Материалдар / Бөлшектер мен біліктерді жөндеу және қалпына келтіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бөлшектер мен біліктерді жөндеу және қалпына келтіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнеркәсіптік орындарындағы жөндеу нысандары, бұл ғимараттар, үймереттер, технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарының барлық түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2021
694
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жабдықты пайдаланудың бүкіл мерзімінде оның сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін техникалық іс-шаралар комплексін жұмысқа пайдалануды ұйымдастыру деп атаймыз. Бұл іс-шаралар техникалық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде орындалады: тасымалдау мен қоймаларда сақталуынан оның тағайындалуы бойынша қолдануына дейін. Жабдықтың жарамдылығын қамтамасыз ету бойынша орындалатын жұмыстар профилатикалық жұмыстар және жөндеулер деп бөлінеді. Профилактикалық жұмыстар дегеніміз: техникалық күтім (қызмет) көрсету және бақылау жүргізу.

Жабдық күйіне жасалатын бақылау машинаның жұмыс параметрлерінің төл құжат деңгейіне сәйкестігін анықтаудан тұрады. Әдетте, жабдықтың өнімділігі мен өнім сапасы, ондағы діріл деңгейі мен бөгде шудың болмауын, температуралық параметрлерді, тұтынатын энергиянын шығынын және т.б. тексеріледі. Осы параметрлер бойынша диагностикалау әдісімен машинаның және аппараттың техникалық күйі жайында жеткілікті дәл мәлімет алуға болады. Бақылау мерзімділігін конструкторлар анықтайды да, бұл туралы мәліметтер жабдықтың техникалық құжаттарында келтіреді.

Техникалық қызмет көрсету бойынша орындалатын жұмыс көлемі және мерзімділігі техникалық құжаттармен анықталады. Егерде техникалық құжаттар жоқ болса, онда құрылымы ұқсас және бірдей жағдайда, жұмыс істейтін машинаның нормативті құжаттары жетекшілікке алынады. Техникалық күтім көрсету бойынша жұмыс құрамына мыналар кіреді: машинаны майлау; түйіндер мен бөлшектерін ретке келтіру; бекітпелерді қысып бекіту және басқада осыларға ұқсас операциялардан тұрады.

Жабдықты жұмыс қабілеттіліг мен техникалық ресурсын қалпына келтіру бойынша орындалатын операциялар комплексін жөндеу деп атаймыз.

Егерде тек қана жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстар орындалатын болса, онда бұл жұмыстарды техникалық қызмет көрсету деп атайды. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жабдықты  жұмыс қабілетті жағдайда ұстау үшін қажетті өзара байланысты шаралар комплексі ретінде қарастырады. Бұл екі ұғым іс-тәжрибеде қолданылып жүрген  «Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі» негізінде қолданылған. Бұл жүйенің көрсеткіштері өзін іс-тәжрибеде жақсы көрсете алды, сондықтан бұл бір тұтас мәселелер комплексін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеуге кететін еңбек және уақыт шығынын анықтауға мүмкіндік береді. Және де көптеген жабдық түрі үшін шұғыл шығындарды (жабдықтың нақты күйін көрсетуші техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалған қосымша шығындар, материалдың қосымша шығындары, жөндеу технологиясын қолдану ерекшелігі және т.б.) анықтайды. Көптеген анықтамаларда жөндеуаралық циклдің, жөндеудің еңбек сыйымдылығының және жөндеуде тұру уақытының шамасы бойынша мәліметтер, сондай-ақ жөндеуді жоспарлауға қажетті басқа да нормативтер келтіріледі. Техникалық күтім көрсету мен бақылаудың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізумен үйлестіре отырып сапалы орындау жабдықтың ұзақ мерзімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!