«Бөлме өсімдіктері» (тәжірибелік іс-әрекет)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бөлме өсімдіктері» (тәжірибелік іс-әрекет)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге арналған ҰОҚ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері» (тәжірибелік іс-әрекет)

Мақсаты: Бақылауға және ой қорытындысын жасауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Бөлме өсімдіктерінің тіршілігі үшін не қажет екендігі, оларды көбейту тәсілдері туралы (тұқыммен, өскінмен) түсінік беру.

Дамытушылық: Бөлме өсімдіктерін танып, атай білуді дамыту: сабағы, жапырағы, гүлі.

Тәрбиелік: Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау ережелерімен таныстыруды жалғастыру.

Үш тілдік компонент: бөлме гүлі - комнатный цветок - room flower, жарық- свет - light, су – вода - water, жылы – тепло - warm, ауа – воздух - air.

Керекті құралдар: бөлме гүлдері, гүлдердің суреттері.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Қол ұстасып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап.
Жүрейікші жараса

Тотықұс Кеша ұшып келеді де, балабақшаның әрбір тобында болғанын айтады.

Өлең оқиды:

Гүлдер, гүлдер, гүлдерім,

Қандай әсем түрлерің.

Ойы-қырым тұр тұнып,

Өсіңдерші құлпырып.

Үстел жағалай отырады.



Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Қуана қарсы алады. Амандасады.


Өлеңді тыңдайды.

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу

- Барлық топтарда табиғат бұрыштары бар.

Онда көптеген әдемі гүлдер бар екен.

- Сендер қандай бөлме гүлдерін білесіңдер?




-Өсімдіктердің бәріне ортақ ұқсастықты айтып беріңдерші?.

Олардың бір‑бірінен қандай айырмашылығы бар?




-Енді – Тотықұс Кешаға өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдеп беріңдер?.




Мұқият тыңдайды.



- Шегіргүл, герань мен хлорофитумның аттарын естеріне түсіреді.


Олардың тамыры, сабағы, жапырағы бар.


Олардың жапырақтары әртүрлі, бірінің сабағы жуан, бірінің сабағы жіңішке.


-Өсімдіктер өседі, су ішеді, ауамен демалады.












Олар аузы жоқ болса, қалай қоректенеді, су ішеді?

Ал, ауамен қалай демалады?



Гүлдерді қойып, оларды қалай күту керектігін көрсетеді, түсіндіреді.


Артикуляциялық жаттығулар:

- Мына суретке назар аударайықшы. Суреттен нені көріп тұрмыз?

- Олай болса, сағат жаттығуын жасайы.

- «Сағат» - Ауыз ашық. Тілімізді алға шығарып, оңға – солға қимылдатамыз.

- Мына суретте не бейнеленген қарайықшы?

-Олай болса тарақ жаттығуын орындайық.

- «Тарақ» - Күлеміз, тілімізді шығарып, тісімізбен тілімізді басып, тілді алдыға артқа тараймыз.

- Ал, мына суреттен нені көріп тұрмыз?

- «Саңырауқұлақ» - Күлеміз, аузымызды кең ашып, жалпақ тілді таңдайға жапсырып ұстап тұру керек.


Пальчиковая гимнастика: «Цветы»

Цель: развитие мелкой моторики,  координации движений пальцев рук.

Ромашки белые цветки –

 (Ладонь вперёд, пальцы раздвинуть – это «ромашка».)

Как пальцы маленькой руки.

И вот слетаются жуки                    (Перебираем пальцы «руки-ромашки» по одному.) Считать ромашки лепестки.


Сергіту сәті:

Табиғат неткен көрікті,

Жапырақтай жайқалып.

Гүлдей жайнап өсеміз,

Бір отырып, бір тұрып,

Билеп-билеп аламыз.


Дидактикалық ойын: «Қандай өсімдік екенін тап?»

Мақсаты: бір өсімдікті сипаттау арқылы таубы үйрету.

Бөлме өсімдігін сипаттап беруін ұсынады. Діні, сабағы, бұтақтары (тік өседі, төмен қарап өседі, бұйраланып өседі, жінішке, жуан болады), жапырақтары, түсін.






Ол тамыры арқылы топырақтан суды өзіне тартады. Жапырағы арқылы демалады.


Мұқият тыңдайды.



- Сағат.



- Тарақ.





- Саңырауқұлақтарды.










Қайталайды.












Қимылдарын келтіре отырып,сергиді.






Өсімдікті сипаттап айтады, ажыратады.











Өлең оқиды:

Гүл өсірдім мәпелеп,

Су құямын күнде кеп.

Апам маған айтады,

Сенде осындай болдың деп.

Сәуле шашып тұрған соң,

Күннің көзін сүйеді.

Күнді жақсы көрген соң,

Соған басын иеді.

Жаңылтпаш:

Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Гүлге қонған аралар гүілдеді.

Демалу жаттығулары. 
Үлкен шеңбер болып тұрып, қолшатырға

тігілген жапырақтарды үрлеп ұшыру. ( 2-3 рет жасатуға болады)

Дидактикалық ойын: «Өсімдікті суретте»

Мақсаты: өсімдіктердің аттары мен өзіне тән белгілерін қайталау.


  • Сендер қалай ойлайсыңдар гүлдерді күту қажет пе?






Өлеңді бірге жаттайды.





Жаңылтпашты қайталайды.



Жаттығуды жасайды.








Өз қалаулары бойынша өсімдіктің бір түрі туралы айтады.

- Гүлдерді күту керек, күтпесе олар өспей қалатындарын айтады.


Рефлексивті – түзетушілік


Қорытынды

Сұрақтар қояды:

- Қандай бөлме өсімдіктерін білесіңдер?



- Оларды қалай күтеді?



Рефлексия:

Бүгінгі оқу қызметіміз қызықты болса, тотықұс Кешаға үлкен жаңғақ берулерін, қызықсыз болса, кіші жаңғақ берулерін ұсынады.

Тотықұс Кеша балаларға ризашылығын айтып, қоштасады.



Сұрақтарға жауап береді.

- Шегіргүл, герань, хлорофитум, бегония және бальзамин.

- Су құямыз, топырағын қосытамыз, жапырақтарының шаңын сүртеміз.


Тотықұс Кешаға үлкен жаңғақты береді.


Тотықұс Кешамен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: бөлме өсімдіктерінің айырмашылықтарын, атауларын.

Болу керек: табиғат бұрышындағы еңбек туралы мағлұмат.

Істей білу керек: сұрақтарға толық жауап беруді, табиғат бұрышында өсімдіктерді күтіп, баптай алуды.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2018
1888
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі