жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Болымды және болымсыз етістіктер 3 сынып Қазақ тілі
Қазақ тілі 3 сынып
Күні:
|
Сабақтың тақырыбы |
Болымды және болымсыз етістіктер |
|
|
Жалпы мақсаты |
Болымды және болымсыз
етістіктер бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем
ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге
дағдыландыру
|
|
|
Оқытудың нәтижесі |
Болымды және болымсыз етістіктер жөнінде білімдері кеңейеді және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыланады |
|
|
Негізгі түйіні |
Болымды және болымсыз етістіктерді ажырата білу |
|
|
Жабдықтар |
таратпа материалдар, оқулық, дәптер, слайд |
|
|
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Сынып оқушыларын гүлдер түрлерімен топқа бөлемін. |
Топқа бөлініп, топ ережесін құрады |
|
Қызығушылықты ояту |
Сабақты сергіту жаттығуларын жасатудан бастаймын. «Пресс конференция» өткіземін. Ғалымдар мен журналистердің арасында етістік туралы пікірлер алмастырамыз. |
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды. Әр топтан 3 ғалым шығып, орындыққа отырып, журналистердің сұрақтарына жауап береді |
|
Топтық жұмыс |
«Моншақ тізу» ойынын ойнатамын |
Әр топ дөңгелек түсті қағаздарға болымды және болымсыз етістіктерді кезекпен жазып іледі. |
|
Мағынаны тану 1-тапсырма |
35- жаттығуды орындатамын.
|
Топ мүшелері берілген тапсырмаларды біріге отырып орындайды және тақтаға жазады. |
|
2- тапсырма 3- тапсырма 4- тапсырма 5- тапсырма 5- тапсырма Ой- толғаныс Бағалау Кері байланыс |
36- жаттығуды ауызша орындатамын.
«Бинго» ойынын ойнатамын.
37- жаттығу бойынша семантикалық картамен жұмыс жасатамын.
38- жаттығуды тақтаға жазғызып, етістіктердің астын сызғызамын.
39- жаттығудан 1- топқа өлеңді мәнерлеп оқытамын және болымсыз етістіктерді тапқызамын 2- топқа тағы қандай тыйым сөздер білетіндерін сұраймын 3-топқа Қылтима, бұртима, берме сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар
«Атамның ақылы» деген тақырыпқа әңгіме жазғызамын. Жоғарыда өздері айтқан тыйым сөздерді тірек сөздер етіп беремін.
|
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтарға жауап береді, болымсыз етістіктерді табады. Бинго сұрақтарына жауап береді. Оқушылар топпен жұмыс жасайды, берілген сөздердің болымды, болымсыз екенін анықтайды. 3 топтан 3 оқушы шығып 3 сөйлемді жазып етістіктің астын сызады. Оқушылар жаттығуды топпен орындайды. Барлық оқушы жеке жұмыс жасайды. Топ басшылары бағалау парағымен таныстырады Смайликтердегі бейнені көрсетеді |
Математика Ашық сабақ 9.03.2017ж
|
Тақырып |
Жазбаша көбейту және бөлу. 43 х 2 және 86 : 2. |
|
|
Жалпы мақсаты |
Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерімен оқушыларды таныстыру. Ауызша есептеу мен жазбаша көбейту және бөлу біліктерін жетілдіру.Ойындарды қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру |
|
|
Әдіс- тәсілдер |
Сұрақ- жауап, жекелеме, жұптық, топтық жұмыс |
|
|
Күтілетін нәтиже |
Оқушылардың көбейту
мен бөлу туралы , ауызша есептеу және жазбаша көбейту және бөлу
туралы білімдері кеңейеді. Есептер мен тапсырмалар арқылы
оқушылардың шығармашылық қабілеттері, ойы, қиялы
дамиды; |
|
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, А4 қағаздары, маркер, флипчарттар |
|
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
Қызығушылықты ояту (5 мин) |
Психологиялық дайындық Шырылдады
қоңырау, |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Үй тапсырмасын тексеру |
Жұптық жұмыс жасатамын
|
Әр жұп өзінің көршісінің есебін тексереді
|
|
Мағынаны тану (20 мин) |
Көбейту мен бөлу туралы білімдерін пысықтау мақсатында «Көбейту және бөлу» ойынын ойнатамын Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жазбаша көбейту мен бөлу. 43*2 және 86/2» Тақтаға ауызша көбейту мен бөлу тәсілдерін айта отырып жазғызамын Жазбаша көбейту мен бөлудің қадамдарын жазып отырып түсіндіремін. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылардың жаңа білімді түсіну деңгейлерін анықтау мақсатында №1 есепке «Шар алмасу» ойынын ойнатамын. 2-тапсырма. Есепті әр түрлі тәсілмен шығартамын. 2 өшіргіш 82 теңге тұрады. Осындай 4 өшіргіш қанша тұрады? 3-тапсырма.Топтық жұмыс. Әр топқа осыған ұқсас есеп құрастыртамын
4-Тапсырма №3 есепті оқытып, шығартамын. 5-тапсырма. Математикалық диктант 1 дм жартысы неше см 1м- дің оннан бір бөлігі неше см 20 см ширегі Бестен бір бөліктің ұзындығы 6 см болса, жолақшаның ұзындығы қанша?
6-тапсырма «Конверттегі тапсырма»
7-тапсырма Шығармашылық тапсырма
№ 4 есепті 3 топтан 3 оқушы шығарып тақтада орындатам
7-тапсырма «Кім жылдам?» ойынын ойнатамын.5-есепті шығартамын |
Оқушылар сандар жазылған карточкалардағы сандарға байланысты көбейту мен бөлуді пысықтайды.
Тақтаға 2 оқушы кезек- шығып, ауызша көбейту мен бөлуге мысал орындайды.
Оқушылар тақтадағы мысалдарды шығарады.
Әр топқа көбейту мен бөлуге берілген мысалдар жазылған шарлар беріледі. Әр топтан бір оқушы шығып, берілген мысалды шығарады да, өз тобындағы келесі оқушыға береді.
Оқушылардың біреуі тақтаға шартын, сұрағын шешуін, жауабын жазып шығарады.
Әр топ осыған ұқсас есепті ауызша шығарады.
Оқушылар бос орындарды толтырады
3- есепті оқушылар талдай отырып шығарады.
3 топтан 3 оқушы шығып амалдардың орындалу ретіне берілген есептерді тақтада орындайды.
|
|
Ой- толғаныс (10 мин) |
Сабақты қандай көңілмен бастадық? -Сабақты қандай көңілмен аяқтадық? - Жақсы. -Осындай жақсы көңіл не нәрсеге байланысты болды? (татулыққа, ұйымшылдыққа) -Сабақта не істедік? -Қандай тапсырма қиын болды? |
|
|
Үйге тапсырма (3 мин) |
Жазбаша көбейту мен бөлуге бірнеше мысалдар шығарып келуге беремін. |
|
|
Бағалау |
Оқушыларды жинаған гүлдерінің санына қарай бағалаймын |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген