Бөлшектерді қосу

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлшектерді қосу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға бөлшектерді түсіндіру және қосу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

Алтайбаев негізгі орта мектебі

Пәні:

Математика

Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:

Исабекова Жанар Аллогаровна

Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бөлшектерді қосу және азайту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.1.2.1 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту үшін, бөлімдерін өзгертпей қалдырып, сәйкес алымдарын қосу және азайту деп түсіну

Сабақтың мақсаты

Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту үшін, бөлімдерін өзгертпей қалдырып, сәйкес алымдарын қосу және азайту деп түсінеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас

тыру

Өткен білімді еске түсіру

5 мин























Жаңа білім

35мин





























































































Сабақтың соңы

5 мин

Психологиялық ахуал

«Стюардесса тілегі»

Оқушыларды билет арқылы топқа бөлу.

Өткенді қайталау

https://wordwall.net/ru/resource/36824851


Жаңа тақырыпты ашу:

-Біз жаңа қандай тапсырма орындадық?

-Ондай болса, мына белгілер бойынша, бөлшекпен тағы қандай амалдар қолданатынымызды табасыңдар.

«Белгі»


-Сабағымыздың тақырыбы:

Бөлшектерді қосу және азайту

-Сабағымыздың мақсаты:

Бөлімі бірдей бөлшектерді қосуды және азайтуды үйренесің.

Бағалау: «Паспорт»

-Міне ,балалар билеттер алынды, отыратын орындарың белгілі болды, алға қойған мақсатымыз айқын. Ондай болса, сабағымызды бастайық.

1-аялдама Рим.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақтаға қарап, жаңа сабақтың ережесімен танысып алыңдар.

Тақырып түсінікті болса, саяхатымызды жалғастырамыз.

Әр түрлі халықтар арасында әр түрлі уақытта болған көптеген иероглифтік сандық жүйелердің ішінде бүгінгі күнге дейін тек біреуі ғана қолданыста. Бұл сандар сағат жүздерінде, көне және қазіргі заманғы ғимараттардың, ескерткіштердің, кітап мұқабаларында кездеседі. Әңгіме римдік сандық жүйе туралы болып отыр.
Рим цифрлары шамамен 2,5 мың жыл. Рим сандарын оқуды ұмытып қалған жоқпыз ба?

Ұмытпасақ мен сендерге тапсырманы рим цифрларымен беремін. Шығарып көріңдерші. Тақтадағы рим цифрымен берілген өрнектерді дәптерлеріңе сандармен жазып есептеңдер.

1-тапсырма

«Рим цифрын түрлендір»

-Жарайсыңдар!

Келесі аялдамамыз Қытай елі.

-Міне балалар, қытай елінің тапсырмасын орындауға дайынбыз ба?

4000 мың жыл бұрын фарфор плиткалар құрылысшының қолынан түсіп, жеті бөлікке сынды. Күйзеліске түскен құрылысшы , оны жинауға тырысты, бірақ әр жолы шаршы ала алмады. Бұл белсенділік соншалықты қызықты болып шықты, кейіннен жеті геометриялық пішіннен құралған шаршы Даналық тақтасы немесе TANGRAM деп аталды.

Тақтада алдарыңда танграм бейнеленген.

2-тапсырма топтық жұмыс «Танграм»

Мен әр топтың алдына танграм фигураларын беремін. Әр фигураны қайшымен қиып алып, ұшақ құрастырып көріңдер.

Ойын ережелері
1. Әрбір құрастырылған фигура барлық жеті элементті қамтуы тиіс.
2. Фигураларды құрастыру кезінде элементтер бір-біріне қабаттаспау тиіс.
3. Фигуралардың элементтері бір-біріне жанасуы тиіс.

Бірақ сендер қазір фигураны құрастырумен ғана шектелмей, танграмды да түсті етіп жасайсыңдар. Әр фигураның ішінде мысалдар бар. Фигураны қажетті түске бояу үшін мысалды шешіп, жауабының қандай түске сәйкес келетінін көру керек.

-Жарайсыңдар, балалар! Осы тапсырмамен Қытай еліне саяхатымыз аяқталды.

Келесі аялдамамыз Греция мемлекеті.

Көне заманның ең ұлы грек математиктерінің бірі Пифагор б.з.б. 580 жылдан 500 жылға дейін өмір сүрген нумерологияның негізін қалаған Пифагор сандар адамдардың өмірі үшін өте маңызды деп есептеді.

Сандар туралы не айтқанын ӘЛЕМ буынынан жебелермен өздерің тақтадан оқып көріңдер.

Бұл мәліметті мен не үшін айтып отырмын, балалар?

Қазір біз ойын ойнаймыз.

Сергіту сәті. «Пифагор квадраты» ойын. Әр оқушы өз туған күні, айы, жылының сандарын бір таңбалы сан қалғанша қосыңдар. Шыққан санмен Пифагор квадраты арқылы өзінің қандай қасиеті басым екенін анықтаңдар..

-Тамаша! Әрқайсыңның осындай керемет қасиеттерің бар екенін білдіңдер.

Саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз.

Келесі аялдама Ұлыбритания елі.

Біз сөзжұмбақтар отанына қондық.
Алғашқы сөзжұмбақты ағылшын журналисі Артур Уинн құрастырған деп есептеледі. Бұл сөзжұмбақ 1913 жылы 21 желтоқсанда «Нью-Йорк Уорлд» жексенбілік нөмірінде жарық көрді. Сондықтан бұл күн бүгінгі күні алғашқы сөзжұмбағының ресми күні болып саналады. Сөзжұмбаққа – 112 жыл. Бұл ақпаратты мен сендерге не үшін айтып отырғанымды сезіп отырған шығарсыңдар. Қазір сендер сөз жұмбақ шешесіңдер.

3-тапсырма жұптық жұмыс.

«Сөзжұмбақ»

-Міне, біздің саяхатымыз аяқталды. Бірақ, қаншалықты қызықты болса да, саяхатшылар әрқашан үйге тартылып тұрады. Міне, біз сендермен бірге өз елімізге қайтамыз.

Сапар барысында көңіл-күйлерің қандай болды?
- Сендерге ұнады ма?
-Ал біз қайтып келе жатқанда, сабақта не істегенімізді еске алайық.

Кері байланыс «Багаж»

Осынша түрлі тапсырмаларды орындағаннан кейін Сендер одан да ақылды, тапқыр, ұшқыр ойлы болдыңдар. Тексеріп қана қоймай, білімдеріңді тереңдете білдіңдер. Сендерге қызықты болды деп үміттенемін.
- Сабақтағы жұмысыңызды қалай бағалайсыңдар?

Оны алдарыңда жатқан паспорт парақшасын толтыру арқылы білдіре аласыңдар.

Рефлексия «Паспорт парақшасы»

Шынында да, математика – қызықты, сан қырлы, пайдалы ғылым. Ал мамандық таңдауға уақыт келгенде, сендерге математика білімі пайдалы болмайтын жер бетінде мамандық жоқ екенін түсінетін боласыңдар.
Ал енді күлімсіреп, сол арқылы бір-бірімізге
тартымды әрі қызықты саяхат үшін алғыс айтайық.

Үй тапсырмасы: 67-бет 915-жаттығу

Психологлиялық ахуалға қатысады.

Билет арқылы топқа бөлініп отырады.





-Бөлшектерді оқу









Бөлу.



Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.















Жаңа сабақты мұқият тыңдайды.

























Тақтадан рим цифрымен берілген өрнектерді сандармен жазып, бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды.















Тақтадан танграммен танысады.







Топтасып ойын ережесі бойынша танграмды қиып , әр бөлігіндегі Бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындайды. Тақтадағы жауаптардың түстеріне сәйкес бөліктерді бояйды.

Танграм бөліктерінен ұшақ құрастырады.





















Сергіп, ойынға қатысады. Туған жылдарының сандарының қосындысы арқылы өздерінің қандай қасиеттері басым екенін анықтайды.

















Жұптасып сөзжұмбақты шешеді. Өрнектердің жауабын әріппен жазады.







Сқрақтарға жауап береді.

















Сабаққа кері байланыс жасайды.











Сабақтан алған әсерлерін, көңілкүйлерін рефлексия парақшасына белгілейді.









Үй тапсырмасын жазып алады.



«Паспорт»























































Дескриптор

Рим цифрларын түрлендіреді.

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосуды және азайтуды біледі.

4 балл































Дескриптор

Бөлшектерді қосу және азайтуға берілген өрнектерді шығарады.

Танграм бөлшектерін бояйды.

Бөлшектерден ұшақ құрастырады.

3 балл









































Дескриптор

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады және азайтады

3 балл









































ҚБ қойылады.


Акт тақта,презентация,үлестірмелі парақтар

Топқа бөлу билеттері



























































Презентация.






























































































































































Топтық жұмыс

Жұптық жұмысқа

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2025
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі