400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Болымды және болымсыз етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болымды және болымсыз етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

6-бөлім материалдары оқушылардың алдыңғы бөлімдерде игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

1-топ «Бақыт жалаулары»

2-топ «Арман жалаулары»

3-топ «Қуаныш жалаулары»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

(Ұ) Шараданың жауабын табу.

Алғашқы түбір сөз – Малдың түрі,

Екінші түбір сөз –

Жыл аттарының бірі,

Екеуін қосып оқысаң – Үй құсы ірі.

(Түйе + тауық =Түйетауық)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

3.4.2.5 (МК; Ө; Қ) Етістіктерді салыстырып оқып, ой тұжырым жасау. Түбір мен

қомымшаны ажырату.

28-жаттығу. Етістіктерді салыстырып оқып, ой тұжырым жасайды. Олардың мағыналарында қандай өзгешеліктер бар екені аңғартылады.

Қосымшалы етістіктерді көшіріп жазады. Түбір мен қосымшаны тиісті белгімен белгілейді.

3.4.2.5 (МК; Ө; Ж; Қ) Мақалды жатқа, көркем жазу. Етістіктерді салыстырып,

мағыналарындағы өзгешелікті айту.

29-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа көркемдеп жазады.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Мақалдың мағынасына талдау жасап, өз пікірін білдіреді. Қарамен жазылған етістіктерді салыстырып, олардың мағыналарында қандай өзгешелік бар екенін айтып, түсіндіреді.

(МК; Ұ) Жаңа ақпаратты оқу, талдау. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Оқушылардың жаттығуларды орындау барысында жасаған ой тұжырымдарына сүйеніп, болымды және болымсыз етістік туралы жаңа ақпарат түсіндіріледі. Мысалдар келтіру арқылы игерген білімдерін бекітеді.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.




Сабақтың соңы

3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) Тыйым сөздердің қатесін түзеп, көшіріп жазу.

30-жаттығу. Тыйым сөздерді қатесін түзеп, көшіріп жазады. Мағынасына талдау жасайды. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


3.4.2.5 (Ө; Қ) Ребусты шешу. Өз ойын дәлелдеу.

Шығармашылық үзіліс.

31-жаттығу. Ребусты шешеді. Ребустағы үшінші сурет – парта. Ребустың шешуіндегі «баспа» сөзі болымсыз етістік бола ала ма? сұрағына жауап беріп, өз ойын дәлелдейді.


(МК; Т; Қ) «Атақты тұлғалар» туралы суреттердің көмегімен әңгіме құрастыру. Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту

мақсатында «Коллаж әңгіме» стратегиясы топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Сипаттамасы: Мұғалім оқушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар береді. Олар журналдардан ұсынылған тақырыпқа сәйкес суреттерді қиып алып флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:

сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау; берілген тақырыпқа сәйкес өз сөйлеуін қанатты

сөздер, мақал-мәтелдермен нақтылау;

интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау. Жұмыстарын топта жариялау.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім сандығы» кері байланыс.








Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім



Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі