400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлме өсімдіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге сабақ жоспарын жасауға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері».

Мақсаты: бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру.

Білімділік мақсаты: өсімдік құрылысымен таныстыру, күту ережелерімен таныстыру, кеңістікті бағдарлау, түстерді ажырата білу қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық мақсаты: сөздік қорын дамыту; гүл, жапырақ, сабағы сөздерін айтқызу, қарапайым нұсқауларды түсініп орындауды дамыту, тыныс алу жаттығуларын дұрыс орындауға, үлкен-кіші үғымдарын түсіне білу қабілеттерін, ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: еңбекке баулу, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сары шар, бөлме өсімдіктері, дымқыл сүлгілер, су шашқыш, су құйғыш, су, үстел, шүперек.

І. Кіріспе бөлімі:

Психологиялық жаттығу «Көңілді шар».

Көңілді әуен қосылып тұрады.

-Балалар, мынау не? (Шар.)

-Ия, шар. Оның түсі сары, ол бізге күлімдеп тұр, бізде оған күлкімізді сыйлайықшы. (Балалар жымияды.) Енді осы шарды бір-бірімізге лақтырып ойнайық.

ІІ. Негізгі бөлімі:

1. «Гүлдердің орналасқан орнын табу».

-Балалар, бізде гүлдер қай жерде орналасқан, көрсетіндерші?

-Сендердің алдарында тұрған бөлме өсімдіктері. Олар бізге жақсы көңіл күй сыйлайды. Олар күнді жақсы көреді. Олардың сабағы, жапырағы және гүлдері бар. Қызыл, ақ түсті гүлдер бар екен.

2. «Үлкен - кіші жапырақтарды ажырату».

-Балалар, біздің гүлдеріміздің жапырақтары үлкен және кіші жапырақтары бар екен. Үлкен жапырақтарын көрсетіндерші? Енді кіші жапырақтарды көрсетіндерші?

3. Дидактикалық ойын: «Артық заты тап».

Үстелдің үстінде тұрған заттарды атап шығу. Сол заттардың ішінен гүл күтіміне қажет емес затты тапқызып алып қою.

4. Бөлме өсімдігінің күтімі:

  1. Құраған жапырақтарын жинап аламыз.

  2. Шанды сүртеміз.

  3. Топырағын қопсытамыз

  4. Суғарамыз.

  5. Қолдарымызды тазалаймыз.

-Балалар, дұрыстап қарандаршы, құрап қалған жапырақтары бар мекен?

Балалар құраған жапырақтарды тауып жинап алады.

-Балалар, үлкен жапырақтарымен гүлдерді көрсетіндерші?

-Ал кішкентай жапырақтарымен қайсы?

Балалар көрсетеді.

-Енді тегенемізге су құямыз, шүперектерімізді алып, сулап, сығып үлкен жапырақтарымыздың шанын сүртеміз.

-Жапырақтары кішкентай гүлімізге суды шашып жуамыз.

Аружан суды су шашқышпен шашып жуады.

-Енді топырақты таяқшамен қопсытамыз.

-Суды жапырақтарына тигізбей топырағына құямыз.

Қырмызы суқұйғышпен су құяды.

-Енді қолдарымызды сүртейік, майлықтарымызды қораптың ішіне тастаймыз, жұмыс орнымызды жинап қоямыз.

Тегененін ішіндегі шүперектерді сыққызып құбырдын үстіне жайғызу.

5. Тыныс алу жаттығулары:

-Балалар, біз гүлдерді иіскеп көрейікші. Ол үшін біз танауымызды, қане, қайда бізде танау, гүлімізге жақындатып терен дем аламызда ауызымыздан шығарамыз.(балаларға бірнеше рет қайталап жасату). Гүлдеріміз хош иісті екен.

ІІІ. Қорытынды бөлімі:

-Балалар, сендерге бүгінгі жұмысымыз ұнады ма?

-Ия.

-Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

-Гүлдер.

-Мына гүлдердің түстері қандай екен?

-Қызыл, ақ, жапырақтары жасыл.

-Гүлдерді лақтыруға, сындыруға, ойнауға болмайды.

-Жарайсындар, балалар, онда біз ортаға шығып «Гүлдер» биін билейік.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.10.2019
415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі