400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлшектерді қосу және азайту 4- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашаған Күжіманұлы атындағы №8 орта мектеп












Shape1



Тақырыбы: Бөлшектерді қосу және азайту

Өткізген: Сарсенбай Г

4 «А» сынып

















18.02.2020

Мектеп: № 8 орта мектеп

Сабақ тақырыбы:110-сабақ Бөлшектерді қосу және азайту

Күні 18. 02. 2020

Мұғалімнің есімі Сарсенбай Гүлмира Дусенқызы


Сынып 4 «А»

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.2.1.4 бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындау;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындау жөнінде мағлұмат алады.

Оқушылардың басым бөлігі: бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындай алады.

Кейбір оқушылар: бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындауға қатысты өздері мысал келтіре алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындау жөнінде мағлұмат алады.

бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындай алады.

бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындауға қатысты өздері мысал келтіре алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындаған мысалын айта алады.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдары. Бөлшек.


Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы.

Талқылау:


Бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындаңдар. Есептеу тәсілін түсіндіріңдер

Жазу:


бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын жазу.





Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, бейнеролик

Тірек білім, білік, дағдылар

Бөлшек, алымы, бөлімі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық дайындық: Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз,

Өте жақсы болсын!

Балалар қазір қай мезгіл?

-Қыс.

Ендеше қай ақынның 4 мезгілге байланысты өлеңдері бар?

-Абай Құнанбаев

Балалар қазіргі кезде мектебізімде 4-сыныптардың апталығы басталды. Ол апталық Абай –ұлы ақын деп аталады.

Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың жыл мезгілдеріне байланысты 4 топқа бөліп қарастыруды жөн көрдім. Әр топ алдында қима қағаздар берілген сол қағазды желімдеу арқылы өз топ атауларыңызды айтсаныздар. Сендерге сәттілік тілеймін. Әр топтан 1 топ басшы сайлайық және топтар бір-біріне жұлдыз арқылы баға беріп отырады.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Балалар алдыңғы сабақта біз қандай тақырып өттік?

-Бөлшектерді салыстыру

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.


Оқу мақсатын таныстыру

Балалар бөлшектердің

алымы және бөлімі болатынын барлығымыз білеміз. Сол бөлшектерді бүгін біз қосу және азайту арқылы есеп шығаратын боламыз. Ендеше бүгінгі сабағымыз «Бөлшектерді қосу және азайту» Бейнеролик көрсету

Балалар бүгін біз елдерге саяхат жасаймыз. Ол үшін ең алдымен мына бейнероликке назар аударамыз. Балалар Елдос пен Аяжан Америкаға аттанғысы келеді. Балалар шет елді көру үшін ең алдымен өз елімізге саяхаттау арқылы тәжірибе жинай аламыз. Сол үшін Елдос пен Аяжанның Америкаға жетуіне көмектесу керекпіз. Олар еш кедергісіз жету үшін ең алдымен Нұр-Сұлтанға саяхат жасап келейік.


Әр топтан бір оқушы бір амалдан тақтаға орындайды.

1-Нұр-Сұлтанға саяхат Қазақстанда ЭКСПО-2017-де көрсетілген, табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған инновациялық технологияларды енгізу басталады. Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектің мәнін тауып, қанша «жасыл» (130) зерттеме енгізілгенін біледі.

(676 + 9 980 + 5996) : 2 – 8 196 = 130 (тақтамен жұмыс)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Дескриптор: Амалдардың орындалу ретін түсінеді

2-Шымкент қаласына саяхат

Оқушылар суретке қарап, есептерді шығарып көреді.

а) Жер телімі теңдей 12 бөлікке бөлінген. Түске дейін жер телімінің 4/12 бөлігіне, түстен кейін тағы 5/12 бөлігіне көшет отырғызылды. Жер телімінің барлығы қанша бөлігіне көшет отырғызылды?

а) 4/12 + 5/12 = 9/12

Жауабы: Жер телімінің бар бөлігіне көшет отырғызылды.

Есепті шығару үшін бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу қажет

Ереже


ә) Жер телімі теңдей 12 бөлікке бөлінген. Оның 9/12 бөлігіне көшет отырғызылған. 4/12 бөлігіне түске дейін, қалғанына түстен кейін көшет отырғызылды. Түскен кейін қандай бөлігіне көшет отырғызылды?

Есепті шығару үшін бөлімдері бірдей жай бөлшектерді азайту қажет.

9/12 – 4/12 = 5/9

Жауабы: Түстен кейін 5/9 бөлігіне көшет отырғызылды

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Дескриптор:

бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындай алады.


http://kazakh-tv.kz/ru/view/expo2017/page_189926_vnedrenie-

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Ортасы















Сергіту сәті

«Сағат дос»

3- Алматы қаласына сахат №3тапсырма. Топтық жұмыс


ҚБ: Бас бармақ әдісі арқылы бағалау

Дескриптор:

бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындай алады


4-Ақтау қаласына саяхат №4 №5 Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Жаңаны қолдану.

№4-тапсырма «Кластер құру» әдісі. Дұрыс жауаптардан кластер құрады. Тақтаға іліп, қорғайды.


1-топ

2-3-топ

Екі жұмысшы апта сайын бірдей жалақы ала отырып,189000тг ақша тапты. Біріншісі 3апта, екіншісі 6 апта жұмыс істеді. Әр жұмысшы қанша теңге жалақы тапты? 4-топ

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Дескриптор:

Бөлшекке берілген мәтін есептерді шығара алады.

5-Ақтобе қаласына саяхат

№6 1,2, №7 3,4 топ

Тақтамен жұмыс

Дескриптор:

Теңдеулерді шешуде бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайтуды қолданады. Сонымен қатар күрделі теңдеулерді ықшамдап, қарапайым түрге келтіріп шешеді


6- Тараз қаласына саяхат (ауызша)

8-тапсырмадағы графикте наурыз айындағы температураның апталық өзгерісі көрсетілген. Оқушылар осы өзгерістерді көрсететін кесте жасайды.

Бір апта ішіндегі температураның өзгеруі.

Жауабы:

.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Дескриптор: Оқушылар графикпен жұмыс жасауды меңгереді



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасаутиімді кері байланыс орнату.



Аяқталуы


VII- Америкаға сахат 9-тапсырма .

Екі тәрелкеде 9 алмұрт бар. Егер бірінші тәрелкеден 1 алмұртты алып тастаса, онда бұл тәрелкеде екінші тәрелкеге қарағанда 3 есе артық алмұрт болады. Бастапқыда әр тәрелкеде қанша алмұрттан болған?

Шешуі:

Есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болады.

1-тәсіл.

1) 9 – 1 = 8 (ал.) – екі тәрелкеде қалғаны

Бір тәрелкеде қалған алмұрттардың санын бір бөлік деп есептейік. Онда екінші тәрелкеде есептің шарты бойынша үш бөлік алмұрт қалады.

2) 1 + 3 = 4 (бөлік) – екі тәрелкедегі алмұрттар саны.

3) 8 : 4 = 2 (ал.) – бір бөлікке сәйкес келетін екінші тәрелкеде жатқан алмұрт.

4) 2 · 3 = 6 (ал.) – бірінші тәрелкеде қалғаны.

5) 6 + 1 = 7 (гр.) – бірінші тәрелкеде болғаны.

Жауабы: 7 алмұрт және 2 алмұрт.

2-тәсіл.

х – екінші тәрелкедегі алмұрт саны,

3х – бірінші тәрелкедегі алмұрт саны.

Теңдеу құрайық:

х + 3 х = 9 – 1

4 х = 8

х = 2

2 алмұрт – екінші тәрелкеде.

2 · 3 = 6 (ал.) – енді бірінші тәрелкеде

6 +1 = 7 (ал.) – бірінші тәрелкеде болғаны

Жауабы: 7 алмұрт және 2 алмұрт.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Кері байланыс парағы. «Бағдаршам» әдісі бойынша.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

.






Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Бағдаршамның сары жасыл түстері бойынша кері байланыс орнату









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
42 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
8610
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі