жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бөлме өсімдіктері ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру
саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Бөлме
өсімдіктері»
Мақсаты:Балалардың бойында эстетикалық
талғамын дамыту. Қоршаған ортаны аялауға
тәрбиелеу. Бөлме өсімдіктерін атай білу
дағдыларын бекіту. Гүлдің бөліктерін атай білу дағдыларын
қалыптастыру.
Көрнекіліктері: Слайд,бөлме
гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті
заттар.
Әдіс —
тәсілдері: Түсіндіру,слайд көрсету,
әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту,
мадақтау.
Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңбері:
Би « Әсем гүлдер»
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бізде өте ерекше күн, себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қанекей амандасайық.
(Балалар 3 тілде амандасады)
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Балалар бір біріне жылы лебіздерін білдіріп,тілек айту.
-Деніміз сау болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Әрқашан күн сөнбесін!
-Ата-анамыз аман болсын!
-Балабақшамыз көркейе берсін!
-Апайдың айтқанын тыңдаймыз!
-Тәртіпті бала болайық!
-Гүлдей жайнай берейік!
-Бақшамыз гүлдене берсін!
-Бәріміз дос болайық!
Тәрбиеші: - Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
- Қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінің айларын атайықшы. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын соны шешуге тырысыңдар, шешсеңдер біздің бүгінгі оқу қызметіміз сол туралы болмақ.
Жұмбақ :Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады. (Гүл)
-Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше осы әсем гүлдердің қалай өсетініне бақылау жасайық.
Балалар тақтаға назар
аударады.
Бейнеролик арқылы табиғатта осындай әсем гүлдердің қалай өсетініне
назар
аударайық.
Тәрбиеші бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелейді.
— Өсімдіктердің өзі дала және
бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Біздің бүгінгі оқу қызметіміз
бөлме өсімдіктері жайлы болмақ.Өсімдік өмір сәні,табиғат
көркі,дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды
оған көрік береді. Балалар, өсімдіктердің ерекше бір қасиеті
бөлмедегі зиян ауаларды өзіне сіңіріп алып, таза ауаны бөлмеге
таратып отырады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады
екен.
Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да
оларды терезенің алдына қоямыз.Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер
сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері
бар.
Ал мынау алоэ – өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келеді, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэнің емдік қасиеті бар одан дәрі-дәрмек жасайды. Алоэ — үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады. Егерде бір жеріңізді жарақаттап алсаңыз сол жерге осы алоэні кесіп шырынын жақсаңыз тез жазылып кетеді.
Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды, бөлмедегі адамның қобалжуын, ашуын, көңілсіздігінен арылтады. Сырттан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды. Сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп, түнде жұтатын қабілетке ие фикусты жатын және балалар бөлмесіне қоймағаныңыз абзал.
Міне өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз.
Балалар біз өткен демалыста қайда саяхаттадық? Естеріңде ме?
-
Гүлзар бағына бардық.
Ендеше бейнероликтен тамашалайық.
(Ортаға бағбаншы келеді.)
Бағбаншы: -Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендердің қонаққа шақырғандарыңнан кейін арнайылап келдім. Сендерді сағыныпта үлгердім.
Тәрбиеші: -Қош келдіңіз, Бағбаншы. Сізді көргенімізге қуаныштымыз.
Біз бүгін бөлме өсімдіктері туралы оқу қызметін өтіп жатырмыз.
Бағбаншы: -Жарайсыңдар.
Енді осы гүлдердің сырт
келбетімен танысайық. Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты
тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар. — Тамыры топырақтың
астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне
көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің
тамыры дем алып тұру үшін топырағын
қопсытамыз. Балалар гүлдердің жақсы жайнап өсуі
үшін гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет . Гүлге
су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын
қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.
Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде
деп ойлайсыз? Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей
сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап
,еркелетіп тұру қажет,олар да өздерінше қуана да мұңая да алады
екен
Біз енді өсімдіктерді қалай күтіп баптау керектігін білеміз. Гүлді
тек бөлмеде ғана емес, жұмыс орнында, аулаға, демалыс орындарында,
адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына өсіру
керек.
Практиклық
әрекет: Ал енді балалар біз Фикус деп аталатын тамырланған
гүлді ыдысқа отырғызайық. Сендер бүгін табиғат бұрышында жұмыс
жасайсыңдар.
Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет.Ыдысты алып түбіне
бірінші тастарды саламыз.Ыдыстың түбі тесік болады.Содан кейін
топырақ саламыз.Жәй даладағы топырақ емес құнарлы арнайы гүл
отырғызуға арналған топырақы саламыз.Содан соң топырақ ортасынан
құдықша жасап,гүл өсіндісін отырғызамыз.Енді бұл гүлімізді табиғат
бұрышына қоямыз.Балалар гүл отырғыздық ,енді тек осылай қоямыз ба?
Жоқ гүлге су құю керек. Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су
бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру
керек. Гүлдерді жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды
суқұйғышпен суарады.
— Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
— Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені
гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін. Гүлге бірден суық су құюға
болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана
суаруға болады. Тамаша, жарайсыңдар балалар. Енді өзіміздің
отырғызған гүлімізді шатастырып алмас үшін, арнайы өз белгімізді
қойайық.
Енді бойымызды бірге бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті. Бағбаншымен би.
Бағбаншы: -Тамаша! Жарайсыңдар! Мен өзімнің гүлзар бағыма қайтуым қажет. Сендерге менен естелік болсын деп арнайы сыйлығым бар. (смайликтерді тағады) Сау болыңдар!
Тәрбиеші: -Балалар, біз гүлді күтіп, баптауды үйрендік. Енді осы әсемдікті қолдан жасап көрейік. Ол ушін жұмыс үстеліне барайық. Балалар бұл бос терек. Осыны біз гүлдермен әсемдейік. Ол үшін бізге ерітілген балауыз шам және су қажет. Біз жұмысты бас бармақ, сұқ саусақ, ортан теректің көмегімен жасайтын боламыз. Енді осы үш саусағымызды түйістіріп алдымен суға, содан кейін ерітілген балауызға батырып, терекке бекітеміз. Міне осылайша гүліміз дайын болды.
Дидактикалық ойын: «Гүл құрастыру»
Гүлдің тамырын,сабағын,жапырағын,гүлін тауып жапсыру.
Қорытынды.
-Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?
-Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?
-Гүлдің сырт келбеті қандай?
-Бүгінгі отырғызған гүліміздің аты қандай?
Күтілетін
нәтиже:
Нені игерді: Бөлме гүлдерімен және оны күтудің ережелерін
игеру.
Нені меңгерді: Гүлдерді күтіп баптауды, аялауды, қорғауды
меңгеру.
Нені біледі: Бөлме гүлдерін күтіп –баптау жолдарын
білу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген