400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ботай мәдениеті 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ботай мәдениеті жоғары сапада жасалған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:


Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

Қатысқандардың саны

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ботай мәдениеті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

2.3.1.1. көрнекі материалдар негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау;

Сабақтың мақсаты

Ежелгі Ботай қонысы туралы біледі; жылқыны қолға үйретудің маңыздылығын түсінеді;

Құндылықтар

Ұлттық мүдде: өз тарихын тану;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 минут














Сабақтың ортасы

20 минут








Сергіту сәті

2 минут









Сабақты қорыту

8мин







Кері байланыс

5 минут


Амандасады;

Сабаққа дайындығын тексереді;
«Біз қандаймыз?» әдісі бойынша ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып алу;

Балалар, бүгінгі сабақ ерекше болмақшы; Алдымен бір – бірімізбен танысып алайық:

  • Менің атым – Гүлмира Ермекқызы. Бір – бірімізбен танысу мақсатында қане, есіміміздің бас әрпінен басталатын жақсы бір қасиетті айтайық;

  • Мен өзімнен бастайын:

  • Гүлмира – гүлдей құлпыру;

  • Балалар, біз өткен тарихымызды, өзіміздің шыққан тегімізді зерттеуді бастадық;

  • Алдыңғы сабақта қандай тақырып өттік?

  • Кім айтады?

  • Сабағымыз қызықты өтуі үшін біз топтарға бөлініп алайық;

  • Тақтада не ілініп тұр?

  • «Жебе»

  • Жебе – ата – бабаларымыз Отанын қорғау үшін, азық табу үшін жебені қолдаданған. (жебені таңдап топқа бөлінеді)

  • Оқушыларды 4 топқа бөліп аламын:

1 – топ «Құлагер»

2 – топ «Тайбурыл»

3 – топ «Байшұбар»

4 – топ «Бозжорға»


  • Ал топ атаулары қазақ батырларының ең мықты сәйгүліктерінің есімімен алыну себебі, біз бүгін осы арғымақтардың қолға үйретілуі туралы жаңа ақпарат аламыз;

  • Алдымен өткен тақырыпты қортындылап алайық!

  • Дайынбыз ба?


«Найзағай» әдісі

  1. Ежелгі адамдар аң аулау барысында қандай құралдарды қолданды? ( тастар мен ағаштар)

  2. Ірі аңдарды ұстау үшін не істеді? (терең ор қазды)

  3. Әйел адамдар қандай қызмет атқарды? (өсімдік тамырлары мен жемістерін жинады)

  4. Малды қолға үйрету адамдарға қандай пайда әкелді? (терісі мен жүнінен киім киді,ет сүт алды)

  5. Егін шаруашылығын үйрену арқылы адамдар қандай құралдарды ойлап тапты? (орақ, кетпен т.б.)

  6. Жерге түскен дәннің келесі жылы қайта өсіп шығатынын байқау арқылы қандай шаруашылық өркендеді? (егін шаруашылығы)

  7. Мақалды жалғастыр: Адамды адам еткен ?.... (еңбек)

  8. Адамдардар неліктен топтасып өмір сүрді? (ірі аңдарды аулауға, қорғану үшін)


Жарайсыңдар!


Балалар, ежелгі адамдардың егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын қалай дамытқанын көрдік;

Енді біз сәйгүліктердің яғни жылқылардың қалай үйретілгені туралы ақпараттарды алатын боламыз; Жаңа мәдениет түрімен танысамыз;


Сабақ мақсаты:

Ежелгі Ботай қонысы туралы біледі; жылқыны қолға үйретудің маңыздылығын түсінеді;



1 Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.


Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған.


2 Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды.Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады.


3 Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді.


4 Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан.Бота мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.

Видео көрсету:

https://youtu.be/nEcxU2CXveM?si=v6VLnm4oIEAy0fe1



1 – тапсырма (жұптық жұмыс)

Үлестірмелі материал

1 – топ

«Ер қанаты ат» деген мақалды қалай түсінесің?

Аттың қасиеттері мен пайдасы туралы жазады;

2 – топ

Ботайлықтардың салған үйлері туралы не айтасың?

3 – топ

Ботайлықтар жасаған тұрмыстық заттар мен құралдар;

4 – топ

Қазіргі замандағы жылқы мен бұрынғы заман жылқыларының айырмашылығы, адам өмірінде алар орны




2 – тапсырма (топтық жұмыс)

«Өзімнің қолыммен»

Балалар, Ботай тұрғындары қолданған заттарды өз қолымызбен жасап көрейік;

Бізге керегі ермексаз бен жүйрік ұшқыр қиялымыз;

Әр топ шағын көрме жасап өз бұйымдарын ұсынады;

1 – топ

«Ат әбзелдері»

2 – топ

«Тұрмыстық заттар»

3 – топ

«Жауыгерлер құралдары»

4 – топ

«Әшекей заттар»


Сергіту сәті

https://youtu.be/wrEQEWeNnrk?si=DJ_MSkJq9sVOFf_9


3 – тапсырма

«Үстел үсті асықтар» ойыны

Мақалдардың жалғасын тап


Жақсы бала қонаққа үйір,

Жақсы тай атқа үйір.


Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі.


Жақсы би жақынына тартпайды,

Жақсы айғыр жатырына шаппайды.


Жақсыда мін жоқ,

Жүйрікте сын жоқ.


Жақсыдан жаман туады,

Жүйріктен шабан туады.


Еңбегімен ер сыйлы,

Өнбегімен жер сыйлы.


Еңбегіне қарай — құрмет,

Жасына қарай — ізет.


Еңбегіне қарай өнбегі.


Еңбегіне қарай табысы,

Ерлігіне қарай дабысы.



Ер — елінде,

гүл — жерінде.

Өз елінде көртышқан да батыр.

Өз елінің иті де қадірлі.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

Елінен безген ер болмас,

Көлінен безген қаз болмас.

Сағынған елін аңсайды,

Сары ала қаз көлін аңсайды.


Жарайсыңдар!


4 – тапсырма

«Бала батыр» әдісі


  1. Ботай қонысы қай жылы табылды?(1980 ж)

  2. Жылқылар ең алғаш рет қай жерде үйретілді? (Ботай қонысында)

  3. Ботайлықтардың баспанасы қандай еді? (жайлы, берік үйлер)

  4. Жылқылардың Ботай қонысында қолға үйретілгені қалай дәлелденді? (қоныстан жылқының сүйектері, ауыздығы табылды)

  5. Ботай мәдениетін қандай археолог зерттеді? (Виктор Зайберт)

  6. В.Зайберт қандай мұражай ашты? («Ботай – Бурабай)

  7. Ботай мәдениеті —қай дәуірге жатады? (энолит)

  8. Ботайлықтар қай өңірді мекендеген тайпалар мәдениеті? (Солтүстік Қазақстан)

«Ноутбук» әдісі арқылы кері байланыс береді


Үйге: «Ежелгі мәдениеттер» туралы ақпарттар жинап келеді;




Амандасады



Сабаққа дайындығын тексереді






Мұғаліммен танысады














Топтарға бөлінеді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі