жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Болымды және болымсыз етістік
|
Пән: Қазақ тілі Орта мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3-сынып |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Болымды және болымсыз етістік |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар жасай алады: •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады. Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі,әдебиетік оқу |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
6-бөлім материалдары оқушылардың алдыңғы бөлімдерде игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. Аудиозапись бойынша «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. 1-топ « қызыл көзі Абайла » 2-топ « сары көзі Дайындал» 3-топ «жасыл көзі Жүр» Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (топтық) «Қаламсап әдісі» бойынша. 26-жаттығу. (Ұ) Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиістісін жалғап,сөздерді көшіріп жаз. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!» (үш топ топтасып жауап жазады) 1-топ Етістік дегеніміз не? Етістіктің сұрақтарын ата? Мысал келтір 2-топ Құрамына қарай қаншаға бөлінеді? Дара етістік дегеніміз не? Күрделі етістік дегеніміз не?- 3-топ Тұлғасына қарай қаншаға бөлінеді? 1. Негізгі етістік дегеніміз не? 2. Туынды етістік дегеніміз не? ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Үш тілділік Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
3.4.2.5 (МК; Ө; Қ) Етістіктерді салыстырып оқып, ой тұжырым жасау. Түбір мен қосымшаны ажырату. 28-жаттығу. «Ішіне-сыртына әдісі» Етістіктерді салыстырып оқып, ой тұжырым жасайды. Олардың мағыналарында қандай өзгешеліктер бар екені аңғартылады. Қосымшалы етістіктерді көшіріп жазады. Түбір мен қосымшаны тиісті белгімен белгілейді. 3.4.2.5 (МК; Ө; Ж; Қ) Мақалды жатқа, көркем жазу. Етістіктерді салыстырып, мағыналарындағы өзгешелікті айту. 29-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа көркемдеп жазады.талдайды,түсіндіреді. «Веен диаграммасы» арқылы
Болма Бол етістік Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. Мақалдың мағынасына талдау жасап, өз пікірін білдіреді. Қарамен жазылған етістіктерді салыстырып, олардың мағыналарында қандай өзгешелік бар екенін айтып, түсіндіреді.Тағы қандай мақалды білесіңдер. (МК; Ұ) Жаңа ақпаратты оқу, талдау. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Оқушылардың жаттығуларды орындау барысында жасаған ой тұжырымдарына сүйеніп, болымды және болымсыз етістік туралы жаңа ақпарат түсіндіріледі. Мысалдар келтіру арқылы игерген білімдерін бекітеді. Видео көрсетіледі. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау Ой сергіту Оңға қарай оқыса да, солға қарай оқыса да етістік болатын сөздерді тап. Шаш, қыс, қыз, бар, қақ, кел, отыр, жүр, біл, көр.(ауызша оқушылардың жауабы)
Шығармашылық жұмыс әр топқа 1-топ: Берілген сөздердің ішінен болымды етістіктерді бір бөлек, болымсыз етістіктерді бір бөлек көшіріп жаз. (Кесте бойынша) 2-топ: Семантикалық карта Берілген әріптерден басталатын болымды және болымсыз етістік тап және жаз. 3-топ: Венн диаграммасы
Берілген сөздердің ішінен болымды етістіктерді бір бөлек, болымсыз етістіктерді бір бөлек көшіріп жаз.
2-топ Семантикалық карта Берілген әріптерден басталатын болымды және болымсыз етістік тап және жаз.
3-топ 1.Жаңала, Жүгірме 2.Ақылдас, Күлме 3.Ойна ,Келме |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
3.4.2.5 (Ө; Қ) Ребусты шешу. Өз ойын дәлелдеу. Шығармашылық үзіліс. 31-жаттығу. Ребусты шешеді. Ребустағы үшінші сурет – парта. Ребустың шешуіндегі «баспа» сөзі болымсыз етістік бола ала ма? сұрағына жауап беріп, өз ойын дәлелдейді.
3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) Тыйым сөздердің қатесін түзеп, көшіріп жазу.
Ендеше әр топтан тыйым сөздерге бір мысал келтіріп көріңдер.
30-жаттығу. Үй жұмысы. Тыйым сөздерді қатесін түзеп, көшіріп жазады. Мағынасына талдау жасайды.
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Сендер тағы қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген