Материалдар / Ботай мәдениеті.

Ботай мәдениеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ботай мәдениеті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2018
995
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1 А



Күні:




Сынып: 5


Қатысқандар:


Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбыБотай мәдениеті(2 сағатқа берілген) 1-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)5.4.1.1. Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
Сабақтың мақсатыБарлығы: кәсіп және шаруашылық сөзінің мағынасын біледі, энеолит дәуірі адамдарының кәсібін атайдыКөбі: энеолит дәуіріне жататын Ботай мәдениеті адамдарының шаруашылығын анықтап,кәсіптерін сипаттайдыКейбірі: ботайлықтардың Еуразия даласындағы алғашқы жылқы өсірушілер-бақташылар болғандықтарын негіздейді
Бағалау критерийіҚазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің шаруашылығын анықтау.
Тілдік мақсаттар«ДЖИГСО» әдісі бойынша жұмыс жасаған кезде оқушылар оқиды, айтады, жазады, пікірін айтады және басқалардың пікірін тыңдайды.Пәнге қатысты лексика мен терминология: энеолит,патриархат,Ботай мәдениеті,бақташыларБотай мәдениеті,энеолит дәуірі,рулық қауым сөз тіркестері арқылы сұрақ қою, пікір алмасу (диалогқа түсу)
Құндылықтарға баулу

Ата-баба кәсібі мен шаруашылық дәстүріне, еңбекке деген құрметке баулу
Пәнаралық байланысГеография, дүниежүзі тарихы, технология пәндерімен байланысты
Алдыңғы білімАлғашқы адамдардың кәсіптерін біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар
Сабақтың басы



5 минут
І.Ұйымдастыру кезеңі-сәлемдесу,оқушылардың назарын сабаққа аудару - ынтымақтастық орта құру І. Миға шабуыл. «Суреттер сыры»Тақырыпқа қатысты суреттер (төрт түлік,еңбек құралдары,еңбек заттары) көрсетіп,сұрақтар қою арқылы жаңа білімге көпір салуТопқа бөлу: «Атом-молекула»

Сабақтың ортасы 15 минут

Саралау: Сабақтың мақсатын қойғанда,тапсырмалар бергенде саралауды назарда ұстадым.











5 минут





























































2 минут





5 минут

















































7 минут
ІІ.Оқулықпен жұмыс «ДЖИГСО» әдісі (оқылым,айтылым,тыңдалым)Оқушылар оқулық мәтінін оқып, сосын өз топтары мен басқа топтарда ауыса отырып түсіндіріп,талқылайды«Бағдаршам» әдісіоқушылардың қажеттіліктерін анықтауТопқа бөлу: «Қызыл, сары, жасыл»ІІІ-тапсырма Саралау тапсырмалары (жазылым)Қызылдар тобы «С» деңгей: «Сандар сөйлейді» Кестені толтырыңдарСарылар тобы «В» деңгей: Төменде берілген тірек және термин сөздердің анықтамасын сипаттаңдарЖасылдар тобы «А» деңгейБотайлықтардық кәсіптеріне сипаттама беріңдерТоптар бір-бірін қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетеді, бағалайды.Сергіту сәті «Аптаға байланысты қимыл-қозғалыстар»ІV.Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма: Мәтіннен ботайлықтарда мал шаруашылығы дамығанын көрсететін дәйектерді табыңыз. Ботайлықтарда мал шаруашылығының дамуын сипаттаңыз.

Кері байланыс:оқушыларды орындай алу деңгейіне байланысты «Күн және бұлттар» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын.

V. «Галереяны шарлау» «Ботайлықтардың кәсібі» тақырыбына шағын эссе (40 сөз) жазып, оны «галереяға» іліп,оқып,бір-бірімен ой бөліседі«Бас бармақ» арқылы бағалау


Мәтін(оқулық)













Кесте

















Кесте











Кесте

















Мәтін ҚБ ресурстары





Сабақтың соңы3 минут





















3 минут


«5-5-1» тәсілі Оқушылар сабақтың соңында тақырыпқа қатысты 5 сөйлем айтады, одан негізгі 5 сөзді, одан негізгі 1 сөзді айтады.

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: Екі жұлдыз, бір тілек»

- Сабақтан қандай әсер алдың?
  • Сабақта саған ұнаған екі нәрсені жаз.
  • Тақырып бойынша тағы не білгің келеді?


  • Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
    Саралауды сабаққа мақсат қою кезеңінде жоспарладым.Барлық,көпшілік және кейбір оқушылар істей алатын мақсаттарды саралап көрсеттім.Сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар дайындап саралау жүргіздім.Сабағыма белсенді әдістер мен сараптау тапсырмаларын жоспарладым..Сабақ барысында «Неліктен?», «Неге?» деген ойландыратын сұрақтар оқушылардың ойын дәлелдеуге, сыни ойлауға жетелеу үшін ұсынылды. Қабілетті оқушыларға күрделі,талдау,жинақтау,бағалауды талап ететін тапсырмалар беремін.Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында «Бағдаршам» тәсілін пайдаландым.»«Смайликтер» арқылы» (мұғалім тарапынан),«Бас бармақ әдісі» арқылы (топты бағалау) және критериалды бағалау түрлері жүзеге асады.Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»





    Сергіту сәті «Аптаға байланысты қимыл-қозғалыстар»1.Дүйсенбі-қол шапалақтау.2.Сейсенбі-аяқ тарсылдату.3.Сәрсенбі-отырып тұру.4.Бейсенбі-қолды белге қойып,оңға,солға бұрылу.5.Жұма-басты қозғалту.6.Сенбі-қолды уқалау.7.Жексенбі-орындарына отыру.




    Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

    Тақырып: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер

    Оқу мақсаты
















    5.4.1.1 Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау.


    Ойлау дағдыларының деңгейі


    Қолдану


    Бағалау критерийі


    Білім алушы  Қазақстан территориясындағы энолит дәуірінің шаруашылығын анықтау.



    Тапсырма Мәтіннен ботайлықтарда мал шаруашылығы дамығанын көрсететін дәйектерді табыңыз. Ботайлықтарда мал шаруашылығының дамуын сипаттаңыз.


    Энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті "Ботай мәдениеті" деп аталады. Бұл атау сол маңдағы Ботай қоныстарына байланысты қойылған. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізілді. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Өзен жағасында ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған. Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштарының көптеп табылуы ботайлықтардың аңшылықпен айналысқандығын көрсетеді. Жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашау, құс сүйегінен киім тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуіне қарағанда қолөнер де дамыған. Ғалымдарды табылған жылқы сүйектерінің көптігі таң қалдырды. Жұмысқа жануарлардың сүйегін зерттейтін остеолог-ғалымдар шақырылды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай жылқылары бұрыннан белгілі жылқылар түріне жатпайтын болып шықты. Ғалымдар бірауыздан Ботай жылқылары қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылып келген еді. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Ғалымдар Ботай қонысы Еуразия даласындағы мал шаруашылығы орталығы болған деген пікірге келді.
    Дескриптор Білім алушы


    - мәтіннен ботайлықтарда мал шаруашылығы дамығанын көрсететін дәйектерді атайды; - мал шаруашылығының дамуына сипаттама береді; - Евразия даласында алғашқы жылқыны ботайлықтар қолға үйреткенің атайды







    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ