400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Бөлшекті оқу, жазу және салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің аты-жөні

Сарова Маржан

Күні:


Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бөлшекті оқу,жазу және салыстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

ҚАМАЛДЫ ҚОРҒА - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.



Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.


ҚБ: Балмұздықтар арқылы бір-бірін бағалау.






Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Ортасы

Ширату тапсырмасы.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Білімді өзектендіру.

Практикалық жұмыс.

Оқушылардың парталарының үстінде түрлі түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар (дөңгелек, шаршы) және қайшы бар.

Мұғалім барлық әрекетті балалармен бір мезгілде орындайды.

– Дөңгелекті қақ бөліп қиямыз.

– Бір бөлігін көрсетіңіз, оның атын жазыңыз.

– Дөңгелектің екіден бір бөлігін басқаша қалай атайды?

(Жарты.)

– Шаршыны алыңыз. Оны 4 бөлікке қиыңыз.

– Шаршының төрттен екі бөлігін көрсетіңіз. Жазыңыз.

– Бүтін шаршыда неше ширек бөліктер бар? (4.)

Оқулықтағы 1- тапсырманы орындауды ұсынады – жұппен уақытқа орындау.

Дескриптор:

Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау






Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау







Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау



ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.



ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.






Оқылым, жазылым тапсырмалары.






Соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы 2-(а) тапсырманы жеке орындауды ұсынады.

2-(ә) тапсырма практикалық тапсырманы жұппен орындайды. Әр бала бірнеше фишканы алып, күнтізбеде бірнеше алаңды жабады. Екінші оқушы бөлшекті атайды, мысалы 3/12, 5/12. Алдымен

жабылған күндерді, содан кейін ашық тұрған күндерді бөлшекпен атауды келісіп алуға болады.

Қиындықтарды түзету. Алдыңғы тапсырманы сәтті орындаған балалар 3–5- тапсырмалармен жұмыс жасайды. 4-тапсырманы орындағаннан кейін, мұғалім бөлшектердің шығу тарихы туралы айтуына болады.

Бөлшектердің қазіргі мағынасы өз бастауын Ежелгі Үндістерден алады; оны арабтар да қолдана бастады, ал оларды XII–XIV ғасырларда еуропалықтар қолданысқа енгізді. Бөлшектерді алғаш пайдалана бастаған кезде бөлшек сызығы қолданылған жоқ. Тек 300 жылдай бұрын уақыттан кейін ғана бөлшек сызығы жиі

қолданыла бастады. Ең алғаш бөлшектің қазіргі түрін қолданып, оны 1202 жылы тарата бастаған еуропалық ғалым, итальяндық саудагер және саяхатшы, қалалық хатшы Фибоначчидің баласы – Леонардо Пизанский. Ол «бөлшек» сөзін енгізді. «Алымы» мен «бөлімі» атауларын XIII ғасырда грек монахы, оқымысты- математик – Максим Плануд енгізді.






Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау..

ҚБ: Жұлдыздар арқылы бір-бірін бағалау.





Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Білім сандығы» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.









Оқушыларға «Білім сандығы» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.

«Білім сандығы»

Кері байланыс парағы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі