Болу-болып көріну емес

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болу-болып көріну емес

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні бойынша 5 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары. Тақырыбы: "Болу-болып көріну емес"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМҚК


«Бекітемін»_________________

Колледж әдіскері: Қайсанова Ж.Қ



САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Болу – болып көріну емес!











Әдіскер: Жакыпова А.К

Мерзімі: 22.11.202

Машықкер: Сәмет Теңге

Топ: 409 топ

Баға: «______» _________













Семей 202


Өтетін орны: «№8 – көркем эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп – кешені»

Сыныбы: 5«Ә» Оқушы саны: 21

Тақырып: Болу – болып көріну емес!

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Риясыз қызмет ету, кешіре білу, адалдық, жауапкершілік


Сабақ мақсаты: Оқушыларға адамның ойы, сөзі, ісі бірлікте болуы керектігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жауапкершілік касиеті туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың ойының, сөзінің, іс-әрекетінің таза және бір болуын түсіндіру арқылы адалдық касиетін дамыту;

  • Оқушыларды риясыз қызмет етуге, кешіре білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(Материалдар, дерексөздер, таратпа материалдар)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрайды.

«Жағымды сөз» тренингі

Балалар дөңгелене тұрайық. Мұғалім оң жағынан бастап бірінші отырған баланың көзіне тура қарап, қасындағы оқушының атын айтып, сол оқушыға жылы сөз айту керек. Барлығы кезекпен бір-біріне айтып шығады. Ең соңында мұғалімге соңғы бала жағымды сөз айтады.

Осы тренингті «Жақсылық жасасаң, өзіңе қайтып келеді» деген сөзбен аяқтауға болады.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Шығармашылық жоба «Жақсы адам боламын»

Адам мінезі жақсы болу үшін не істеу керек.

Алдына қандай мақсат қою керек. Сендер өздеріңді бүгінненде жақсарту үшін кімнен үлгі аласыңдар?


  1. Дәйексөз:

«Адамды айтқан сөзінен емес, істеген ісінен таниды»

Халық мақалы

1. Дәйексөзді қалай түсіндіңіздер, өз ойларыңызды айтсаңыздар?

2. Жауапкершілікті адам ол қандай адам?

3.Адамның істеген ісіне ма, әлде сөйлеген сөзіне сену керек па?


  1. Әңгімелесу (мұғалім сыйы).

«Патшаның даналығы» аңызы

Бір дана патша өмір сүріпті. Оған оның ұлы бір күні, әке сені елдің бәрі дана, көрегені көп, ақылды деп сыйлайды, сен осы сол даналықты қайдан оқып білдіңіз, қандай кітаптар оқыдыңыз, сенді қандай мұғалімдер оқытты, - деп сұрақ қояды.

Сонда әкесі:

Ұлым мен ел оқыған, сен де оқып жүрген кітапты оқыдым. Менің де ұстаздарым сен білім алып жүрген ұстаздар болды. Бірақ ел айтып жүрген парасаттылық, ақылдылықты тек олардан ғана емес өмірден, табиғаттан да алдым.

Құмырсқаларды байқап жүріп, олардың еңбекқорлығына, шыдамдылығына, қайтсе де алдыға қойған мақсатқа жетудегі талпыныстарына қызықтым. Бүркітке қарап байқағыштыққа, тез шешім қабылдай алушылыққа үйрендім. Барыстан ептілік пен шыдамдылықты. Бөдене құсқа қарап сүйіспеншілікке, қоршаған адамдарына жанаршырлық көрсетуге. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек.

Сұрақтар:

1. Дана патшаның баласына берген жауабы қандай?

2. Дұрыс әрекет дегеніміз не?

3. Патша құмырсқаның қандай қасиеттеріне қызықты?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топқа жануарлар арқылы бөлу.

1-тапсырма

Бейнеролик көрсету.

2-тапсырма

1-топ «Қоян тобы»

Жағдаяттарды шешу

2-топ «Түлкі тобы»

«Жақсы іс» тақырыбына постер құру

3-топ «Керік тобы»

Ребус шешу

«Жауапкершілік»

4-топ «Кеңгіру тобы»

Мақал-мәтелді жалғастыру

Жақсылық жар басында,............

(Жамандық жастық астында.)


Жақсылық жүрген жерде........

(Тапшылық болмайды.)


Жігіттің жақсылығын………

(Жұрты білер.)


Жақсылық біреуден қайтпаса,……….

(Біреуден қайтады.)


  1. Топпен ән айту.

Қарақат Әбілдина

Тірліктен іздеп келеміз пайда

Қол созамыз көп неге біз айға?

Күш табатындай құс қанатындай

Мейірім қайда? мейірім қайда?

Береке дейтін базарым қайда?

Иман мен дәстүр ғажабым қайда?

Әр қазақ менің жалғызым дейтін

Қазағым қайда қазағым қайда?

[Қайырмасы]

Жақсы адамдарым, жақсы адамдарым

Бақытты өмірдің бас қадамдарын

Тектілік пенен татулық дитін

Берік болсыншы тас қамалдарың

Жақсы адамдарым, жақсы адамдарым

Кем емессіңдер патшадан бәрің

Бес күн өмірде жасалсын ылғи

Жақсы амалдарың, жақсы амалдарың


Бағаламаймыз қолыңда барды

Жүрме едік өлмес жолында мәңгі

Біз байып бірден бұзбайық мүлдем

Адамдық заңды.адамдық заңды

Жақсылар сауық құратын бүгін

Көгімде жәйнап тұратын күнім

Жақсылығымен жаудыртып жатыр

Жаратқанымның рахым нұрын.

https://youtu.be/m19_u-erUzs

  1. Үй тапсырмасы.

«Жаныңдағы ең жақсы адам» туралы эссе жазу

Өзінің жұмыс дәптеріне.

  1. Соңғы тыныштық сәті.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Рефлексия: Тақырыпты қаншалықты меңгердім.

Баяу музыка койылады.

https://www.youtube.com/watch

?v=k8SKBCm79n0




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2022
536
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі