«Бос уақыт және хобби» бөлімі. Хобби

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бос уақыт және хобби» бөлімі. Хобби

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 11. 12. 19 ж

Мұғалімнің аты - жөні: Усипбекова Н.Б.

Сынып:

5 «В»

Тақырыбы:

«Бос уақыт және хобби» бөлімі. Морфология

Хобби

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.5.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.4.4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақ

мақсаты

Барлығы: мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады

Көпшілігі: сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселені анықтайды

Кейбірі: сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселені анықтап, өз ойларын еркін жеткізеді

Бағалау критерийлері

Сұрақтарға жауап береді;

Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады;

Тілдесім барысында жұнақ арқылы жасалған туынды сөздерді ажыратып, орынды қолданады

Құндылықтарды дарыту

Жалпы еңбек қоғамы. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен тіркестер:

Бос уақыт, хобби, тиімділік, сүйікті іс, т.б

Алдыңғы оқу:


Хобби туралы түсінік қалыптасқан

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

9 минут

  • Сәлемдесу

  • Жағымды ахуал орнату

  • Үй тапсырмасы 5 – тапсырманы тексеріп, оқытып, пысықтау

  • Ширату жаттығуы:

«Ой қозғау»

Picture 16 Picture 28 Picture 25 Picture 1


Сұрақтарға жауап алу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

Әркімнің айналысатын сүйікті ісі – хобби деп аталады






Суреттер

Сабақтың ортасы

25 минут

1-тапсырма

Оқылым:

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер де ойды жалғастырыңдар

Хобби дегеніміз – әрбір адамның өзі сүйіп істейтін әрі қолынан келетін ісі. Біреулер сурет салғанды, біреулер ән айтқанды, ал енді біреулер коллекция жинағанды ұнатады. Жер бетінде қанша адам болса, барлығының да бос уақытында айналысатын, өмірлік мәні бар сүйікті ісі болады.

Қазақ қаламгерлерінің көпшілігінің өз сүйікті істері болған. Мәселен, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың хоббиі – сөзжұмбақ және сканворд құрау және шешу, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинау және оларды қазақ тіліне аудару; жауынгер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың хоббиі – cурет, жақсы кітаптар жинау; Қадыр Мырза Әлінің хоббиі –кітап, қалам, бәкі, төсбелгі жинау болса, жазушы-аудармашы Герольд Бельгер шахмат ойнауды жақсы көрген, классик жазушы Ғабит Мүсірепов неше алуан таяқ жинаған.

Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев оттықтан (зажигалка) топтама жинаса, Н.Ә.Назарбаевтың хоббиі – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу екен.

Сол секілді өнер адамдарының да хоббилері сан алуан, бірі құс өсірумен айналысса, екіншілері аңшылықпен, үшіншілері жылқы ұстаумен, төртіншілері қолөнер кәсібімен, гүл өсірумен т.б. істермен айналысқанды ұнатады. Ойтүрткі

1. Хоббимен адам не үшін айналысады деп ойлайсыңдар? Дәлел келтіріңдер.

2. Сендердің хоббилерің бар ма?

3. Болашақта қандай істі қолға алғыларың келеді?


Дескриптор: * Мәтінді түсініп оқиды. * Сұрақтарға жауап береді.

*Мәтін бойынша көтерілген мәселені өз ойымен жеткізеді

ҚБ: Жұлдызша беру арқылы жүргізіледі.


ТЖ: 2 – тапсырма

Суреттердегі балаларға ат қойып, олардың хоббилерін атаңдар. Өз хоббилерің туралы әңгімелеп, сұхбат құрыңдар.


Дескриптор:

*Суретке ат қояды.

*Ондағы хоббилерді атайды.

*Өз хобилері туралы әңгімелеп, сұхбат құрады


Жазылым: 3 – тапсырма

Ойларыңды өрбітіп, өз хобиларың туралы жазыңдар

Үлгі:

Менің айналысатын сүйікті ісім – гүл өсіру. Табиғаттың нәзік жаратылысы гүлді өте жақсы көремін. Сондықтан да мен гүл өсірумен айналысқанды ұнатамын. Гүлді баптап, күтіп, су беріп,

Топырағын қопсытып, дәрумендер беремін...


Дескриптор:

*Өз хобилары туралы жазады.

*Жазу барысында күрделі сөздерді қолданып,өз ойларын еркін жеткізеді

.

ҚБ: Жұлдызша беру арқылы жүргізіледі



Қазақ тілі 5-сынып

«Арман-ПВ» баспасы 2017 ж

52 - бет




























Жұлдызша





















Жұмыс дәптер












Жұлдызша

Сабақтың соңы

6 минут

«Хобби» сөзіне бесжолды өлең құрастыру

Зат есім 1 (сөз)

Зат есімді анықтайтын сын есім (2 сөз)

Негізгі сөзді әрекет пен қимыл тұрғысынан сипаттайтын етістіктер (3 сөз)

4 сөзден тұратын сөйлем

Негізгі атаудың баламасы болатын синоним сөз (1 сөз)


Үйге тапсырма:

5 – тапсырма. 67 - бет









Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?


Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс

Оқушыларға тапсырмаларды әр түрлі деңгейде қажеттілігіне қарай беремін.

1 «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушылардың ойын бүгінгі сабаққа шоғырландырамын.

2. Деңгейлік тапсырмалар оырндатамын..

3. «Бесжолды өлең» әдісі арқылы оқушылардың ойын жинақтаймын.

Жұлдызша беру арқылы,

тапсырмаларға берілген дескрипторлар арқылы бағалаймын

Өзін-өзі тану, көркем еңбек

Ойлану

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2020
1778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі