жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бөлшектерден тұратын сандар тізбектері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3Вбөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
Мектеп: С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицей |
||||||||
Күні: 10.03.2020 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Орынбасарова Ардақ |
||||||||
Сынып: 5 «Ә» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||
Сабақ тақырыбы |
Бөлшектерден тұратын сандар тізбектері |
||||||||
Сабақтың түрі |
Жаңа тақырыпты оқып-үйрену |
||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2.3.4 бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау; 5.2.3.5 бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын ойластыру және тізбектерді құру. |
||||||||
Сабақ мақсаттары |
- құрамында бөлшектер бар сандық тізбектерді анықтайды және толықтырады; - бөлшектерден тұратын тізбектерді ойластыру, құрады. |
||||||||
Бағалау критерийлері |
Білу және түсіну: Сандық тізбектерді дұрыс анықтайды; Зерттеу: Сандық тізбек заңдылығын зерттейді. Талдау: Сандық тізбек құрылымының заңдылығын талдайды. Қолдану: Заңдылығы бойынша сандық тізбектерді құрады; тізбектің белгісіз мүшелерін табады. |
||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: - ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады; - белгілі және белгісіз шамаларды сипаттай отырып, сандық тізбектің шешімін түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: - разрядтары бойынша сандарды жіктеу; - сандарды разрядтары бойынша салыстыру; - - үтірден кейінгі таңбалар саны; - ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - жай бөлшектің алымына ... саны қосылған (көбейтілген, бөлінген, азайтылған); - жай бөлшектің бөліміне ... саны қосылған (көбейтілген, бөлінген, азайтылған); - ондық бөлшекке ... саны қосылған (көбейтілген, бөлінген, азайтылған). |
||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Жұптық жұмыста - өзара құрмет, бір-бірінің пікірін сыйлау, адамгершілік, жеке жұмыста - адалдық, бағалауда - шыншылдық, жарқындылық. |
||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Информатика, пәнішілік байланыс:натурал сандар тізбегі. |
||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация. Сабақтың әр түрлі бөлімдерін оқыту кезінде көрнекілікпен қамтамасыз ету (көрнекілікті қамтамасыз ету үшін, есептерді орындау, бағалау кезінде уақыт ұту үшін); Білімді байқау үшін: iSpring QuizMaker бағдарламасы. |
||||||||
Бастапқы білім |
Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану, натурал сандар тізбегі. |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы
|
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын тексеру № 1001 есеп Жауабы: ≈ 30 км/с № 1002 есеп Жауабы: ≈ 4 минут
3. Бастапқы білімді қайталау, еске түсіру. Жеке жұмыс. True/ False 1. Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады. (Т) 2. 545,69*0,01=5,4569 (Ғ) 3. 37,4109 ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектегенде жуық мәні 37,5ке тең (Ғ) 4. Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 сандарына көбейту үшін көбейткіште неше нөл болса, ондық бөлшектегі үтірді сонша цифрға оңға қарай жылжытамыз. (Т) 5. 1,124*100=112,4 (Т) 6. 1673 жылы ең алғаш арифмометрді Пафнутий Львович Чебышев ойлап тапты (Ғ) |
|
|||||||
Сабақтың ортасы
|
4. Жаңа тақырып. Бөлшектерден тұратын сандар тізбектері Бөлшек сандардан натурал сандардан құралған тізбектердей тізбек құруға болады. Жай бөлшектерге байланысты бір айырмашылық бар: жай бөлшектің алымдары арасында бір заңдылық, бөлімдері арасында басқа заңдылық болады.
0,01; 0,02; 0,03; 0,04; 0,05;... 0,25; 0,5; 0,75; 1; 1,25; 1,5;... Тізбекті бірнеше тәсілмен беруге болады. Тізбек көбінесе нөмірі бойынша кез келген мүшесін табуға болатын n-мүшесінің формуласы арқылы беріледі. Бұл жағдайда тізбек аналитикалық түрде берілген болып есептеледі. Басқа тәсілмен, тізбектің кез келген мүшесін алдыңғы мүшесі арқылы анықтауға болады. Мысалы, a1 = 1 және an = an – 1 + 0,2 болсын, мұндағы n – 1-ден үлкен натурал сан, an – n ретте тұрған мүшесі, an – 1 – n – 1 ретте тұрған мүшесі, яғни n-мүшесінің алдында тұрған мүше. Бұл формула келесі тізбектерді анықтайды: 1,2; 1,4; 1,6; 1,8; 2; 2,2; 2,4;..
5. Тарсия әдісі. Топтық жұмыс (оқулықпен жұмыс)
6. Сергіту сәті. 1. Бұл шеңберде нүкте нешеу, Сонша қолынды көтер дереу.
2. Қанша шаршы көріп тұрмыз Қолды сонша ашып-жұмыңыз.
3. Кесінді нешеу болса, Шапалақта қуана.
4. Үшбұрышты санайық, Көзді ашып жұмайық. Орнымызға отырайық,
7. Тест. Жұптық жұмыс. Мақсаты: Оқушылар бөлшектерден құралған тізбектердің заңдылығын анықтау мен тізбектің белгісіз мүшелерін қаншалықты меңгергенін байқау. Оқушылар іс-әрекеті: Тапсырманы ноутбуктарда орындайды. Бағалау: Оқушы тапсырманы орындап болған соң қорытындысын экраннан көреді.
|
|
|||||||
Сабақтың соңы
|
8. Үйге тапсырма: Әр оқушы құрамында бөлшек сандар бар 2-3 тізбек ойластырып, құрып келу. 9. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау.
|
|
|||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||
Қабілетті оқушы топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушыларға көмектеседі. Проблемалық сұрақтың жауабын іздеу, тапсырмаларды орындау барысында көшбасшылық қасиетін көрсету керек. |
Ауызша сұрақтар-жауап арқылы бағалау. Деңгейлік, тест тапсырмаларын орындату арқылы, рефлексия арқылы өзін бағалау, топтың, жұптың жұмысын бағалау. |
Оқушылардың партада түзу отыруын, көздің АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау. |
|||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген