400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлме өсімдіктері 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмегі тиіп қалады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Жаратылыстану 1сынып


Мектеп:

Құрық ауылының № 6 орта мектебі»

Мұғалімнің есімі:

Калиева Айсулу Жаксылыккызы

Ортақ тақырып

Менің мектебім

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

Өсімдік бөліктері

Бөлім

2.Тірі табиғат

Бөлімше

2.1.Өсімдіктер

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1.2.1.2. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.

1.1.2.1. Қоршаған əлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Берілген жеміс, көкөністердің тұқымдарын салыстыра отырып, тұқым түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар:

Тұқымның өнуіне бақылау жасау арқылы зерттеудің күнделікті өмірге қажеттілігін ажыратады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.

Берілген жеміс, көкөністердің тұқымдарын салыстыра отырып, тұқым түрлерін ажыратады.

Тұқымның өнуіне бақылау жасау арқылы зерттеудің күнделікті өмірге қажеттілігін ажыратады.

Тілдік мақсаттар






Тілдік дағдылар: Өсімдік бөліктері және оның қызметі туралы айтады.

Терминология: тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі, жемісі, тұқымы

Сөз тіркестері: қоректенеді, тыныс алады, бүршік жарады,

гүл ашады, тұқым шашады.

Айтылым, тыңдалым: Өсімдік аттарын атайды, тыңдайды.

Жазылым: Өсімдік мүшелерінің аттарын жазады.

Құндылықтарды дарыту

Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, ынтымақтастықта еңбек ету;

Алған білімдерін өмірде қолдану;

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, бейнелеу, математика

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Өсімдіктерді ағаш, бұта, шөптер негіздерін сипаттай алады



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

  1. минут

1.Психологиялық ахуал

2. Топқа пазылдар арқылы бөлу.

1 топ: Жапырақтар

2 топ: Гүлдер

3 топ: Жемістер

-Құраған пазлдарда не бейнеленген?

-Бұл өсімдіктің қандай бөлігі?

Оқушылармен сабақ мақсатын анықтаймыз.

-Олай болса бүгінгі сабақта өсімдіктердің бөліктерін ажыратуды үйренеміз.


Ортасы

20-25 минут

1-тапсырма. 1.2.1.2. Жеке жұмыс. Айтылым, тыңдалым.

1-топ: Өсімдік бөліктерін суретпен сәйкестендіреді.

2-топ: Берілген өсімдік бөліктерін рет–ретімен орналастыр.

Picture 2

3-топ: «Не жетіспейді?» Өсімдіктің жетіспейтін бөлігін тауып, толықтырады.

-Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса не болар еді? Қалай ойлайсыңдар?

Жабық сұрақтар.

- Өсімдіктің жер астындағы бөлігі – тамыр. (иә)

-Тамыр мен жапырақты байланыстыратын өсімдік мүшесі- гүл (жоқ)

-Өсімдіктің жемісі пайда болатын мүшесі- сабақ.

( иә)

-Өсімдік сабағында орналасатын мүшесі- тамыр(жоқ)

Білім алушы үйренеді:

Өсімдік мүшелерін және оның қызметін ажыратып, өсімдік мүшелері бір- бірімен байланысты екенін үйренеді.

Дескриптор:

- Өсімдіктің негізгі бөлшектерін ажыратады.

-Өсімдіктің негізгі бөліктерін атайды.

- Өсімдік бөліктерінің байланысын анықтайды.

Сергіту сәті

Оқушылар өсімдік бөліктерін бейнелейді. Тамыр дегенде отырады, сабақ дегенде орындарынан тұрады, жапырақ дегенде қолдарын жоғары көтеріп жаяды, жеміс дегенде қолдарын жоғары көтеріп шеңбер жасайды, тұқым дегенде қолдарын жайып шыр айналады.

2-тапсырма.Топпен жұмыс

Әр топқа жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдардың тұқымдар беріледі. Берілген көкөніс, жемістердің тұқымдары мен дәнді дақылдардың тұқымдарының түрлерін ажыратады. Яғни, шырынды, құрғақ, сүйекті тұқым түрлері болатынын біледі.

1-топқа қызанақ пен қияр беріледі.

2- топқа алма мен алмұрт беріледі.

3 -топқа шие мен өрік беріледі.



Жабық сұрақтар:

  • Жемістердің ішінде не болады?

  • Тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді?

  • Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады?

Дескриптор:

-өсімдік бөліктерін ажыратады, атайды

-тұқым түрлерін ажыратады

3-тапсырма.1.1.2.1. Зерттейік.

Тұқым қалай өнеді?

Алдын ала шыны ыдысқа тұқымды салып, оның өнуін көрсету. Оқушылар бақылап, тұқымның қалай өнетінін қорытындылайды.



Ойлан!

Б ілім алушылардың өздеріне кішкене тостақанға ылғал мақта төсетіп, тұқымды отырғыздыру. Күнде тұқымның өнуіне бақылау жүргізеді. Тұқым ылғал мақтада өсе ме? Оқушылардың қорытынды ойларын тыңдау.

Д ескриптор:

- Өсімдік бөліктерінің қалай өнетінін бақылау арқылы анықтайды .

- Байқағандарын топта талқылайды және ортақ қортындыға келеді.

















.










































































































Аяқталуы

10 минут


Кері байланыс

«Әдемі гүлдер» тәсілі арқылы кері байланыс

Бүгінгі сабақты жақсы түсінсе жасыл гүлге;

Бүгінгі тақырып бойынша әлі де көмек керек болса сары гүлге;

Бүгінгі тақырыпты тіпті түсінбесе қызыл гүлге шоғырланады.

«Екі жұлдыз , бір тілек» (МК; Т; Қ ) тәсілі арқылы оқушыларға топтарды бағалату. Топтардың белсенділігін, тапсырмаларды орындауына байланысты екі жетістігін көрсетіп, бір ұсынысын білдіреді.


Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың жеке қабілеттеріне, ерекшелігіне қарай , оқу мақсатына жету үшін қолданылған тапсырмалар, ресурстар

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушы білімін тексеруді қалыптастырушы бағалау арқылы жоспарлаймын.

«Шапалақ», «Әдемі гүлдер », ашық, жабық сұрақтар арқылы бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар өсімдік бөліктерін ажыратып, оны ажыратып үйренді.

Оқушылар өз ойларын ашық айтуды, дәлелдеуді үйренді. Тұқымның өнуіне бақылау жүргізу күнделікті өмірде қажет екендігіне көз жеткізеді.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.



2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі