жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бос уақыт және хобби
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
|
Сабақ тақырыбы: Бос уақыт және хобби |
Мектеп: Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебі |
||
|
Күні:15.06.2018 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Жумабекова Гулнара Тыныштыковна |
||
|
СЫНЫП:5 |
Қатысқандар:28 |
Қатыспағандар: |
|
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
О2. 5.2.2.1. – лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану. |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: мәтіннен лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдерін түсінеді, ажыратады. |
||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннен лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдерінің айырмашылықтарын салыстыра талдайды. |
|||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтінді оқу барысында айырмашылықтарын ескеріп, тәжірибеде еркін қолданады. |
|||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдерінің айырмашылықтарын ажыратады, талдайды, салыстырады, ескереді, тәжірибеде қолданады. |
||
|
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология: ауызекі сөйлеу стилі,жазба стилі,хобби.бос уақыт,қызығушылық... |
|||
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:«Менің хоббиім..., Мен бос уақытымда..., Қызығушылықтар..., т.б. |
|||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Хобби деген сөзді қалай түсінесің? Өзіңді жан-жақты дамытуда хоббидің ролі қандай? |
|||
|
Бағалау критерийлері |
|
||
|
Құндылыққа баулу |
«Мәңгілік ел» идеясы негізінде өздігінен білім алуға ықпал ету. |
||
|
Пәнаралық байланыс: |
Қазақ әдебиеті,биология |
||
|
Алдыңғы оқу: «Диалог» әдісі арқылы алдыңғы білімді пысықтаймын. |
|||
|
Жоспар |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
|
Басы |
Ой шақыру «Өз хоббиіңді тап» Мұғалімнің көмекші сұрақтары арқылы алдыңғы сабақ пен жаңа білімді ұштастырамын. Нұрдана мен Қарақат не істеді?(сырласты) Ғабит пен Жанат не істеді? (сұхбаттасты) Ғанибет пен Бақтияр не істеді?(әңгімелес ті) Күнделікті өмірде осы жұмыстарды қайталаймыз ба? Ауызекі сөйлеу стилінің қарама-қарсы стиль түрі қандай? «Хобби» деген сөзді қалай түсінесің? Өзіңді жан-жақты дамытуда хоббидің рөлі қандай? Хоббидің қандай түрлері бар? (Оқушылар бүгінгі жаңа білімді табады. Әртүрлі хобби түрлерін бейнелейтін суреттер арқылы топқа бөлінеді) |
|
|
|
Ортасы |
Ж. Тапсырма№1 Берілген мәтінді оқып, қандай стильде жазылғанын анықта. Дербес оқу.(Мәтін таратылады) « Түртіп алу» стратегиясы. Менің тегім –Абатұлы , есімім-Ғанибет, әкемнің аты - Абат. Мен Ақтөбе обылысы Ойыл ауданында 2004 жылдың 16 тамызында дүниеге келдім. Менің ұлтым - қазақ. Сапақкөл орта мектебінің сыныбында оқып жүрмін. Мектепте валейбол, домбыра үйірмесіне қатысамын. Менің арманым көп. Сол үшін көп ізденемін. Бос уақытымда пайдалы іспен шұғылдануға жұмсаймын. Кітапханаға барып кітап, журналдарды қараймын. «Ізденген жетер мұратқа» дегенді анам үнемі айтып жүреді. Дескриптор: - мәтінді оқиды; -стилін анықтайды; Қалыптастырушы бағалау: «Блоб ағашы» (өзін-өзі бағалау) ЖЖ. Тапсырма№2 Жұпта өз хоббиларың туралы диалог құрастыр. Стильдік айырмашылығын ажырат. Дескриптор: -бір-бірінің ойын толықтырады; -диолог құрастырады; -стильдік ерекшелігін ескереді, қолданады. Қалыптастырушы бағалау: «Мен саған сыйлаймын» (Жұлдызша, күн, гүл жабыстырмалы суреттерді бір-біріне сыйлайды, не үшін сыйлағандарын дәлелдеп айтады. ТЖ. Тапсырма№3 «Венн диаграммасы» әдісі Жоғарыда берілген екі тапсырманы салыстыр, айырмашылығын ескеріп қолдан. Дескриптор: -салыстырады; -стильдік айырмашылықтарын ажыратады; Қалыптастырушы бағалау: (өзара бағалау) |
Плакат, маркер |
|
|
Соңы 10 минут |
«Шамшырақ идеясы» әдісі 3 сөйлем – ұнамды; 2 сөйлем –әрекетті жетілдіру қажет; 1сөйлем – түйінді ой |
|
|
|
|
|
|
|
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген