Мен
С.Ж.А Алматы қ.Наурызбай ауд. №188 МГ-ның
бастауыш сынып мұғалімімін.
Әлем
өзгергендіктен, сіз өзгересіз, қазіргі
кезде өзгеріссіз қалу қауіпті... деп
америкалық жазушы, баспагер Сильвия
Бич
айтып кеткендей Қазіргі кезде Жаңартылған
білім бағдарламасы бойынша әр сабақта
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда
блумтаксонимиясы өте тиімді. Блум
таксономиясының ұтымдылығы – оқушылардың
білімін
шығармашылық деңгейге жетелеумен
ерекшеленеді.
Ендеше
мен бүгінгі Жаңартылған білім бағдарламасы
бойынша Қысқа мерзімді жоспарлауды
жазуда 2-сыныптың математика
пәнін
таңдап алдым. «Дені
саудың – жаны
сау»
бөлімі бойынша тиімді тамақтану
бөлімшесінің БӨЛУ
тақырыбы.
Осы
сабақта қол жеткізетін оқу мақсатым
Көбейтуді бірдей қосылғыштардың
қосындысымен табу, бөлуді нысандарды
мазмұнына қарай және тең бөліктерге
бөлу ретінде түсіндіру.
Алдыма
қойған сабақ мақсатым
Барлық
оқушылар
– бөлуді көбейтуге кері амал ретінде
түсініп, орындай алады.
Оқушылардың
көпшілігі
– бөлу амалының мәнін түсінеді және
компоненттерінің атауларын біледі.
Ал
кейбір оқушылар
– бөлу мен көбейту компоненттерінің
атауларын өрнектерді жазу мен оқуда
қолданады.
Белсенді
оқу тәсілдеріне
алдымен оқушылардың арасында ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастырып, сабаққа
ынтасын арттырамын. Жаңаны ашу барысында
«Көршіңе әңгімелеп бер!» әдісі бойынша
оқушылар бөлудің компоненттерін дауыстап
көршілеріне айтып беруін ұсынамын. Бұл
әдіс арқылы оқушылар бөлудің компоненттерін
есте оңай сақтайды. Ал дәптерде берілген
тапсырманы шешу барысында «Ойлан тап!»
әдісін қолдану бойынша орындатамын.
Бұл әдісті қолданудағы мақсатым жаңадан
меңгерілген тақырыпты қолдану және
одан әрі дамыту үшін сыныпта орындауға
арналған тапсырмалардың мәнін кеңінен
түсінуге мүмкіндік беру, оқушылардың
жұпта немесе топта бірлесе ойлауға
берілген тапсырмаларды жылдам шешуге
талпындыру.
Топтық
және жұптық жұмыс жасау кезінде
оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын
арттыруға ықпал етемін. Әр оқушының
ұзақ уақыт бойы өзара әрекет етуіне
септігін тигіземін. Сонымен қатар «Ашық
хат!» әдісі арқылы да сабаққа барлық
оқушылардың қатысып отырғанына көз
жеткіземін. Ашық не жабық сұрақтарды
қолдана отырып, қабілеті жағынан әртүрлі
оқушыларды пікірталасқа қатыстырып,
олардың білімін ары қарай дамыту үшін,
оқушыларға ой-қозғау салып, терең ойлана
алуларына түрткі боламын. «Конструктор»
яғни құрастыр одан кейін жауап бер
әдісінде оқушылар кесте бойынша
көбейтінді мен бөліндіге арналған
өрнектер құрастырады, олардың мәнін
табады.
Бағалау.
Дескрипторларға сүйене отырып
қалыптастырушы бағалау беремін.
Оқушыларды әр тапсырманы орындау
барысында мен әртүрлі бағалау әдістерін
пайдаланып отырамын. Сонымен қатар
оқушылардың материалды меңгеру деңгейін
тексеру барысында «Бас бармақ», «Қол
соғу» «Күлегеш» «От шашу» әдістері
арқылы бағалаймын. Осындай бағалауды
берудегі мақсатым оқушыларды келесі
тапсырмаға және келесі сабаққа бар
ынтасын қоюына ықпал ету.
Саралауға
«Кір жаятын жіп!» әдісін аламын.
Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай
санды өрнек құрастыруға пайдаланамын.
Қарқынға байланысты бұрын бітірген
оқушыларға арналған тапсырмалар
беремін. Деңгейлік тапсырманы орындау
үшін «Ашық хат!» әдісін қолданамын.
Сабақ барысында белсенділік көрсетпеген
балаға мейлінше қолдау көрсетемін.
Ықшамсабақ
әсері.
Жаңартылған білім бағдарламасымен осы
Қысқа мерзімді жоспарлауымды жазу
кезінде оқу мақсатымды қою барысында
тренерим жақсы ықпалын тигізді және де
дескриптор мен бағалау критерийлерін
құрған маған түсініксіз болды. Дегенмен
де қасымдағы әріптестерім Назира, Жанар,
Мехиринсам апайлардың ықпалымен
қателерімді түзеттім және түсіндім.
Тренеримнин жаңартылған білім бағдарламасы
бойынша берген білімін алдағы уақытта
іс-тәжірибемде қолданамын деген ойдамын.
НАЗАР
ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!