Бояулар әлемі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бояулар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кулжанова Зульфия Сагаддиновна

«№19 «Назерке»бөбекжайы» тәрбиешісі

Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы,Теңге кенті

Тақырыбы: «Тәжірбие – таным көзі»

«Тәжірбие – таным көзі»

Мақсаты:

- Балалардың табиғат құбылыстарына деген қызығушылығын арттыру.

- Тәжірбие жасап, қоршаған ортаға деген танымдық қабілеттерін дамыту.

- Әртүрлі ғылыми тәжірбиелер арқылы балалардың ойлау қабілеттерін және шығармашылықтарын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

- Балалар тәжірбиелер арқылы табиғат заңдылықтарын түсінеді.

- Жаңа білімді ойын түрінде қабылдайды.

- Тәжірбиелерді топ болып орындайды, бір-біріне көмектеседі.

Өткізу әдісі:

Іс-тәжірбие

Құралдар:  Пластмассалық стақандар, шыны стақандар, су, қант, бояғыш(краситель), күнбағыс майы, сүт, какао ұнтағы, шприц, көпіргіш дәрі (шипучий асперин), тарелкелер, қасықтар, пипетка, арнайы көпіргіш,түтікшелер, ас содасы, лимон қышқылы, мұз, тұз, тоқыма жібі.

Бөлімдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Кіріспе:

Балалар музыкамен кіреді.

Балалар біздің бөбекжайға көптеген апайлар қонаққа келіпті. Ендеше келген қонақтармен амандасып алайықшы.

Біздер Ақбөбек топ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Сәлеметсізбе апай деп

Ұл-қыз сәлем береміз

Салеметсіздерме апайлар!

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Жарайсыңдар балалар! Көңіл-күйіміз қалай?

-Керемет!

Балаларға жер макетін көрсету.

Бұл біз тұратын жер. Оның көп бөлігін судан тұрады екен. Бірақ бұл судың бәрі ішуге жарамды емес. Оның азғана бөлігін біз ішуге пайдаланамыз, ал қалған сулар ащы, лас сулар.

Сондықтанда суды үнемдеп пайдаланған жөн.

-Су бізге не үшін қажет?

-Су тамақ істеуге, ішуге, жуынуға, кір жууға, үй жинауға керек, өсімдіктердің, жан- жануарлардың, бәріне су керек.

-Ешқандай тірі зат сусыз өмір сүре алмайды.

Ия, балалар сусыз өмір, тіршілік жоқ. Дұрыс айтасыңдар.

Балалар! Сендер білесіңдерме судың сиқырлы қасиеттері бар: онымен ойнауға, түрлі іс – тәжірбиелер мен сиқырлар көрсетуге болады. Қазір нағыз ғалымдар сияқты түрлі тәжірбиелер (эксперименттер) жасаймыз, сондықтан сендерді зертханаға шақырамын.

Зертханаға бару.

Балалар зертханаға саяхатқа бару үшін осы секіртпеден секіріп өту керек.

Секіртпелер арқылы санап секіріп зертханаға барады.

Балалар біз зертханаға да келдік.

Зертхана дегеніміз-тәжірбие жасайтын орын. Зертханада зерттеушілер жұмыс жасайды. Сендер тәжірбие жасағанды ұнатасыңдарма?

-Ия

Біз зертханаға арналған арнайы киімдерімізді киіп алайық.

Олай болса балалар біз зерханаға кіру үшін арнайы төс белгі яғни бейджиктеріміз болу керек. Қазір сендер бейджик алу арқылы топтарға бөлінесіңдер. Алған бейджикте қандай сурет болса сол топқа барып тұрамыз.

Балалар 3 топқа бөлінеді.

Тамшылар.

Көбікшелер.

Мұздар.

Балалар біз тәжірбие жасағанда қандай қауіпсіздік ережелерді сақтауымыз керек?

Қандай ережелеріміз бар еді? Есімізге түсірейікші.

-Арнайы зертханаға арналған үстімізге халат,көзімізге көзілдірікті, басымызға бір реттік бас киімді киеміз,

-Үлкендердің рұқсатынсыз орнымыздан әрі- бері жүрмейміз, шуламаймыз. Жұмысты өз орнымызда жасауымыз керек.

-Ауызымызға, мұрынымызға, құлағымызға кез-келген затты апаруға, иіскеуге болмайды.

Балалар барлығымыз алдымызда тұрған суға назар аударайық. Қазір біз осы судың қасиеттеріне зерттеу жұмысын жасаймыз.

Тәжірбие жасау үшін бізге арнайы ыдыстар керек.

1-ші топтың тәжірбиесі

1."Су –түссіз,таза,мөлдір"
-Бізге бұл тәжірибиені жасау үшін: Шыны стақан, сүт, су және қасық керек.

-Бір стақанға сүт, екінші стақанға су құйамыз. Стақандарға қасық саламыз. Сүтке салынған қасық көрінбейді, ал суға салған қасық көрінеді. Демек су- таза, мөлдір, түссіз.
Стаканға таза су және сүт құйып салыстырады. Екі ыдысқа қасық салып, қайсысы көрінетінін, қайсысы көрінбейтінін бақылайды.
2. Балалар қалай ойлайсындар, судың иісі бар ма?

"Судың иісі жоқ"
-Бұл тәжірибиені жасау үшін бізге шыны стақандар, су, какао ұнтағын және араластыру үшін қасық керек.

Стақандағы суға какао ұнтағын салып, иісін иіскеп кореміз.
Таза судың иісі жоқ, бірақ оның ішіне басқа бір нәрсе қоссақ, ол сол нәрсенің иісін алады. Алдымыздағы су какао иісін алды.
Яғни:"Судың иісі жоқ"

3. Су сұйық зат. "Тұрақты пішіні болмайды"

Су құйылады. Су-бұл сұйықтық, ол ағады, оны құюға болады. Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады және пішіні болмайды. Бұл тәжірбиені жасау үшін бізге су,су құйатын ыдыстар керек. Суды тәрелкеге, стақанға құйып, судың пішінінің өзгеруін бақылауға болады.
Қорытынды: су – бұл сұйық нәрсе, оны құюға болады және тұрақты пішіні жоқ
.

-Жарайсыңдар, балалар! Біз суға тәжірбиелер жасадық. Енді біз осы суларды қатыстырып әр түрлі қызықты да көңілді зерттеулер жасаймыз.

Бірінші топ жаңбыр жасаймыз, екінші топ көңілді көпіршіктер, үшінші топ көбікше ішінен көбікше шығарамыз.

1 топ -тәжірибе:

Бұлт және жаңбыр:

Қараңдаршы балалар, бізге бұл тапсырманы орындау үшін не керек екен?

-Бізге керегі көк түсті тағам бояуы, пипетка, арнайы көпіргіш және суымен шыны стақан керек.

Көпіргіштен бұлт, ал көк түсті тағам бояуынан пипетка көмегімен жаңбыр тамшыларын жасаймыз.

Судың бетіне арнайы көпіргішті бұлт қылып шашамыз, ал алдын-ала езілген көк түсті бояуды пипеткаға сорып алып, бұлттың үстіне тамызып жаңбыр тамшыларын жасаймыз.

Қауіпсіздікті сақтайды.

Тамаша, жарайсыңдар!

-Не жасадыңдар?

Шешім: Көпіргіштен бұлт жасадық, көк түсті бояуды бұлтқа тамыздық, бұлттан бояу жаңбыр болып суға тамшылады, яғни су түсін өзгертті,

-жаңбыр жауды.

-Жаңбыр судан пайда болады.

Олай болса келесі топ тәжірибиесін қарайық

2 топ -тәжірибе:

Көңілді көпіршіктер:

Бұл тәжірибиені жасау үшін бізге күнбағыс майы,су, түрлі-түсті бояу және көпіргіш дәрі (шипучий асперин) керек.

Стақандағы суға бояғыш қосып араластырамыз. Үстінен күнбағыс майын құйамыз. Үстінен көпіргіш дәріні саламыз. Бізде көңілді көпіршіктер пайда болады.

Олай болса келесі топ тәжірибиесін қарайық

Жақсы, жарайсыңдар!

  • Сендерге ұнады ма?

  • Ия, ұнады.

Балалар, енді келесі топтың тәжірибиесін қарайық:

3- топ тәжірибиесі

«Көбік ішіндегі көбік»

Бұл тәжірибие үшін бізге ыдыс жуатын сұйықтық, су, қант және түтікше керек.

Стол үстінде тұрған ыдысқа су, қант және ыдыс жуатын сұйықтық құйып араластырамыз. Сол араласқан көбіктен алып стол үстіне аздап жағамыз. Түтікшені үру арқылы көбікше жасаймыз. Содан соң сол көбікше ішінен тағыда көбікше жасаймыз. ішіндегі көбіршікті жасаймыз. Осылай көбікше ішінен көбікшелер пайда болады.

Шешім:Көбіршіктерге ауа қысымы барғанда үлкен көпіршіктер пайда болады.

Сергіту сәті: Оркестр: «Су терапиясы»

- Балалар, бүгін біз көптеген қызықты әр түрлі тәжірбиелерді жасадық. Енді барлығымыз бірге топпен тағыда тәжірбие жасасақ қалай қарайсыңдар?

Келесі тәжірбие :«Жанартау қалай атқылайды?»

Құралдар:

- жанартау бейнесі, ас содасы,лимон қышқылы, бояу,жылы су, ыдыс жуатын сұйықтық, қасық және пипетка керек

Тәжірибие барысы:

Жанартау бейнесіне су,лимон қышқылын,бояғыш пипеткамен, ыдыс жуатын сұйықтық құйып араластырамыз.Үстінен қасықпен ас содасын саламыз. Сонда бізде жанартау пайда болады Балалар атқылап жатқан лаваның қалай ағып жатқанын көреді.

Балалар сендерге тәжірбиелер ұнап жатырма?

Мұздан моншақ жасай аласыздарма?

Біз қазір сендермен осы тәжірбиені жасаймыз.

Ол үшін бізге мұздар, су,жіп және тұз керек.

Тәжірбие барысы:

Алдымен ыдысымызға мұзымызды салып аламыз. Үстінесу құйып, жіпті суға батырып аламызда мұз үстіне қоямыз. Жіптің үстінен тұз себеміз. Аз уақыт күтіп жіпті көтереміз. Сонда бізде мұздан моншақтар пайда болады.

Жарайсыңдар балалар!

Енді біздер топқа оралатын уақыт та болыпты. Секіртпелер арқылы кері санау арқылы топқа барамыз.

Қорытындылау:


Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі зертханадағы зерттеу жұмыстары сендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар!

Балалар су туралы мақал-мәтелдерді «Калейдоскоп» кітабы арқылы айтады.

Балалар сендер нағыз зерттеуші болдыңдар. Енді мен сендерге «Жас зерттеуші» деген осындай кітапша беремін.

Келген қонақтармен қоштасайық






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі