400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлме өсімдіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
konspekt jazu ushin qajet botanika
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақтан Білім және Ғылым

министірлігі



РЕФЕРАТ





Тақырып:Бөлме өсімдікері





Орындаған:Полатбаева Ю

Қабылдаған:Тахиров З







Бөлме өсімдіктерін күту жолдары
Бөлме өсімдіктерін күту жолдары Бөлме өсімдіктері таза ауамен қамтамасыз етумен қатар, үйіңізге сән беріп, көңіл-күйіңізді көтеріп, сіз отырған ортада жақсы атмосфера  қалыптастырады. Алайда үй өсімдіктері ерекше күтімді, баптауды қажет етеді. Бөлме өсімдіктерінің әдемі қалпын сақтап, ұзақ өмір сүруі үшін төмендегі
. Жарықтың мөлшері. Бөлме өсімдіктері жарықты қажет еткенімен, олардың көбі күн көзінің тікелей түсуін аса «ұната бермейді». Мәселен, кактус, сүттіген, фаукария, сенецио сынды гүлдер жарықсүйгіш гүлдер қатарына жатады. Ал парагус, бегония, фуксия сияқты бөлме өсімдіктері  жарықтың шашырап түсуін қажет етеді. Қырыққұлақтар, тікенекті өсімдіктер күн көзін сүймейді, сондықтан көлеңкеге төзімді болып келеді. Жылудың әсері. Белгілі бір мөлшерде бөлме өсімдіктері жылуды да қажет етеді. Әсіресе, үй температурасы маңызды рөл атқарады. Жылусүйгіш өсімдіктердің күтімінде олардың жел өтінде тұрып қалмауына ерекше назар аударыңыз. Температура режимінің бұзылуы гүлдердің жапырағының зақымдануына, сарғаюына және жиі түсуіне алып келеді. Жайлы орын. Бөлме өсімдіктерінің тұрақты орны болғаны жөн. Сол себепті оларды орнынан жиі қозғауға болмайды. Теледидар, музыкалық орталық, кір жуғыш машинаның жанына бөлме өсімдіктерін қоймауға тырысыңыз. Жатын бөлмеңізде бөлме өсімдіктерінің саны аз болғаны дұрыс. Себебі, өсімдіктер күндіз оттегін, ал түнде көмірқышқыл газын бөледі. Тыңайтқыш пайдалану. Кез келген бөлме өсімдігі үшін топырақтың құнарлы болуы аса маңызды. Сондықтан тыңайтқыштарды үнемі пайдаланып отыру қажет. Бөлме өсімдіктерінің түріне байланысты оларға себетін тыңайтқыштар да әртүрлі болып келеді. Суару. Бөлме гүлдеріне құятын судың температурасы бөлме температурасымен шамалас болғаны жөн. Сонымен қатар, суды алдын ала тұндырып алу керек. Судың шамадан тыс мөлшері өсімдік тамырының шіруіне себепші болады. Бөлме өсімдіктерінің тазалығы. Бөлме өсімдіктерін аптасына бір рет жуып алған дұрыс. Гүлдерді шаң басқан жағдайда, олар тез зақымданып, ауруға жиі шалдығатын болады.  Егер жуатын мүмкіндігіңіз болмаса, гүлдің  жапырақтарын  жылы суға малынған мақтамен немесе губкамен екі жағынан бірдей сүрту қажет. 



Бөлме гүлдері

Бөлме үнемі сәнді, жинақы және ең бастысы ауасы әрдайым таза болуы шарт. Күніміздің көп бөлігі бөлмеде өтетіндіктен, оның денсаулыққа әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Бөлмеде отырып кітап оқимыз, жеке қасиеттерімізді арттырамыз, шығармашылық жұмыспен айналысамыз, демаламыз. Сол кезде бөлмеде өзімізді неғұрлым жайлы сезінуіміз үшін әдейі гүл өсіретін әдетіміз бар. Назарларыңызға бөлмеде өсірілетін гүл өсімдіктері берілген. Олар сіздің бөлмеңізді тек сәнді етіп қана қоймай, бөлменің ауасын таза күйінде сақтайды. 1. Шеффлера (Schéfflera немесе шатырлы ағаш) — шылым шегетін, я болмаса оттық жиі қолданылатын бөлмеде өсіруге икемделген. Шеффлера мұндай ортаға арнайы будандастырылған болатын. Никотин және шайыр түсетін зиянды бөлшектерді жылдам ауыздықтайды. 2. Алтын түсті сциндапсус (Epipremnum aureum, екінші атауы-Потос) ауаны бензол қалдықтарынан арылтады. Жапырағының жуан келуі ауаны ластайтын түрлі улы заттардан тазалайды. Сциндапсус өте тез өсіп, жиі суаруды талап етпейді.

3. Драцена (Dracaena) формальдегидті залалсыздандырады. Бұл өсімдік формальдегидтен шыққан буланған улы қоспаларды жояды. Ол аз мөлшерде желім, лак, жиһаздарда кездесіп жатады. 4. Хлорофитум (Chlorophytum немесе Топай) жапырағы арқылы ауаға тараған пайдаланылған газды жақсы ұстап, сүзіп алады. Сол себептен бірінші немесе екінші қабатта тұратын тұрғындар үшін өте қажетті өсімдік болып есептеледі. 5. Хамедорея (Chamaedorea elegans немесе бөлме пальмасы) баспахана ауасын жақсы ылғалдандырады. Пластикалық заттардан бөлінетін химиялық улы бөлшектерді зиянсыз етеді. 6. Шырмауық (Hedera helix) – ауа тазартқыш өсімдік. Шырмауықтан бөлінген зат бөлменің ауа-райын оңтайландырады. Оттегі, озон т.б. газды жақсы өңдейді. Бөлменің сән үлгісі үшін ыңғайлы. 7. Фикус Бенджамин (Ficus benjamina) — ауаны тазарту бойынша өсімдіктердің ішінде алдыңғы орынды алады. Ол өзіне формальдегид, бензол және аммиак секілді барлық улы нәрсені сіңіреді. Ауаға көтерілген шаң-тозаңды тез арада басады.

Бөлме өсімдіктерінің пайдаы қандай?

Гүл өсіру машақатын білгісі келіп, редакциямызға хабарласатын оқырмандарымыз көп. Дегенмен, гүлсүйер қауым бөлме гүлінің пайдасы бар екенін білмейтін сияқты. Ендеше қай гүлдің қандай пайдасы бар екенін біле жүріңіз. Хлорофитум – ең пайдалы бөлме гүлдердің бірі. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Жапырақтары қияқ тәріздес, гүлдері ұсақ, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Жапырақтары уытты заттарды жұтып, ауаны тазартады. Мамандар бұл гүлді, әсіресе, ас үйде және жатын бөлмеге қоюға кеңес береді. Ала жапырақты хлорофитумды жарық мол түсетін жерге қою керек. Ал, жасыл жапырақтысы көлеңкеде де өсе береді. Құрғақ, ыстық ауада жапырақтарының ұшы қоңырқай тартып, қурап кеуі мүмкін. Сондықтан да су бүркіп тұруды ұмытпағаныңыз жөн. Бұл гүл жазда жиі, қыста сирек суғаруды қажет етеді. Әдемі жапырақтыларға арналған тыңайтқышпен көктемнен күзге дейін екі аптада бір рет қоректендіру қажет. Хамедорея – пальма ағашының ең ірі түрі. Оның жүзден астам түрі бар. Мамандар бұл гүлді тас жолға жақын маңда орналасқан үйлерде өсіруге кеңес береді. Өйткені, хамедорея тас жолдан және мәшинелерден бөлінетін бензол, трихлорэтилен сынды зиянды заттарды жұтады. Үй жағдайында хамедореяның Мексика мен Гватемалада өсетін түрлерін өсіреді. Бұл хамедореяның биіктігі 2 метр, әр сабағында алты-жеті, қанат тәрізді жапырақтары болады. Хамедорея үй жағдайында өсіруге өте ыңғайлы өсімдік, көп күтімді қажет етпейді, бірақ баяу өседі. Жаз кезінде оны балконға немесе аулаға шығарып қою қажет. Тек өткір күн сәулесінен және желден қорғау керек. Жазда жиі, қыста сирек суғарылады. Наурыз-тамыз айларының аралығында сұйық тыңайтқышпен қоректендіруді ұмытпағайсыз. Қазтамақ – бөлме гүлінің 280 түрі бар. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың емдік қасиеті болғандықтан, оны дәрі ретінде қолдануға да болады. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, буын мен бұлшық еттің ауруы мен сегіз көзді емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі. Мамандардың пайымдауынша, қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс болмайды екен. Ал, ұрыс бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөлу арқылы, ұрысып қалғандардарды тез татуластырады екен. Жарық сүйгіш. Жаз айларында аулада күн астында өсіруге болады. Топырағының беті құрғаңқырағанда суғарып тұру қажет. Сансевиерия – бөлме гүлінің 66 түрі бар. Бұл гүл адам ағзасының белгілі бір климатқа бейімделуіне көмектеседі және иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, бөлмедегі ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Бөлмеде төселген линолеумнан бөлінетін уытты заттарды жоятын қабілеті бар. Сансевиерия тұмау тиюден қорғайды. Бұл бөлме гүлі жарық таңдамайды. Күн көзінде де, көлеңкеде де өсе береді. Жылына 2-3 рет қайта отырғызуды ұмытпағайсыз. Жаз айларында жиі, қыс мезгілінде сирек суғару қажет


Бөлме гүлдері зиянды заттарды өзіне жұтып, ауаны оттегімен қамтамасыз етеді, оны ылғалдандырып, үйдің және адамдардың энергетикасын жақсартады. Сонымен қатар, бөлме гүлдері адамның психикасы мен көңіл күйіне де әсер етеді. Микроклиматты және адамның көңіл күйін жақсартатын үй гүлдерін назарларыңызға ұсынамыз. Қазтамақ (герань)
Қазтамақ ауаны артық дымқылдықтан тазартады, энергетиканы жақсартады, шаршағандық пен күйзелістен арылтып, жүйке жүйесін жақсартады. Ол ұйқыны реттеп, көңіл күйді көтереді. Қазтамақ жапырағын алақанмен уқалап, кішкене иіскесеңіз, бас ауруын қойдыртады

.
Хлорофитум

Хлорофитум – керемет ауа тазартқыштардың бірі. Ауа қаншалықты ластанған сайын, хлорофитум соншалықты жылдам өседі. Бұл гүлді жаңа құрылыс жүріп жатқан жерге ұстауды ұсынады. Себебі ол жақсы көңіл күй сыйлайды және синтетикалық материалдардан пайда болатын формальдегидті белсенді түрде жояды.

Алоэ

Оны барлық жағдайға арналған өсімдік деп атайды. Себебі ол иммунитет көтеруге, ас қорытуды жақсартуға, жаралардың жазылуына, суық тигенге, күйікке және т.б. жағдайларға көмектеседі. Сонымен қатар ол үйдегі энергетиканы жақсартып, жағымды аура тудырады.
Лимон

Лимон ауаны тазартып, бактерияларды өлтіретін зат түзеді. Ол суық тигенге және күйзелістен құтылуға көмектесіп, жүйке жүйесін тыныштандырады. Көңіл күйді көтеріп, жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Лимон ағзаның жалпы жағдайын жақсартып, мидың белсенділігін жоғарылатады. Оның жапырағын уқалап, лимон иісін иіскесеңіз, қуат аласыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/49233
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
https://massaget.kz/userdata/uploads/u65244/1511171505_l.jpghttps://massaget.kz/userdata/uploads/u65244/1511171505_l.jpg

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
1514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі