқайсысы өсімдіктің өсуіне және сыртқы түріне қалай әсер ететінін дәлелдеп беруді балалардан сұраңыз. Қорытынды.

Гүлдерге міндетті түрде күтім керек. Оларға біздің қамқорлығымыз бен сүйіспеншілігіміз қажет. Өсімдіктер мейірімділікті жақсы сезінеді. Мейірімді адамға өсімдіктер тартылады, одан қорықпайды. Гүлдер де аялы алақанды, мәпелеп айтқан сөзді жақсы көреді.

(Т) Практикалық жұмыс.

әр топқа гүлдері бар қыш құмыраларды таратады және балалардың бөлме гүлдеріне қалай күтім жасайтындарын көрсетуді сұрайды.

) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Жабайы кактус – бөлме кактусы т.б.

2-тапсырма. Сурет бойынша қазтамақ гүлін көбейту жолын цифрмен көрсетеді.

3-тапсырма. Бөлме өсімдігін отырғызу ретін әңгімелеу.

Егер бала тақырыпты түсінсе және білімі мен ісмерлігін қолдануға қабілетті болса, онда ол гүлшанақты және екі гүлді бояйды, егер мақсат жартылай орындалған болса – гүлшанақ пен гүлді, ал егер мақсатқа қол жетпеген болса – гүлшанақты ғана бояйды.


Шаттық шеңбері

















Қорытынды жасау























Әліппе-дәптермен жұмыс



















Бөлме өсімдіктері немесе әртүрлі бөлме гүлдері бейнеленген суреттер.




Кейбір гүлдердің құмырасына көңілсіз смайликтер жапсырылған.







Жазуы бар тақтайша: суғарау, су шашу, жуу, қопсыту. Кеуіп қалған жапырақтарын жұлу


Басқа ыдысқа отырғызу. Тыңайту


























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.10.2025
55
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі