400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бояулар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, бейнелеу материалымен ойын ойнауға ынталандыру, ата-аналарға қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ч увакбаева Айжан Юрьевна

«№19 «Назерке» бөбекжайы»

Бейнелеу пән жетекшісі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге кенті.


Бояулар әлемі


Тақырыбы: "Бояулар әлемі"
Мақсаты: Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, бейнелеу материалымен ойын ойнауға ынталандыру, ата-аналарға қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Қылқалам, бояу, губка, трафарет, орамал, су құйғыш құрал.
Сөздік жұмыс: Гүл, бетперде, трафарет.


Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме, достарым!
Ән - күй ойнап тұрады, ата-аналар қарындаштың суреті бар бетпердені киіп бояулар патшалығына қонаққа барады.

Бояу ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме қарындаштар! Келгендеріңе қуаныштымын. Менің патшалығым өте үлкен оның тұрғындары сурет салады. Сендер сурет салуды ұнатасыңдар ма?
- Қараңдаршы, бояу ханшайымының көйлегі өте әдемі.
Бояу ханшайымы: Иә сендер мұқият қараңдаршы, менің көйлегімде бояудың әртүрлі түстері бар. Сендер түстерді ажырата аласыңдар ма? Олай болса айтып берейікші қандай түстер бар екен.
- Мынау ненің суреті?
- Кемпірқосақ бірнеше бояу түстерінен тұрады. Қандай?
- Қазір біз екі бояуды араластырып үшінші түс шығарып көрсетеміз.


Ақ + көк = көгілдір
Сары + қызыл = қызғылт сары
Сары + көк = жасыл.
Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар.
- Бояу ханшайымы қарындаштар сізге сыйлыққа гүлдің суретін салып бермекші.
- Гүлдің суретін салып береміз бе?
- Гүлдің не екенін білеміз бе? Иә, гүлдер өте әдемі болады және оның түрлері көптеген
- Гүлді біздер трафареттің көмегімен саламыз.

Сергіту сәті.
Қызыл, жасыл, қарамыз,
Қолға кезек аламыз.
Қарындашпен әртүрлі,
Алуан сурет саламыз,
Қарындаштың көмегі,
Міне қандай көп еді.
Ұстай біл де, ұстай біл,
Түрлі өрнек салу біл.
Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар, қарындаштар сендер қандай ертегі білесіңдер? Біздің патшалығымыздағы тұрғындар ертегі кейіпкерлерді бейнелейді, қараңдаршы. Ой, мына суретті қиып тастаған кім?
- Бояу ханшайымы мұңаймаңыз қарындаштар сізге көмектеседі. Көмектесеміз бе?
- Олай болса қазір біздер ертегі кейіпкерлерін құрастырамыз.

Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін құрастыр»
Бояу ханшайымы: Қандай тамаша, әдемі суреттер! Рахмет.
Бояу ханшайымы сіздерде рахмет. Біздердің кететін уақытымыз болды. Сау болыңыз!

Рефлексивті коррекциялаушы
(Ата-аналар бетпердесін шешіп топқа оралады.)
- Ата-аналар сендерге саяхат ұнады ма?
- Біздер қайда қонаққа бардық?
- Бояу ханшайымының көйлегінен қандай түстер көрдік?
- Бояу ханшайымына ненің суретін салып бердік?
- Жарайсыңдар, ата-аналар белсенді қатысқандарыңа рахмет.


Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Бояу түстерін ажырата білуі.
Болуы керек: Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы
Баланың қолынан келуі: Қылқаламмен ұқыпты, таза жұмыс жасай білуі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
41
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі