400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлшектер мен бұйымдар бетін лак-сыр материалдарымен әрлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге колледж универ орындарындағы студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ашық сабақ


Тақырыбы: « Бөлшектер мен бұйымдар бетін лак-сыр материалдарымен әрлеу»


Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге деталдар мен бұйымдар бетін лак-сыр материалдарымен әрлеу туралы жалпы түсінік беру және қолданылу , әдіс-тәсілдерін үйрену.

Дамытушылық: Білімгерлердің ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын ояту, білім – білік дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Білімгерлер тақырыпты тыңдар кезінде тұрақты зейінділікке, жұмысты орындау кезінде дәлдікке, жасалған  бұйымға ілтипатпен қарауға тәрбиелеу


Сабақта қолданылатын

әдіс- тәсілдер: Кезектескен интервью әдісі, «Коллаж әңгіме» әдісі, «Бес саусақ » әдісі


Сабақтың көрнекілігі мен

материалдық – техникалық

құрал - жабдықтары Құрал – саймандар, шөтке, қолғап, бұйым, лак – сыр



Сабақ барысы:

  1. Кіріспе нұсқау.

Ұйымдастыру кезеңі – 9.00 – 9.05

А) Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Б) Арнайы киімдері мен құрал – жабдықтарын тексеру.

В) Көрнекі құралдар, ағаш материалдары, бұйым т.б.

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


Өткен тақырыптар бойынша білімгерлердің білімдерін тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау: Кэмбридж әдістерінің “Кезектескен интерьвю” әдісі арқылы сұралады. Топтағы білімгерлердің біреуі барлық білімгерлерге сұрақтар қою арқылы алады.

1. Үйдің құрылысы ............ не салудан басталады.

( Іргетасын (фундаментін)

2. Өзі жамылғы заттардан, астыңғы қабаттардан, тұтастырмадан, төсеніштен, жылу өткізбейтін және су оқшаулағыш бөліктерден тұрады. Ол қандай бөлік (Еден)

3. Жамылғы заттар ретінде қандай еден тақтайлары қолданылады.

(Еден тақтайлары, линолиум, паркет және басқалары )

4. Бөлмелеу жұмысын тез және ұқыпты орындау үшін, жақсы ширатылған жіп алып, оны ұзындығы 3-4 және 5 метр аралықта түйіп, оған шеге өткізіп әрі екі ұшын бір-біріне қосып, тік бұрышты үш бұрыш жасап алады. Оның ұзындығы қанша метрлік кесіндінің арасындағы қанша бұрыш болуы шарт (Ұзындығы 3 және 4 метрлік кесіндінің арасындағы бұрышы 90° болуы шарт.)

5. Еденнің жұмсақтау немесе кеуек бетінде тығыз қабық жасайтын және еденді жапқышты тегістейтін аралық қабат.ты қандай қабат деп аталады (Тұтастырма)

6. Есікке салатын құлыптың орнын тақтаның астынан бастап 100 мм биікте қолмен немесе механикалық аспаппен ою керек. Бұрыштама көмегімен ағаштан немесе фанерден жасалған ұяларды белгілейді. Бұл кімнің үлгісімен белгілейді (П.Е.Кусковтың үлгісімен)

7. Қандай тастар суықтан көлемін ұлғайтпайды

(Сом тас және ірі түйіршікті құм не қиыршық тастар)

8. Қандай қабат судың еден арқылы басқа бөліктерге өтіп кетуіне немесе ағынды және топырақ суының еденге өтіп кетуіне бөгет жасайды (Гидроизоляциялық қабат)


Жаңа сабаққа нұсқау беру: 9.15 – 9.40

Тақырыпты ашу үшін миға шабуыл арқылы «Коллаж әңгіме»

әдісі мен тақырыпты құрастырады.

Бөлшектер – құрылыс материалдарының бөлшегі

Бұйымдар - құрылыс материалдарынан жасалатын затты бұйымдар

Лак –сыр – органикалық заттардың қоспасы

Материалдарымен – құрылысқа керекті –жабдықтар

(Балға, балта, шеге т.б.)

Әрлеу - үйдің сәнін келтіретін қоспа.





“ Бөлшектер мен бұйымдар бетін лак-сыр материалдарымен әрлеу”

Әрлеудің барлық түрлері мынадай басты топтарға бөлінуі мүмкін: Мөлдір, мөлдір емес ұқсату, ұқсату және арнайы болып бөлінеді.

Мөлдір әрлеу кезінде ағаш бұйымның бетін ағаштың ішкі бедерін сақтайтын немесе оны айқындай түсетін әрлеу жадығатттарымен жабады. Оны жиһаздарды және жоғары сапалы құрылыс бұйымдарын бағалы ағаштардан дайындалған терезелерді есіктерді, панельдерді әрлеу үшін қолданылады.

Мөлдір әрлеу лактау, жылтырлату, балауыздау және мөлдір пленкамен жабу арқылы жүзеге асырылады. Лактау арқылы әрлеген кезде құрамында пленка жасайтын заты бар органикалық ертінді түріндегі лактар ерітінділер және басқалары пайдаланылады. Ағаш бұйымдарын әрлеуге полиэфирлік нитро целлюлоздық және мочевина –формальдегидті лактар анағұрлым жиі пайдаланылады. Ал майлы және спиртті лактар жақсы кебеді, бірақ илікпелі мөлдір және ауаға аса төзімді пленка алынады. Ол жақсы ажараланады. Мочевинаформальдегидті шайыр түрінде жасалған лактардың үстіңгі беті жылтыр, жеткілікті түрде мөлдір пленка құрайды. Майлы лактардан пайда болған пленка созылмалы берік және атмосфераға аса төзімді келеді, бірақ жеткілікті мөлшерде әшекейлі емес. Спиртті лактар жеткілікті мөлшерде берік емес және атмосфераға төзімділігі нашар, ол нашар жылтыратылатын пленка береді. Лак жамылғылары жылтырау дәрежесіне қарай жылтыр, жартылай жылтыр және күңгірт түсті жылтыр болып бөлінеді.

Лак – сыр жамылғыларын пайдалану сапасының бірқатар физикалық – механикалық ағаш жабысқақтық, қаттылық, жылуға төзімділік сияқты қасиеттеріне ие болуы керек. Бұл қасиеттердің бұйымды пайдаланған кезде елеулі маңызы болады. Олар лак –сыр жадығаттарының сапасы, оларды жағу жағдайымен, жамылғыны кептіру арқылы айқындалады.

Жабысқақтық дегеніміз – (адгезия) лак - сыр жамылғыларының ағаштың үстіңгі бетіне ұстасу беріктігі болып табылады, оның үстіне бұл фактор лак –сыр жадығатар сапасының құрамына, сырлау қабатының қалыңдығына және т.б.байланысты болады. Біртекті құрамдардың атап айтқанда, нитролак және нитрогрунт, майлы грунт (қабат) және майлы лактың жабысқақтығы жоғары болады. Ал әртекті құрамдар балауыз және май, майлы сыр мен желім грунті нашар ұстасады, көбінесе тез қабыршықтанып, түсіп қалады. Мұны лак –сыр жамылғылары құрамын іріктеу кезінде есте сақтаған дұрыс. Лак –сыр жамылғыларының қаттылығы дегеніміз оның басқа қатты денеге ( маыспайтын) серпінділігі, яғни жамылғының басқа заттар әсеріне қарсылық ету қасиеті болып табылады.

Дайындалған ағаш бетін лакпен, сырмен немесе эмальмен жабады. Лак пленкасы бұйымға әсем түр береді және ағаш бетін ылғалдан қорғайды. НЦ -218 лагы – ашық жалтырату үшін қолданылады. 1 сағаттай кебеді, жылдам жалтырайды, ағаш бетіне құйылып сонан соң жағылады.

НЦ -221 лагы – күңгірт, 1,5 сағаттай кебеді, тампонмен, қылқаламмен бүрку арқылы жағылады, сапасы онша жоғары емес бөлшектер мен бұйымдарды әрлеу үшін қолданылады.

НЦ -222 лагы – түссіз , 40 мин кебеді, жылдам жалтырайды, тампонмен және бүрку құю арқылы жағылады.

НЦ -223 лагы – ашық сары, 1 сағат кебеді, жиһазды әрлеу үшін қоданылады. Жылдам жылтырайды , бүрку құю арқылы жағылады.

НЦ -224 лагы – ашық қоңыр, қоңыр, жиһазды әрлеу үшін қолданылады. 1,5 сағатта кебеді, нашар жалтырайды, тампонмен және бүрку арқылы жағылады.

Полиэфирлі ПЭ -246 лагы синтетикалық лакқа жатады, оның құрғақ қалдығы - 57%. Лак малынып алу әдісі арқылы жағылады. Лак жамылғылары жақсы ажарланып және жалтыратылады.

Мөлдір емес әрлеу кезінде ағаш майлы бояумен (белиламен) және пентафаль шайыры негізінен жасалған ПФ-14 эмальмен әрленеді. Ағаш шеберлігі бұйымдарын сырлау үшін белила қолданылады.

Лак –сыр жадығаттарын қолмен жағу. Енсіз ағаш бетіне (жиегіне) лактар, сырлар, эмальдар қолмен ұстауға қаламмен жағылады, оның дөңгелек қыл шөткелері ҚР типті қысқа болады, ал жалпақ беттерге жалпақ қыл шөткелерімен немесе сырлайтын біліктермен жағылады. Қылқаламның орнына шөтке, сонымен қатар тампон пайдалануға болады. Мақта тампонмен спирт лагын және жалтырататын сұйық, ал жүн тампонмен спирт политурасын жағуға болады. Жоғары сапалы бұйымдарды жалтыратып әрлейді, өйткені жалтыраған беті үнемі жылтырап және сыртқы түрі әжептеуір көрінеді.

Лак шаңнан тазартылған құрғақ ағаш бетіне сорғалаған із қалдырмай біркелкі қабатпен 3-6 рет жүргізіледі. Әр жүргізілген қабатты келесі қабатқа дейін жақылап кептіру керек. Егер бұйымның беті бірдей және біртегіс жылтыраса, онда әрленген деп саналады.

Жалтырату қолмен немесе механикалық әдіспен орындалады. Қолмен жалтыратқан кезде жалтыратқыш құрамы диаметрі 30-100мм тампонмен бірнеше рет жайылады, тампонның көлемі бұйымның көлеміне байланысты болады. Тампонды кір болудан, кебуден және жанудан темірден жасалған жәшікте сақтайды.

Жұмысты бастамастан бұрын тампонға жалтырататын қоспаны әбден сіңіру керек, сөйтіп алғашқы жағдыны байқап көреді. Егер ағаш бетінде тампон жүргізілгеннен кейін лак тез көрінбей кетсе, онда тампонның жалтырату үшін жарамды болғаны, ал егер тампон дымқыл болса, онда жағынды майлы болып тым ұзақ кебеді.

Грунттау үшін 10 % политура қолданылады. Бірінші және екінші жалтырату - 8%, ал үшінші жалтырату 5-7% политурамен жүргізіледі. Тампон ағаш бетіне жақсы қозғалу үшін оған 2- 3 тамшы вазелин, кенеп немесе күнбағыс майы қосылады. Жалтырату кезінде ағаш беті пемза ұнтағымен опаланады. Жалтырату операцияларының аралығында пленка кебу үшін аса қажет 3-5 сәтке үзіліс болады. Ақырғы рет жалтырату үшін күйдірілген доломит қосылған таза этиль спирті пайдаланылады.



Жаңа сабақты пысықтау кезі: 09.40 - 09.45

«Бес саусақ » әдісі бойынша білімгерлерге қағаз таратылып білімгерлер өз ойын жазады.


1.Бас бармақ – Бүгін мен не үйрендім?

2. «Балалы үйрек»- Мен бүгін қалай жұмыс істедім? Кімге көмектестім?

3. «Ортан терек»- Бүгін мен қандай біліммен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»- Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

5. Кішкене бөбек – Менің сабақтағы көңіл- күйім


І. Ағымдық нұсқау. 10.00 – 14.50

Білім алушылардың өзіндік жаттығу жұмыстары. Оларға технологиялық нұсқау картасын таратылады.

Тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау:

  1. Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын, жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау;

  2. Қауіпсіздік техникасының ережелері қатаң сақталуын қадағалау;

  3. Тапсырма бойынша берілген жұмыстың әдіс – тәсілдерінің дұрыс орындалуын нұсқау беру.

  4. Жұмыс тәсілдері қате білім алушыларға жеке нұсқау беру, бірнеше орныдаушы бірдей, біркелкі қате жіберіп жатса жалпы жұмысты тоқтатып топтық нұсқау беру;

  5. Орындалған жұмыстарды қабылдау, сапасын тексеру;

  6. Жұмыс орындарын жинастырып, тазалау жұмыстарын жүргізу;


Қорытынды нұсқау. 14.45 – 15.00

1.Жұмыс кезінде жіберілген кемшіліктерді түсіндіру. Жақсы орындаған жұмыстарды атап өту.

2. Үй тапсырмасы: Өндірістік оқу пәнінен «Бөлшектер мен бұйымдар бетін лак - сыр материалдарымен әрлеу» қайталап оқу.



Өндірістік оқыту шебері: Г.Кангереева











Технологиялық нұсқау картасы

Деталдар мен бұйымдар бетін лак-сыр материалдарымен әрлеу

Р/с

Жұмыстың жасалу реті


Жұмыс атауы

Қажетті құрал-сайман

1




Бұйымдарға төсеме қабатын бояу





Метр,сына

Дайындама,

Бұрыштық, қыл шөтке





2






Бұйымдар бетіндегі сынықтарды бітеу





Метр,сына

дайындама

Бұрыштық

Карандаш

Қысқыш, сынықтарды бітеу үшін желім



3







Бұйымдар бетін тегістеу





Метр

дайындама

Бұрыштық

Карандаш, тегістегіш


4


Бұйымдарды әрлеу

Метр, бұрыштық, карандаш, лак – сыр материалдары,

Арнайы шөтке,









Глосарий



Сырлау – покраска – painting

Бұйым – изделия - goods

Бөлшек – деталь – detail

Жадығат – материал – material

Шөтке – щетка – brush

Грунттау – грунтовка - primer

Тампон - тампон - tampon





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі